№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
45
көрдім. Сан есептеу мен өлшеудің нəтижесін білдіретін ең негізгі математикалық
ұғым. Сан ұғымы көптеген математикалық теориялардың негізі болып саналады.
Сандар химия, физика,
механика, астрономия жəне көптеген ғылым салаларында
кеңінен қолданылады. Күнделікті өмірде де сандарды үнемі пайдаланамыз.
Күнделікті өмірімізде қолданылатын сандар шамамен бұдан 1500 жыл бұрын
Үндістанда пайда болған. Əуелі сандар сызықшамен белгіленген.
Кейін қалыптаса
келе қазіргі таңдағы біздер қолданып жүрген сандар пайда болды. Адам баласы
қазіргі біз түсінетін сандарды үйренуге талай ғасырларды бастан кешірген. Əуелі
олар табиғи сандарды (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9) меңгерсе,
нөлдің пайда болуынан
сандарға төңкеріс жасалған, сөйтіп сандарды игеруде жаңа жүйелерді өмірге əкелді.
Қазақта санау жүйесі болған. Олар бір-бірлеп те («Қуырмаш» ойынын еске
алсақ), екеулеп те (қосақ), үштеулеп те (адамның үшін беру, үшем) жетілеп те,
тоғыздап та, қырықтап та (зекет) санаған. Қазақтың ондығы – бір саусақ, екі саусақ,
жұдырық. Бұлар – қазақтың мəдениеті жоғары халық екендігінің дəлелі. «Ұлағатты
ұлттық ұғымдар» ең белсенді жəне кеңінен тараған тарихи тəлім өнеге. Үшінші
мыңжылдықты қарсы ала отырып «3» санының киелілігі мен үш
бастан тұратын
кертартпалықтарға ой жүгіртіп өтейікші.
Достарыңызбен бөлісу: