Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет50/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   154
Бес саны.
Бес парыз: құдайдың бірлігі мен Мұхамбеттің пайғамбарлық 
қасиетін мойындау, намаз оқу, ораза тұту, қайыр-садақа беру, қажылыққа бару. Бес 
намаз: таң намазы, бесін намазы, екінті намазы, ақшам намазы, құптан намазы. 
Абай атамыздың өлеңінде «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой, 
Бес асыл іс көнсеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ, Бес 
дұшпанды білсеңіз», - деп, бес саны жайлы айтып кеткен. 
Айналадағы болатын барлық құбылыстар мен өзгерістерді қадағалайды деп 
саналатын негізгі бес планета бар – Меркурий, Венера, Марс, Юпитер жəне Сатурн. 
Жер бетінде бес негізгі элемент бар – су, металл, от, ағаш жəне топырақ. Адамда бес 
негізгі сезім мүшесі бар. Бестік шарықтау шегіне жетудің белгісі. 
Бес саны күшті, белсенді де сабырлы жəне биіктен көрінер сан болып 
есептеледі. Сондықтан оны белеске теңейді. Жалпы, қытайларда ерекше көңіл мен 
сипатқа ие негізгі сан – бес саны. 
Алты саны.
Қазақта адамның күнделікті өмірде алты парызы бар. Біріншісі – 
адамдардың бір-біріне сəлем беруі, екіншісі – шақырса бару, үшіншісі – кеңес сұраса 
ақыл қосу, төртіншісі – кез келген адамның сұрағына жауап беру, бесіншісі – 
ауырып қалған адамның көңілін сұрау, алтыншысы – қайтыс болған адамның 
жақындарына көңіл айту. Ақыл, білім, жомарттық, əділдік, шыншылдық, кең пейіл – 
адамның алты асқары. Алты саны дүниенің жаралуын білдіреді. 
Алты алаш: қазақ, қарақалпақ, өзбек, түрікмен, қырғыз, жайылған (Төле би), 
ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз, қарақалпақ, қазақтың құрама рулары (М. Тынышбаев). 
Алты игілік: денсаулық, қазына, дос, əйел, білім, бала. Алты асқар: Ақыл, білім, 
жомарттық əділдік, шыншылдық, кеңпейіл. Пифагор алты санын ерекше сан деп 
білген, басқа сандардан өзгешелігі оның өзіне тəн ерекше қасиеті бар. Ол өзі 
бөлінетін сандардың қосындысы мен көбейтіндісінен тұрады. 6 саны 1-ге, 2-ге, 3-ке 
бөлінеді. Оларды қосып немесе көбейтсек, қайтадан алты саны шығады 
(1+2+3=1х2х3). Мұндай қасиет басқа ешбір санда қайталанбайды. Алты саны – 
жетістіктің, еркіндіктің белгісі. Сонымен бірге қытайлықтар үшін əсемдік пен 
үйлесімдік саны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет