Жармұхамет Қ. А



Pdf көрінісі
Дата14.09.2022
өлшемі117,3 Kb.
#39110
Байланысты:
Мақала



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жармұхамет Қ.А. 
 
С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғарғы колледжі 
Ғылыми жетекші : Окасова Е.Е. 
 
МАҚАЛА ТАҚЫРЫБЫ 
 
Тарихи және мәдени дәстүрлердің сақталуы Қазақстанның жарқын 
болашағының кепілі 


“Тарихи және мәдени дәстүрлердің сақталуы Қазақстанның жарқын 
болашағының кепілі” ‒ осы сүбелі сөздің мағынасын мен сіздерге осы 
мақалада ашып беруді жөн санадым. 
Болашаққа нық, әрі сенімді қадам басу үшін, қателіктерін қайталамас 
үшін, осыған дейінгі болған оқиғалардың неге әкеліп соқтыратындығын 
болжау үшін адам баласы, халық өзінің өткенін білуі тиіс. Қазақ халқы 
даналықты серік еткен, еркіндікпен дархандықты негіз еткен ұлы халық. Әр 
дәстүр, әдет ғұрыптарының өзіндік мәні бар. Қадір-қасиетті, өр намысты биік 
санаған ел. 
Осыны түсінген мемлекетіміз осыған дейін біршама іс-шаралар өткізген. 
Мысалға алатын болсақ, “Тарихи мұра баға жетпес қазына” деген атаумен 
Мәжіліс қабырғасында еліміздің тарихы мен мәдени мұрасын қорғау туралы 
заң жобасы таныстырылды. Маңызды құжатта өзекті мәселелер қамтылды. 
Мәжіліс кезінде тарихи мәдени нысандарды қорғау және де пайдалану 
туралы заң жобасы таныстырылды. Бұл құжатта мәдени мұраларды анықтау, 
есепке алу және де оларға мониторинг жүргізу жолдары қарастырылған. 
Сондай-ақ жолдауда халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу тетіктері де 
көрсетілген болатын. Мәдени мұра нысандары бірнеше санат бойынша 
бөлінеді, бұл құжатқа сәйкес біріншіден, ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік 
мәдени тарихи тізімі. Екіншіден, ол республикалық маңызы бар объектілер. 
Үшіншіден, тиісті өңір үшін маңызы бар нысандар. Ал әрбір нысанның қай 
санатқа жатқызылатынын арнайы құрылатын комиссия мүшелері анықтайтын 
болады. Осы заң жобасында археологиялық ғылыми реставрациялық 
жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау туралы бапта 
қарастырылған. Ал тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау мақсатында табиғи 
ландшафт аймағы белгіленетін болады. Жаңа заң жобасына сәйкес бұл 
нысандардың орнын ауыстыруға немесе өзгертуге қатал тыйым салынған. 
Егер археологтар құндылығы бар көмбе тапса, ол міндетті түрде мемлекет 
меншігіне өткізілетін болады. Ал дәл қазір осы заң жобасының ең маңызды 
тетіктері жайлы баяндау үшін Мәжіліс депутаты Анар Нұралықызыныңда 
жауабын айта кетейін: 
‒ Өздеріңізге белгілі, біз осы алтыншы шақырым парламентінің 
төртінші сессиясын ашқан кезде елбасымыз өзекті заң жобаларының 
қатарында осы заң жобасын атап өткен болатын. Әрине бұл рухани жаңғыру 
біздің басты бағдарламамызға байланысты соның аясында болып жатқан заң 
жобасы депте қарастыруға болады. Бұл заңның басты ерекшелігі өздеріңізге 
белгілі 1992 жылғы осы саладағы қоғамдық қарым-қатынастар осы күнге дейін 
1992 жылғы заңмен реттеліп келді. Осыншама уақыт өткен кезде әрине бұл 
саладағы қоғамдық қарым-қатынастарда өзгерді. Сондықтан бізге қазір жұмыс 
істейтін өзекті мәселелерді зерттейтін заң қажет болып тұр. Біріншіден, бұл 
заң жобасының ең басты ерекшелігі біздің мемлекеттік органдар орталық 
органдарды жәнеде жергілікті органдарды өздерінің жаңағы арнайы құқықтық 
құзіреті белгіленетін болады. Екіншіден, сол объектілер сокралды объектілер 
дейміз. Тарихи мұра объектілері бір адамныңда қолында болуы мүмкін. Себебі 
оның ата бабаларының мұрасына байланысты. Мүмкін ол соның тікелей сол 


адамның қазіргі мұрагері болуы мүмкін. Ондай адамдарға егер ол жақсы 
күтетін болса, сол мәдени мұраны ол кісінің меншігінде 50 жылға дейін 
қолданылады. Ал дұрыс күтпеген жағдайда, мемлекет оның орнына төлем 
бере отырып, оны өзіне алуы мүмкін. Осындай меншік құқығына байланысты 
көптеген жаңа нормалар орын алуда. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық 
кодексінеде арнайы айыппұлдар енгізіледі. 
Мемлекеттік органдар құзіретіне келетін болсақ, осы тарихи мұра 
объектілеріне вандализм оны өз еркімен орнын көшіру. Өйткені бұл 
объектілерге археологиялық объектілері. Сондай-ақ қандай да бір бұрын 
тарихи мұра болып есептелген елді мекендер немесе қала орындары әртүрлі 
жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан да егерде соларға байланысты қандай да 
бір вандализм актілері және оны жою актілері болған кезде оған арнайы осы 
заң жобасында әкімшілік кодексте құқық бұзушылық ретінде танып, 
айыппұлдар енгізетін боламыз. Ол айыппұлдардың мөлшері 50-ден 250 айлық 
көрсеткішіне дейін айыппұл салынуы мүмкін. 
Бұған дейінде бұл нормалар болды. Алайда біз бұның барлығын ретке 
келтіріп жатырмыз. Әрбір актіге өзінің арнайы айыппұлы болады. Яғни бұрын 
ол жалпылама болатын болса, қазір әрбір фактіге сәйкес көрсетілетін болады. 
Ендігі кезекте еліміздегі қандай ескерткіштер ЮНЕСКО тізіміне кіргені 
жайлы айтып берейін. Қазақстанда ұлттық құндылық саналатын 25 мыңнан 
астам тарихи және мәдени ескерткіш бар, оның үшеуі ЮНЕСКО 
қорғауындағы мұралар тізіміне кіреді. Елімізде осы тізімге ең бірінші 
енгізілген табиғи нысан Сарыарқа, жалпы ауданы 460 мың гектар құрайтын 
Қорғалжың және Наурызм қорықтарынан тұрады. Сарыарқа төсінде ұзын 
аққан өзендер айнадай жарқыраған мөп-мөлдір көлдер жетерлік. Әлемнің әр 
қиырынан дұл өлкеге қоқиқаз, бұйра бірқазан, ақтырна, торғақ, ор құйрықты 
субүркіт, ақбас үйрек сияқты жыл құстары ұшып келеді. Түркістандағы Қожа 
Ахмет Ясауи кесенесі 2003 ж. ЮНЕСКО тізімінен ойып тұрып орын алды. 
Ортағасырлық сәулетті өнердің көрнекті ескерткіші әйгілі жиһангез Әмір 
Темірдің бұйрығымен салынған. Ғимарат оңтүстік-шығыстан солтүстік-
батысқа қарай созылып жатыр, ені 46,5 метр, ұзындығы 65 метр. 
Сонымен құрметті оқырман, осы мақалада мен тарихи және мәдени 
мұраның қадір қасиеті, мемлекеттің көзқарасы, мемлекеттің атынан 
атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айта кеттім. Әрбір елдің әлемдік деңгейде 
және әлем елдеріне деген маңызы болған абзал. Бұл маңыздылық әрине, 
тарихи және мәдени мұрада. Бұл шаралар әлемге тарихта таныстырылады. 
Үлкен құпияларады, маңызды деректерді ашады. Ал бұл өз деңгейінде сол 
мемлекеттің тыныштығына, ұзақ ғұмыр жасауына көптен көп себепші болады. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
https://youtu.be/I0AHMDnFFVk
 
https://youtu.be/wkVvKaJQoOo
 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет