Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін – өсу деп атайды.
Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.
Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрісінің кеңеюін айтады. Организмнің дамуы 2 түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.

Физикалық даму барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі аумағы, салмағы.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.