№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
37
Орамжапырақ гүлінің диаграммасы
Орамжапырақ
, қатпаршақкөк (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына
жататын бір, екі жəне көп жылдық өсімдік туысы. Орамжапырақ туысына шалқам,
тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады.
Еуразия жəне Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында
кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі.
Орамжапырақтың дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру жəне
сұрыптау нəтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Орамжапырақтың бірнеше
сорттары бар. Олардың ішінде түсті жəне Пекин орамжапырақтарынан басқалары
түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер.
Орамжапырақ бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп,
тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы əр
түрлі. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырақшасы 4, күлтесі 4,
аталығы 6, оның төртеуі ұзын, екеуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан
тұрады. Жемісі – бұршаққын немесе бұршаққынша.
Орамжапырақтың: қауданды орамжапырақ, савойя орамжапырақ, брюссельдік
орамжапырақ,
жапырақты
орамжапырақ,
қытай
орамжапырағы,
Пекин
орамжапырағы, түсті орамжапырақ, т.б. түрлері бар.
Барлығына ортақ сипат – орамжапырақтар жарық сүйгіш жəне суыққа төзімді.
Өсуіне қолайлы температура 15-18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа
дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты жəне брюссельдік орамжапырақтар,
ыстыққа төзімділері – жапырақты орамжапырақ жəне кольраби орамжапырағы.
Достарыңызбен бөлісу: