№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
39
Орамжапырақ қоңыр көбелегі
(
Barathra brassіcae
) – түн көбелектер
тұқымдасына жататын орамжапырақ (сондай-ақ темекі, күнбағыс, қызылша, т.б.)
зиянкесі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 50 мм, алдыңғы екі қанаты қоңырқай сұр
түсті, бүршік тəрізді
екі ақ дағы бар, артқылары – ашық түсті. Жұлдызқұртының
ұзындығы 50 мм, түсі сұр жасыл, жасыл не қоңырқай. Жұлдызқұрты көпқоректі,
көбінесе орамжапырақты зақымдайды.
Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, орталық жəне оңтүстік-шығысында
көп таралған. Орамжапырақ қоңыр көбелегі қуыршақ түрінде
топырақ арасында
қыстайды. Республиканың оңтүстік жəне оңүстік-шығысында, жылына екі рет ұрпақ
бере алатын жерлерде, көбелектері мамыр айында ұша бастайды.
Қазақстанның солтүстігінде ол жылына бір рет қана ұрпақ береді, көбелектері
шілде айының басында шығады.
Көбелектер ымырт кезінде жəне түнде ұшады. Жұмыртқаларын 40-60-тан
топтап орамжапырақ жапырақтарының астыңғы жағына салады. Жұлдызқұрттары 6-
15 күннен кейін пайда болып, жапырақтардың төменгі жұмсақ жақтарын жеп,
өсімдік бойына тарап кетеді.
Ересек жұлдызқұрттары қауданның
ішкі қабаттарына еніп, жол салады жəне
оларды өздерінің нəжісімен ластайды. Мұндай қаудан шіріп, жағымсыз иіс
шығарады жəне жеуге жарамсыз болады. Күресу шаралары:
агротехникалық
шаралар, биологиялық жəне химиялық препараттарды қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: