№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
40
Орамжапырақ ақ көбелегі
(
Pіerіs brassіcae
) – орамжапырақтың жəне
орамжапырақ тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады.
Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55-60 мм,
қанатының
үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының
жоғарғы бұрышында орақ тəріздес қара жолақ жəне екі қара нүктесі бар. Жылына 2-
4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сəуір-мамырда көбелек шығады.
Жұмыртқаларын топтап (15-200) орамжапырақ
жапырағының астыңғы бетіне
салады. Орамжапырақ ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің
жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы
өсімдіктерінің жапырақтарына салады. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар
(ұзындығы 40-45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек
өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Зақымданған
өсімдіктің
өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды. Күресу шаралары: егіс даласын
өсімдік қалдықтарынан тазарту,
арамшөптерді құрту, биологиялық жəне химиялық
күрес шараларын қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: