Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет135/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   154
Əл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясының 9 «Г» сынып оқушысы, 
Алмалыбақ ауылы, Қарасай ауданы, Алматы облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: БУДАНОВА Гулжан, 
дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Əл-Фараби атындағы 
арнаулы гимназиясының «Тарих» пəнінің мұғалімі, Алмалыбақ ауылы, 
Қарасай ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚТАН ШЫҚҚАН ҰЛЫ САЯСАТКЕР МҰСТАФА ШОҚАЙ 
 
Мұстафа Шоқай 1890 жылы қаңтардың 7-сі күні Түркістан өлкесіне қарасты 
Сырдария округіндегі Наршоқы ауылында дүниеге келген. Тарихшылар Мұстафа 
Шоқайдың атасы Торғай Датқа Қуатбайұлы ел арасында атақты би болған 
деседі. Мұстафа Шоқай қазақ тарихында саяси қайраткер, түркі халықтарының 
біртұтас идеясының авторы жəне сол үшін күресуші ретінде аты қалды. Ол кеңес 
үкіметі кезінде халық жауы атанып, қуғынға ұшыраған, күні кеше ғана есімдері 
ақталып, халқына оралған Алаш қайраткерлерінің бірі. «Кеңес үкіметі тұсында 
Мұстафа Шоқай есімін атау қылмыспен пара-пар болды», - дейді М. Шоқай өмірін 
зерттеп, көркем фильм түсірген режиссер Сатыбалды Нарымбетов. 
Мұстафа Шоқай бейнесі ұзақ жылдар бойы тарих күлінің астында көміліп 
келді. Қазақ интеллигенциясын, қазақтың атпал азаматтарын зерттеу барысында 
байқағаным, М. Шоқай сол өткен ғасырдың 17-18-ші жылдары-ақ жаһанданудың 
келе жатқанын біліп, жасыл тудың астына бүткіл түркі тектес халықтарды жинағысы 
келген. Өкінішке қарай, ол Түркістан мемлекеті 62-ақ күн өмір сүрді де, ұлы арман 
іске аспай қалды. Шетелге эмиграцияға кетуге мəжбүр болды. Əйтсе де, ол күресті 
шетелде жүргенде де тоқтатқан жоқ. Парижде жүрген кезде ол «Яш Түркістан» 
журналын шығарды. 
Мұстафа Шоқай өмірін көп жылдардан бері зерттеп келе жатқан ғалым, 
Стамбулдағы Мимар Синан университетінің профессоры Əбдіуақап Қарадан 
қайраткердің көпшілік біле бермейтін тұлғалық ерекшеліктері жөнінде сұрап едік. 
Мен өзім зерттеулерде бейтарап болуға, М. Шоқайды жан-жақты көрсетуге 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
152
тырыстым. Дегенмен «бұл кісінің олқылықтары, кемшіліктері жоқ па» деп, өзім 
зерттеулер барысында бұл жағына да салмақ салып іздедім. Бірақ зерттеуші ретінде 
ондай мəліметтер таба алмадым. Бірақ ұлтымның перзенті ретінде М. Шоқайдан бір 
кемшілік те таба алмадым. Адамгершілік жағынан ешқандай кемшілік жоқ. Былайша 
айтқанда, М. Шоқай – түркі мұсылман халықтарының асыл қасиеттерін бойына 
сіңірген ұлы тұлға. Онымен қалай мақтансақ та болады. Ғалымның айтуынша, 
Мұстафа Шоқай бейнесін ХХІ ғасыр биігінен қарап отырып та əлі толығымен тани 
алған жоқпыз. 
Біз қазір М. Шоқайдың бейнесін ашып қана отырмыз. Өйткені, бұл туралы 
зерттеулер əлі толығымен зерттелген жоқ. Жəне де бұнымен аздаған адам 
айналысып келеді. Бұл кісі басқа Алаш қайраткерлеріне қарағанда көп жұмысты 
қажет етеді. Себебі, бұл кісі шетелге кеткен. Францияда болған. Деректер жан-жақта 
шашылып жатыр. Сонан кейін олардың көбісі əр тілде. Атап айтсақ, француз, 
ағылшын, неміс. Онан кейін «Яш Түркістанның» өзі бір бөлек. Оны өздері шағатай 
тілі дейді. Сондықтан бұларды зерттеу үшін аз емес, көп адам керек. Əсіресе, менің 
айтарым, «Яш Түркістанды» жақсы зерттеуіміз керек. «Яш Түркістанда» М. 
Шоқайдың тек таңдамалы мақалалары ғана аударылған. Қазақстанда М. Шоқай 
бейнесін көпшілікке экран арқылы танытуды мақсат тұтқан мамандар жоқ емес. 
2008 жылы «Мұстафа Шоқай» фильмінің премьерасы өтті. Режиссер Сатыбалды 
Нарымбетовтың айтуынша, фильмнің басты мақсаты – М. Шоқайды қоғамда 
қалыптасып қалған, жаттанды образынан аршып, ұлт мұратын көксеуші қайраткер 
ретінде таныту болыпты. Қағазға жазып елестету бір бар да, өндіріске əкеліп, соны 
түсіру процесі бір басқа. Көп ойлар қаражатқа байланысты іске аспай қалды. Бірақ, 
ең бастысы Мұстафа Шоқай бейнесін өзіміздің ұрпаққа таныстыру мақсаты 
орындалды деп айта аламыз. 
«Қазақфильм» киностудиясы жақында ғана 40 минуттық Алашорда туралы 
деректі фильмінің монтажын аяқтапты. Дегенмен Мұстафа Шоқайдың өмір дерегіне 
қатысты көп мəліметтер айтылмайды, себебі, М. Шоқайдың қайраткерлік бейнесі 
жеке деректі фильмді қажет етеді дейді фильмнің сценарисі, журналист Болат 
Мүрсəлім. Басында Мұстафа мен Əлиханды кезіктіріп, Қоқан автономиясы мен 
Алашорда Үкіметінің қарым-қатынасы жөнінде дүние жасау ойда болған. Деректі 
фильмнің бюджеті де, көлемі де көтермейді. Айналдырған 40 минуттың ішіне екі 
автономияның қызметін қатар сыйғызып, алып жүру мүмкін болмады. 
«Мұстафа Шоқай» фильмінің тұсау кесері 2008 жылы Қазақстанда өтті. 
Мұстафа Шоқайдың бейнесі көптеген ғалым, мамандардың айтуынша, ол туралы 
түсірілген фильмдерде анық ашылмаған. Ал Болат Мүрсəлімнің ойынша мұндай 
кемшілік тіпті тарихи зерттеулерде де кездеседі. Фильмдердегі басты кемшілік, 
сондай ақ, тарихшылардың еңбектеріндегі басты кемшілік – М. Шоқайдың 1917 
жылғы Қоқан автономиясын құру кезіндегі күресі мен кейінгі Еуропадағы 
эмиграциядағы күресі екеуінің айырмашылығын ашып бере алмайды. Мұны тек қана 
Мəмбет Қойгелдиевтың еңбектерінен ғана оқуға болады. Шоқай 1917 жылы құрғысы 
келген автономия ол Ресейдің құрамындағы автономия еді. Кейінгі тұтас Түркістан 
идеясы – кеңес үкіметі Түркістан халықтарына бостандық əпермейтініне көзі 
жеткеннен кейінгі тəуелсіздік жолындағы күрес еді. Бірінші күресте автономия 
деңгейіндегі бірлікті айтса, екінші жолғы күресте мүлде тəуелсіздік жолындағы 
күрес болды. Мұстафа Шоқай 1941 жылы желтоқсан айында Берлиндегі бір 
ауруханада 51 жасында, жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оған біреу у беріп, улап 
өлтірді деген де болжам бар. Кейбір тарихшылардың айтуынша, Мұстафа Шоқай 
сүзек дертінен көз жұмған. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
153
Бүгінде Мұстафа Шоқайдың мұраларын жинастыру, зерттеу жəне объективті 
баға беру бағытында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір еліміздегі жəне 
шет елдердегі бұрын қол жетпеген құжаттарды саралау, мəселенің ақ-қарасын ашу 
мүмкіндігі туды. 2010 жылы Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында Мұстафа 
Шоқай тұрған үйдің жанына оның ескерткіші орнатылды. Францияға жолы түскен əр 
қазақ Мұстафаның тұрған үйін өз көзімен көріп, қабырғалы саясаткердің тас 
мүсініне тағзым етуді өз борышы санайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет