КЕҢЕС
Шағын газеттерде мақала шығар алдында редакциялауға жауап беретiн бiр
ғана адам болады. Мұндай жағдайда бұл адамның екi iстi жүргiзгенi пайдалы.
Мысалы редактор жəәне оқырман. Бiрiншi оқырман ретiнде мəәтiндi өзгертпестен
мақаланы жай оқып шығу. Мақала қызық па? Түсiнiктi тiлмен жазылған ба?
Оқып шыққаннан кейiн: Мақаланың жетiспейтiнi бар ма? Осы сұрақтарға
жауап алғанда мақаланы түзеуге кiрiсiңiз.
Осыған қарамастан əәр елде iстейтiн редакторлардың қоятын түбiрлi сұрақтары
бар. Бұл сұрақтар шағын немесе iрi газетте iстегендiгiне байланысты емес:
• Ақпарат дұрыс берiлген бе? Сай келетiн дəәлелдермен бекiтiлген бе?
• Мақала анық па? Мен оны түсiнемiн бе?
• Мақала маңызды ма, жоқ əәлде бос жердi толтырып тұр ма?
• Оқиға толық суреттелген бе? Ақпаратта ақаулар бар ма?
• Осы мақала үшiн жала жабу дау-дамайы тууы мүмкiн бе?
• Мақала шыншыл ма? Адам дар арасындағы қатынастың алтын ережесi
сақталған ба (өзiңе қалай қарағанды қалар етсең, солай басқаларға да
қара)?
• Мақала тiл мен стильге байланысты газет стандартына жауап бередi ме?
Журналистикада ақпараттың дұрыс берiлуi негiзгi болып саналады. Журналистiк
мамандықтың ең үлкен құпиясының бiрi, ол — редактор кейде журналист
шынын айтып тұр ма, жоқ па соны түсiнбейдi. Шебер автор жалған, бiрақ
шындыққа ұқсайтын деректердi қолдана отырып, ақпарат дұрыс берiлген деген
əәсер туғыза алады. Көздерге сүйене отырып, цитаттар мен сандарды қолданып,
бұл сандарды редактордың қайта тексеруiне уақытының жəәне жағдайының
85
жоқтығын пайдалануы да мүмкiн. Ақырында репортерге сенуге болады ма,
болмайды ма деген сұраққа тiрелемiз.
17
# # #
17
Бұл мəәселе 2003 жылдың мамыр айында көрнектi түрде көрсетiлдi. «Нью-Йорк Таймс»
газетiнiң айтуына қарағанда, осы газеттiң репортерi көп жыл iшiнде жаңалықтарды ойдан
шығарып, плагиатты қолданған.
86
Түйiндеме
• Жаңалыққа бейiмделген газет редакторлары жаңалық мақалаларының
стилi мен мазмұнына үлкен ықпал етедi.
• Редакторға тапсыру алдында мақала авторлары өздерiнiң мақаласын
мұқият тексерiп шығулары қажет.
• Жақсы бас редактор бүкiл оқиғаның жарық көруiне жауап бередi.
Редакция жұмысының iшкi iстер ережесiн орындауын, қызметкерлердi
жұмысқа алу, жұмыстан шығару үшiн де жауапты. Бар бөлiмдердiң
басшыларының жұмыстарын бақылау, болашақ жұмыстарды жоспарлау
жəәне журналистерге тапсырма беру — бас редактордың жұмысы.
• Жаңалық мақалаларының құнын бағалаудағы негiздер: маңыздылық,
өзектiлiк немесе аудиторияға жақындылығы, дер кезiндiлiк жəәне
оқырман үшiн қызықты болуы.
• Маңызды оқиғалардың “iзiмен” мақала жасау — бұқаралық ақпарат
құралдарының негiзгi қызметi.
• Журналистiк тергеу жүргiзу, “iшкi” тақырыпты қосқанда алдын-ала
жоспарлау мен мұқият зерттеудi талап етедi.
• Ең жақсы тергеу жұмысын жүргiзетiн журналист, айырықша қабiлетi мен
тəәжiрибесi бар журналист болып келедi.
• Егер деректер “теориямен” үйлеспей жатса, ондай мақаланы тiптi
жазбаған жөн.
• Демократиясы дамып келе жатқан елдерде жала жабу дау-дамайынан
жəәне ар мен абыройды қорлаудан бiрден-бiр қорғаныш —шындық.
• Редакторлардың мақаланың дəәлдiгiн тексерiп жатуға уақыты жоқ.
Сондықтан газет өзiнiң журналистерiне сенуi қажет.
# # #
87
Сұрақтар мен жаттығулар
1) Төмендегi келтiрiлген мақалалардың қайсысын сiздiң ойыңызша газеттiң
бiрiншi бетiне орналастыруға болады:
• Жергiлiктi жасөспiрiмдердiң iшiнде шылым шегетiндердiң саны өсуiн
дəәлелдейтiн зерттеу нəәтижелерi__
• Мемлекетте бiрiншi рет атипиялы өкпе қабыну ауруы бас алғандығы
жайында__
• «Мерседес-Бенц»-тiң қаладағы бiрiншi салонының ашылуы __
• Келесi жылы жолдарды жөндеуге қаражат бөлiнбейтiндiгiн көрсететiн
қалалық бюджетiнiң жобасын талдау__
• “Тұрмыстық зорлық-зомбылықты болғызбау” науқанын бастау жайында
əәйелдердiң мемлекеттiк емес ұйымының пресс-конференциясы __
• Ғарыш кемелерi үшiн бөлшектер жасайтын зауытты жауып тастау __
• Азаматтық ала алмайтын баспанасыз оралман жайындағы очерк __
• Телевизияда темекi өнiмдерiн жарнамалауға тыйым салу __
• Газетiңiзге қарсы берiлген абырой мен арды қорғайтын сот дауы__
• Бəәсекелес газетке берiлген абырой мен арды қорғайтын сот дауы __
• Парламентте қабылданған БАҚ туралы жаңа заңды кiнəәлайтын түсiнiк __
• Парламентте қабылданған БАҚ туралы жаңа заңды қабылдайтын түсiнiк
__
Материалдардың кейбiреулерi бiрiншi бетте орналасуға тұрмайтынын қалай
шешкенiңiздi түсiндiрiңiз:
88
2) Бас редактор төмендегi берiлген мақалалардың бiрде-бiреуiн пайдаланудан
бас тартты. ƏӘр мақала үшiн жеке белгiлеу жасаңыз: редактордың бұл шешiмi
жаңалық маңыздылығына негiзделген бе, əәлде ол цензураны ұстанды ма?
A) Нөмiрдi басылымға беруге аз уақыт қалған кезде репортерлердiң бiрi
дұрыс ақпаратты беретiн ақпарат көзiнен мынадай мəәлiмет алды:
Президент үшiншi мерзiмге сайлануға құқық беретiн түзетулердi
Конституцияға енгiздi. Журналист бұл ақпаратты басқа ақпарат
көздерiмен бекiте алмады, бiрақ “бұл ақпарат көзi бұрын ешқашан
қателеспедi” дедi.
Маңыздылық
___
Цензура
___
B) Белгiсiз адам мас болып, үстiндегi киiмiн шешiп, Республика алаңымен
қыдырып жүрген адамдарға жаман сөз айтқаны үшiн қамауға алынды.
Маңыздылық
___
Цензура
___
C) Жақын арада президент отбасы мүшесiнiң сауда кешенi ашылды. Бұл
мақаланы жазған журналист кешендi “қаладағы ең жақсы сауда кешенi”
деп суреттедi.
Маңыздылық
___
Цензура
___
D) ƏӘдептi тəәртiптi қолдайтынын мақтаныш көрген парламенттiң
оппозициялық депутаты плагиатты қолданып, өз кiтабының үлкен
бөлiгiн басқа автордан ұрлап алғандығы ашылды. Басқа авторлардан
арыз алғаннан кейiн баспашы таратылымды басқызбады.
Маңыздылық
___
Цензура
___
3) Төмендегi материалды редакциялаңыз:
Парламентте бiрнеше заңдар қабылданды, олар мемлекет өнеркəәсiбiне
шетел инвестицияларын жеңiлдетедi. Бiрақ депутаттар шеттен
əәкелiнген тауар бағаларын төмендететiн кедендiк баждар жайында
келiсiмге келе алмады.
89
Инвестициялық заңдарға президент осы аптаның iшiнде қол қоюы
ықтимал. Сонымен қатар депутаттардың кеден баждары жайында
келiсiмге келмеулерi президент көңiлiн қалдырды.
Бұл мəәселенi назарсыз қалдырмаймыз, деп айтты президент көмекшiсiнiң
бiрi.
Бақылаушыларды
таң
қалдырған
жайт
парламенттiң
шетел
инвестициялары туралы заңды оңай қабылдауы. Бұл мəәселенi қарастыру
сəәтiнде депутаттардың көбi мейрамдардан кейiн қалаға əәлi де оралмады,
оппозиция өкiлiнiң бiрi сайлауды кейiнге қалдыруды ұсынды, себебi оның
ойынша мұндай маңызды мəәселе парламенттiң барлық мүшелерiмен
қарастырылуы қажет.
Сайлау алдында оппозиция басшысы, бұл заңдарды парламент арқылы
өткiзуге тырысатын президенттi қолдаушылардың айласы. Алайда
кеден баждарын кейiнге қалдыруда жетiстiкке жеттi.
Қаласаңыз, енгiзген өзгертулердi түсiндiрiңiз:
90
Қорытынды
Кездейсоқ оқырман да бұл нұсқаудағы суреттелген журналистика қарапайым
түсiнушiлiк пен жұмыстың жаңа тəәсiлдерiнен көптi талап ететiн журналистика
екендiгiн байқай алады. Аяғында, бұл нұсқаудан барынша қайтарым алу үшiн
журналист мамандығы өкiлдерiнiң жəәне билiктiң рухани ортасын өзгерту қажет.
Журналистер ескi əәдеттерден бас тартуға дайын болу ғана емес; өкiмет те
ақпарат бақылауын əәлсiздендiруi қажет. Журналистерге кеңселерiнен шығып,
ақпаратты iздеуге барсын деп айту жеткiлiксiз. Журналистердiң кеңселерiнен
шықпай мақалаларды жазуына себептерi бар. Бұл қауiпсiз. Демократиясы
дамыған мемлекеттерде жалпыға берiлетiн ақпаратты алғысы келетiн
журналист жабық есiктердi қағу арқылы кемсiтушiлiктi сезiп жəәне бұл ақпаратты
жасырған жағдайда журналистер өз кеңселерiнде отыруды артық көредi. Басқа
жағынан өкiмет өкiлдерi баспасөздi жалқау, бiлiмсiз, əәуесқой жəәне мейiрiмсiздi
ниеттелген деп табатындықтан, онымен жұмыс iстеудi қаламайтынын айыптау
дұрыс емес.
Бұл үкiмет баспасөздi басқанда ал баспасөз өз жауапсыздығын көрсеткен сайын
тарыла түсетiн тұйықталған шеңбердi бұзу əәдiсiн тауып алу қажет. Баспасөз
өзгертулердi өзi бастай алады. Оның үкiметке былай айтуына болады:
Бiздi жақсы ақпараттандырсаңыз бұл ақпаратты жақсы қолданамыз.
Нəәтижесiнде бiз де, сiз де ұтамыз. Бiрақ ең бастысы — бiз де, сiз де
қызмет ететiн қоғам жəәне бiз де, сiз де қалайтын демократия ұтады.
Автор мен Журналистерге арналған халықаралық орталық бұл нұсқау жоғары
аталған үдерiске көмектеседi деген үмiтте.
# # #
Достарыңызбен бөлісу: |