Остеон Тығыз заттар
Борпылдақ заттар
Қызыл кемік
Сүйек клеткаларына қоректік заттар әкелетін қан тамырлары
Кеміктің ортаңғы бөлігі
Борпылдақ заттар
Сүйектің басы
Буындардың 3 түрі бар: қозғалатын, қозғалмайтын, жартылай қозғалмалы.
Қаңқаның құрылысы
Адам қаңқасы:
бас,
тұлға,
аяқ-қол сүйектерінен тұрады.
Аяқ-қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбасбелдеулері.
І. Бас қаңқасы
Бас қаңқасы – ми сауытынан және бет сүйектерінен тұрады.
Ми сауыты – маңдай, жұптасқан төбе, шүйде, екі самай, негізгі және сына тәрізді сүйектерінен тұрады. Ми сауыты сүйектері бір-бірімен жіктесе байланысқан.
Бет сүйектері – жоғарғы және төменгі жақ сүйектері, бет, таңдай сүйектері, кеңсірік, мұрын сүйегі, көз қуысы сүйектерінен тұрады.
Төбе
Шүйде
Бет сүйегі
Самай
Маңдай
Сына тәрізді сүйек
Торлы сүйек
Мұрын
Көз торы
Жоғарғы жақ
Төменгі жақ
ІІ. Тұлға сүйектері
Тұлға сүйектері - омыртқа жотасы мен көкірек қуысы сүйектерінен (12 жұп қабырға, төс сүйегі) тұрады.
Төс
Қабырғалар
Омыртқа жотасы
2-3 айда баланың мойны бекігеннен кейін мойынлордозы (лат. алға иілу), 6 айдан кейін отыра бастағанда арқа және сегізкөз кифозы (лат. артқа иілу), 1 жасқа жақындап, жүре бастағанда бел лордозы пайда болады.
4-5 жастан бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасында 2 лордозы (мойын, бел) және 2 кифозы (арқа, сегізкөз) түзіледі.
ІІІ. Аяқ-қол сүйектері
Аяқ – қол сүйектері – адам денесінің екі белдеуін құрайды: иық және жамбас белдеулері.
Бұғана
Жауырын
Бұлшықеттер
Бұлшық еттердің екі түрі бар: көлденең жолақты және бірыңғай салалы бұлшық ет. Қаңқа бұлшық еттері көлденең жолақты бұлшық ет. Бұлшық еттердің сүйекке бекитін сіңір бастары, денесі болады.
Бұлшық еттердің пішіні әртүрлі болып, өзінің атқаратын қызметіне байланысты қалыптасады.
Қозғалтатын буындардың санына байланысты бір буынды, қос буынды, көп буынды деп бөлуге болады.
Орналасуына қарай бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ еттеріне жіктеледі.
Қызметіне қарай бүгілдіргіш, жазылдырғыш, айналдырғыш т.б. болып бөлінеді. Жалпы, адам денесінде 327 жұп және 2 сыңар бұлшық ет бар.
Бұлшықеттің құрылысы
Сүйек
Сіңірлі басы
Бұлшықет қабы
Фасция
Бұлшықет талшығы
Қантамырлар
Бұлшықет талшығының шоғыры
Бұлшықеттің жіңішке талшығы