Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Передача русских названий на казахский язык



Pdf көрінісі
бет129/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Передача русских названий на казахский язык. 
Русские названия 
географических 
объектов 
Казахстана 
на 
казахский 
язык 
полностью 
транслитерируются с соблюдением правил написания названий на русском языке. 
Русские собственные названия областей, районов, сельских округов, образованных 
от их центров (городов, поселков, сел) на казахский язык передаются с усечением 
аффиксов, показывающих род объектов: Булаевский район – Булаев ауданы, 
Мамлютский район – Мамлют ауданы, Успенский район – Успен ауданы, 
Федоровский район – Федоров ауданы. Географические названия, пишущийся на 
русском языке через дефис, на казахский язык передаются также через дефис: г. 
Форт-Шевченко – Форт-Шевченко қаласы, с. Басово-Водное – Басово-Водное 
селосы. 
Литература 
1 Справочник по топонимике. – Алматы: Алматы баспа үйі, 2006. 
2 Абдрахманов А. Топонимика и этимология. – Алматы, 1975. 
3 Мурзаев Э.М. Словарь народных географических терминов. – М., 1984. 
СЕРІКБАЕВА Ақтолқын, 
Ы. Алтынсарин атындағы №219 орта мектебінің 4 «Ə» сынып оқушысы, 
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ЖҰМАБАЕВА Ақерке Жетпісбайқызы, 
Ы. Алтынсарин атындағы №219 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МАҚАЛ-МƏТЕЛДЕРДЕГІ КИЕЛІ САНДАРДЫҢ МƏНІН АШУ 
Мақал-мəтелдерде қамтылмайтын сала жоқ. Онда халқымыздың əдет-ғұрпы, 
салт-дəстүрі туралы болашаққа үлгі-өнеге болатын, тəлім-тəрбие беретін, жол 
нұсқайтын сөздер айтылады. Ерлікке, отаншылдыққа, елін, жерін сүюге үндейді.
Уақыт озған сайын мақал-мəтелдерге өзгерістер де енгізіледі. Өмірге 
керексіздері бірте-бірте қолданылудан шығып, жаңадан толықтырулар туындап 
жатады. Ақын-жазушылардың мағынасы терең көркем сөздері, нақылдары, 
шешендік сөздер, жұмбақтар, өсиет сөздер жəне тағы басқалары мақал-мəтелдердің 
қорын көбейтіп отырады [1, 8]. 
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мақал мен мəтелге мынадай түсіндірме 
берілген: «Мақал – үлгі-өнеге ретінде айтылатын жалпы халықтық нақыл сөз; мақал 
деп қысқа, образды, ұйқасты, тұжырымды нақыл сөзді айтамыз» [2, 102]. «Мəтел – 
тұжырымды, бейнелі əрі ықшам нақыл сөз» [2, 168]. 
Қазақ халқының басқа халықтар сияқты алғашқы кəсібі – аңшылық болған. 
Аңшы болу үшін қырағылық, ептілік керек. Аңшылық – жастарды еңбекке, ерлікке, 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
144
əртүрлі ойын-сауықты, спорттық түрлерін үйренуге болады. Осыған байланысты бір 
тақырыбы – еңбек пен кəсіпке арналған. 
Ерлік те еңбектен басталады. Елін, жерін қорғау, ерлік жасау əркімнің қолынан 
келе бермейтін ауыр да, абыройлы іс. Жастарды өжеттікке, отаншылдыққа, 
батылдыққа, ұйымшыл болып, ауызбіршілікті сақтауға дағдыландыруға мақал-
мəтелдердің маңызы зор.
Мақал-мəтелдердің құрамында сан есімдер жиі қолданылады, əсіресе, 1 сан 
есімі көп кездеседі. Мысалы: 
Бір мылтықтың аузына, 
Мың кісі сияды, - деген мақалда бір сөзі есептік сан есім, заттың сандық 
мөлшерін білдіріп тұр, бірақ мылтық біреу болғанымен мың, яғни көп кісіге 
жарайтындығын, көптік қызмет атқаратындығын көрсетеді. 
Мақал-мəтелдердегі кейбір сан есімдерді төмендегіше топтастыруға болады: 
1. Мақал-мəтелдердегі киелі сандар. 
2. Мақал-мəтелдердегі септік, тəуелдік, жіктік жалғауларында тұрған сан 
есімдер. 
3. Сан есімдердің есептік, реттік, жинақтық түрлеріне негізделген мақал-
мəтелдер. 
Киелі сандарға 7, 9, 12, 40 сандары жəне соларға байланысты ырымдар жатады. 
Бұл сандар қазақ халқында қасиетті киелі сандар деп есептелінген. Бір жетіде жеті 
күн бар. Орта ғасыр химиктері мен археологтары 7 күнге дүйсенбі, сейсенбі
сəрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі деп ат берген. Бұл күндер ішінде əр күнге 
арнайы ырымдар бар. Мысалы, қазақ халқы барлық үлкен істерін сəрсенбінің сəтті 
күнінде бастайды. Алыс жолға (тағы да басқа шаруаларды істеуге) сəрсенбі күні 
кіріседі. Қайтыс болған адамның жетісін беріп, баланың ержетуін жаспен 
мөлшерлеп, «жетіге келгенше жерден таян жейсің», «жеті қабат жердің асты» деген. 
Арабтар арқылы ислам дінінің қазақ даласына енуіне байланысты 9 санын 
ерекше құрмет тұтқан. Аяғы ауыр əйел 9 ай, 9 күн көтереді. Тұрмысқа шыққан қызға 
9 түрден тұратын бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз етіп құдаларға «тоғыз қабат торқа 
кигізген», «тоғыз жолдың торабына» аса назар аударған.
Бір жылда 12 ай бар. Байырғы күнтізбе бойынша 12 жылға арнайы жəндіктер 
мен хайуанаттардың аты берілген. 12 жыл сайын жылдың атаулары қайталанып 
отырады. 13 жасқа келген бала бір мүшелге келеді де, əрі қарайғы мүшелі 12 
жылдың қосылуы арқылы болып отырған. Мүшелді – қатерлі жыл деп санаған. Өлең 
жолдары, мақал-мəтелдер, жырлардан 12 санын ерекше қасиет тұтып 
отырғандықтарын байқаймыз. 
Жаңа туған баланы қырқынан шығарады. Туған-туысқандарын, жора-
жолдастарын жинап, кішігірім той ретінде өткізеді. Қайтыс болған адамның қырқын 
береді. Бұлар – ертеден халық арасында кең сақталып келе жатқан дəстүрлер. 
Мақал-мəтелдерде киелі сандар əртүрлі тұрғыда, көбінесе сан есімнің алты 
түрінің бірі – есептік сан есім ретінде жиі кездеседі. Есептік сан есімдер неше, қанша 
деген сұрақтарға жауап беріп, заттың сандық мөлшерін білдіреді. Олар бірлік, 
ондық, жүздік, мыңдық сандар болып бірнеше жікке бөлінеді. 
Есептік сан есімдерде -ау, -еу жұрнақтарының жалғануы арқылы жинақтық сан 
есімдер жасалады. Мысалы: Айла – алтау, ақыл – жетеу. Адам баласы қанша жерден 
айлалы болса да, ақылды болудың басымдылық жасайтынына көңіл бөлдіртіп, 
ақылды болуға шақырады. Бұның тəрбиелік мəнінің зор екендігі аңғарылады.
Бас екеу болмай, 
Мал екеу болмайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет