№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
144
əртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір
тақырыбы – еңбек пен кəсіпке арналған.
Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау əркімнің қолынан
келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа,
батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға
дағдыландыруға мақал-
мəтелдердің маңызы зор.
Мақал-мəтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, əсіресе, 1 сан
есімі көп кездеседі. Мысалы:
Бір мылтықтың аузына,
Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық
мөлшерін білдіріп тұр, бірақ
мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге
жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді.
Мақал-мəтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады:
1. Мақал-мəтелдердегі киелі сандар.
2. Мақал-мəтелдердегі септік, тəуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан
есімдер.
3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-
мəтелдер.
Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары жəне соларға байланысты ырымдар жатады.
Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген. Бір жетіде жеті
күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі,
сейсенбі,
сəрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде əр күнге
арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сəрсенбінің сəтті
күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сəрсенбі күні
кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен
мөлшерлеп, «жетіге келгенше жерден таян жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген.
Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын
ерекше құрмет тұтқан. Аяғы ауыр əйел 9 ай, 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға
9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз
қабат торқа
кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған.
Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жəндіктер
мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып
отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, əрі қарайғы мүшелі 12
жылдың қосылуы арқылы болып отырған. Мүшелді – қатерлі жыл деп санаған. Өлең
жолдары, мақал-мəтелдер, жырлардан 12 санын ерекше қасиет тұтып
отырғандықтарын байқаймыз.
Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-
жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын
береді. Бұлар – ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дəстүрлер.
Мақал-мəтелдерде киелі сандар əртүрлі тұрғыда, көбінесе сан есімнің алты
түрінің бірі – есептік сан есім ретінде жиі кездеседі. Есептік сан есімдер неше, қанша
деген
сұрақтарға жауап беріп, заттың сандық мөлшерін білдіреді. Олар бірлік,
ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бірнеше жікке бөлінеді.
Есептік сан есімдерде -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жинақтық сан
есімдер жасалады. Мысалы: Айла – алтау, ақыл – жетеу. Адам баласы қанша жерден
айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл бөлдіртіп,
ақылды болуға шақырады. Бұның тəрбиелік мəнінің зор екендігі аңғарылады.
Бас екеу болмай,
Мал екеу болмайды.