Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Мұстафаның гитлершілермен ымыраға баруы мүмкін емес болатын



Pdf көрінісі
бет137/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Мұстафаның гитлершілермен ымыраға баруы мүмкін емес болатын. 
Легион жобасына Мұстафа Шоқайдың қалай қарағандығы туралы өз жазбаларында 
қандай да бір мағлұмат кездеспейді. Солай бола тұрса да, оның бұл жобаға жылы 
қарамағандығын, сондай-ақ одан тыс қалуға тырысқандығын айта аламыз. М. 
Шоқайдың бұл жобаға қатыспауының маңызды себептері болды. Олардың ең 
бастысы Шығыс халықтарын төменгі адамдар ретінде көрген нацистік идеология еді. 
Нацистер əсіресе Шоқай қаншама жыл бойы саяси құқықтарын қорғау жолында 
күрескен қазақ, қырғыз, өзбек жəне татар секілді халықтарды төмен санады. 
Бұл көзқарас нацистік биліктің ең жоғарысындағы Гитлерден бастап, нацистік 
партияның ең төменгі сатысындағы қарапайым мүшесіне дейін, нацистердің 
барлығының бойында кездесетін. Гитлер де осы көзқарасты қолдаған баяндамалар 
жасайтын. 1941 жылы 11 желтоқсан күні Рейхстагта сөйлеген сөзінде Гитлер 
соғыста большевиктер жеңген жағдайда Еуропаның бейбітшілігін моңғолдар мен 
татарлар белгілейтінін жəне мұның бүкіл Еуропаны үлкен бір апатқа 
ұрындыратынын атап өткен болатын. Гитлердің бұл сөзі нацистердің моңғолдар мен 
татарларды дос емес, дұшпан ретінде санайтындығын ашық түрде көрсетеді. 
Гитлерде Түркістан халықтарын қорлау шамадан тыс болатын. Оның пікірінше
Германия кеңес территориясына билігін жүргізер болса, Орта Азияның түркі 
халықтарымен ешқандай да қарым-қатынас жасалмайтын еді. Тек оларды неміс 
ықпалында ұстап отыру мақсатында жыл сайын бір топ қырғызды неміс астанасына 
саяхатқа алып келуге болатын еді. Бұдан басқа олармен ешқандай да бір байланыс 
орнатуға болмайтын еді. 
Ал, шындығында, Шоқай саяси қайраткер ретінде халқын төмен көретіндермен 
бірге істесіп, ынтымақтастық жасай алмас еді. Мұстафа Шоқай үшін халқының 
намысын қорғау барлық нəрседен жоғары тұратын. Мəселен, большевиктерге қарсы 
саяси салада талай жыл бірге күрес жүргізген Керенскиймен ат құйрығын кесісіп
жолдарын айыруына оның басқаруындағы «Дни» газетінде түркістандық əйелдерді 
орангутанға балаған бір мақаланың жариялануы себеп болған. Бұл теңеу Шоқай 
үшін адам төзбес қорлау еді. Ал нацистердің барлық Түркістан халқын қорлауы 
бұдан да бетер болатын. Бүкіл күресін Түркістан тəуелсіздігіне арнаған Шоқайдың 
мұндай қорлыққа көніп, Гитлердің нацистік партиясымен саяси салада қандай да бір 
байланысқа баруы мүмкін емес еді. 
Мұстафа Шоқайдың саяси күресінің басты мақсаты Түркістандағы кеңес 
билігінің орнына тəуелсіз ұлттық басқару жүйесін орнату болды. Сол себепті де ол 
кеңестер үшін режим қарсыласы болып танылды. Сондықтан да қызыл жүйе оның 
өмірі мен идеялары туралы мəлімет таратуға тыйым салды. Кеңес идеологиясының 
Мұстафа Шоқайды «халық жауы» етіп көрсетуінің басты себебі осында жатыр. М. 
Шоқайдың ұлы тұлға екендігін өзімен қатар жүрген мемлекет, қоғам қайраткерлері 
көзінің тірісінде-ақ мойындайды. Украина Халық Республикасының бұрынғы 
сыртқы істер министрі А. Шульгиннің ол қайтыс болғаннан кейін: «Егер Түркістан 
тəуелсіздік алып, Мұстафа Шоқай тірі болса, ол Джавахарлал Неру, Ататүрік сияқты 
қайраткер болар еді», – деуінде шындық жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет