Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасы



бет3/3
Дата10.02.2023
өлшемі0,9 Mb.
#66743
1   2   3
Байланысты:
лек 1

Қозу физиологиясы

  • Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады:
  • физиологиялық тыныштық
  • физиологиялық белсенділік.

Физиологиялық тыныштық деп адам көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек- қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді.

Тітіркену

  • Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін тітіркендіргіштер деп атайды.

Классификациясы

  • Тітіркендіргіштерді 4 бөледі:
  • физикалық
  • химиялық
  • физико-химиялық
  • биологиялық

Физикалық тітіркендіргіштер

  • түрлі механикалық және электрлік әсерлер (соққы, шаншу, қысым, температура).

Химиялық тітіркендіргіштер

  • тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілті тәрізді заттардың әсері

Физико-химиялық тітіркендіргіштер

Биологиялық тітіркендіргіштер

Тапсырма

  • Мектеп гигиенасын оқуда қандай әдістер қолданылады?
  • Балалардың денсаулығына сыртқы ортаның әсері.
  • Балалардың дамуына әсер ететін негізі ішкі факторлар.
  • Клетканың құрылысы мен қызметі.
  • Ұлпалардың түрлері мен атқаратын қызметі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет