Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет138/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   154
Əдебиеттер 
1 Шоқай М. Таңдамалы. 1-2 том. – Алматы: Қайнар, 1998-1999. 
2 Есмағалибетов К. Əлем таныған тұлға. – Алматы, 2008. 
3 Қыдырəлі Д. Мұстафа Шоқай. – Анкара, 2001.
4 Тарази Ə. Мұстафа Шоқай. – Алматы: Жазушы, 2008. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
155
Л.Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ЖƏНЕ 
«ЗЕРТТЕУШІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРҒАН «ҮЗДІК ЖАС ҚАЛАМГЕР» ШЫҒАРМАЛАР КОНКУРСЫНА 
ТҮСКЕН ЖҰМЫСТАР 
АНАРБАЙ Айгерім, 
С. Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 
2 сынып оқушысы, Көлқұдық ауылы, Отырар ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: АҚЖОЛ Күлзада, 
С. Мұқанов атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебінің 
мұғалімі, Көлқұдық ауылы, Отырар ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҰЛЫ ӨҢІРДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ПЕРЗЕНТІ 
 
 
Тартқанда жақсыларға қонағасы, 
Ерлерін мақтан қылар ел арасы. 
Қазақта Жəнібеков біреу ғана, 
Аталған өз елінің Өз-ағасы. 
Əселхан Қалыбекова 
Ұлы ғұлама ғалым жерлесіміз Əбу Насыр Əл-Фарабидің Отанында туып-өскен 
қазақтың біртуар ұлы Өзбекəлі Жəнібеков биыл 82 жасқа толғалы отыр. 
Аса көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, энциклопедист, ғалым. 
Қазақстанда музей құру ісінің талантты ұйымдастырушысы Өзбекəлі Жəнібеков 
1931 жылы 28 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданындағы Маяқұм 
ауылында дүниеге келген. Қарапайым отбасында өскен. Əкесі Жəнібек, шешесі 
Қаныша жер шұқып, егін шаруашылығымен айналысады. 
Өзбекəлі туылғаннан кейін көп ұзамай əкесі қайтыс болады. Жетімдік пен 
жоқшылықтың азабын көп тартады. Ол Қазақ педагогика институтын бітіргеннен 
кейін, 1952 жылдан бастап Келес ауданында мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болып 
істеді. 1955-1962 жылдары Келес аудандық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші 
хатшысы, одан кейін 1962-1970 жылдары Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің 
бірінші хатшысы. 1970-1975 жылдары Торғай облыстық партия комитетінің 
хатшысы, 1975-1977 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
156
меңгерушісі, 1977-1987 жылдары Мəдениет министірінің орынбасары, 1984-1987 
жылдары Алматы облыстық атқару комитеті төрағасы орынбасары, 1987-1988 
жылдары Республиканың Мəдениет министрі, 1988-1991 жылдары Қазақстан 
Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы қызметтерінде болды. 
Энциклопедист, этнограф, ғалым Ө. Жəнібеков қазақ тарихы мен мəдениеті 
жөнінде «Уақыт керуені», «Уақыт көз қарашығында», «Қазақ қол өнерінің 
мəдениеті», «Қазақ киімі», «Жолайрықта», «Тағдыр тағылымы», «Ежелгі Отырар»
атты монографиялық дүниелер жариялаған. Ол мемлекет жəне қоғам, ғылым мен 
мəдениет алдындағы сіңірген еңбегіне орай бірнеше дүркін Жоғары Кеңестің 
депутаттығына сайланып, үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген 
медальдармен марапатталды. 
Ө. Жəнібеков қазақ халқының ұлттық мəдениетінің, ана тілінің дəстүрі мен 
əдет-ғұрпының жаңарып, дамуына үлес қосты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің 
қалпына келтірілуіне ұйытқы болды. Ө. Жəнібековтің бастамасымен Қазақстанның 
тарихы жəне мəдени ескертіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген 
«Арқас» қоғамы құрылды. Сонымен қатар «Шертер», «Адырна», «Алтынай» т.б. 
фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды. «Наурыз» мейрамының, Ахмет 
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, 
Шəкəрім Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене атсалысты. Ана 
тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты. 
Ғылыми ізденістері қазақ халқының рухани жəне заттық мəдениетіне арналды. 
Өзбекəлі атаның еңбек жолымен таныса отырып, «Тағдыр тағылымы» атты 
кітабындағы өзі жайлы жазған ойлары маған қатты əсер еткен тұстарына тоқталып 
өтсем. Өз атаның өзі жайлы айтқандары: «Несін жасырайын, бəлкім, ата-анадан ерте 
айырылып, бала жастан тұрмыстың тауқыметін тартып, адамдардың зұлымдығын, 
арақатынастағы екі жүзділікті көргендіктен бе, əйтеуір езу тартып, жымия 
бермейтінім рас. Бірақ ашу-ыза керней қалған сəтте райдан тез қайтатыным бар. Кек 
сақтамаймын. Кейде түнеріп, төмен қарап келе жатып, кездесе кеткен таныстарды 
байқамай өтіп кете беретін сəттерім де болады. Тіпті өзімді етене түсінетіндер 
болмаса, қызметтестерімнің көпшілігіне табиғаттан қатал, анау-мынауға иіле 
қоймайтын, қарауындағылардан ұқыптылықты, жауапкершілікті талап ететіндей 
көрінетіндігігімді де сезінетінмін. 
Мансапқорлық, тəкəппарлық, менмендік, өзін басқалардан жоғары сақтау 
менде болған емес. «Аяз би, əліңді біл, құмырсқа, жолыңды біл» дегендей, мəңгі-
бақи алды-артыма қарайлап өмір кештім. Оны менімен қызметтес болғандар жақсы 
біледі. Қызмет басты болып, үй ішіне де жақын көңіл бөле алмаппын. Тағдырдың 
маған мəңгілік адал жар, балаларыма асыл ана болсын деп қазақтың мұнтаздай таза, 
қарапайым қызы Халиқанды кездестіргеніме дəн ризамын. Оның аналық 
қамқорлығымен үлкен ұлым Ниетжан, қызым Жұлдыз, кіші ұлым Бауыржан оң-
солын дұрыс танитын азаматтар болып өсті. Келіндерім, күйеу балам, немерелерім 
де жаман емес. 
Даңқойлыққа, бақталастыққа жейіркенішпен қараймын, қолынан түк 
келмейтініне қарамастан, ұқсап бағатын, басшыға жағынып, алдында құрдай 
жорғалайтын мансапқор, ертең оның бағы тайса, дереу сырт беріп шыға келетін 
жексұрындар бізде жеткілікті. 
Бұрынғылар, жыл өткен сайын жүзі таныстардың қатары сиреп барады. Өзім ес 
білгелі көз алдымнан талай талай тағдырлар өтті». 
Белгілі қоғам жəне мемлекет қайраткері, қазақтың бір туар азаматы Ө. 
Жəнібековтың туған халқының игілігі үшін кезінде қыруар мол жұмыстар атқарған 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
157
өнерін, əдет-ғұрпын, салт-санасын, жалпы этнографиялық жетістіктерінің өшкенін 
жандарып, өлгенін тірілтудегі, əдебиетіміздегі сұрқия саясаттың салдарынан 
«ақтаңдарға» ілігіп, аттары ұмытылуға айналған алыптар тобын халқымен қайта 
қауыштырып, табыстырудағы Ө. Жəнібекұлының тындырған өлшеусіз мол 
тірліктерін айтып тауысу мүмкін емес. Мақтаныш ететініміз: отырарлық еді, оны 
орайы келген жерлерде өзі де мақтана айтып жүруші еді. 
Міне, осындай абыройлы, алып тұлғалы азамат бүгін ортамызда жоқ. Өмір бар 
жерде өлім бар екендігін, керуен көшке ілескен адамның түбінде мəңгілік мекеніне 
барып, ұйқыға кететіндігін мойындай тұрсақ та, Өзбекəлі атаны өлімге 
қимағандығымыз айна қатесі жоқ ақиқат, шындық. 
Əркімге топырақ əр жерден бұйырады. Өзбекəлі Жəнібекұлына да өзінің 
өмірден өтер алдындағы өтініші бойынша туған жері – киелі Арыстанбаб кесенесі 
жанынан орын тиді. Ерді ел туады, елі ардақтайды. Олай болса, Өзбекəлі атаға да ел 
құрметі ерекше. 
Отырардай киелі өңірде дүниеге келіп, артына ұлан ғайыр өшпес із қалдырған 
көрнекті тарихшы, этногроф ғалым, мемлекет жəне қоғам қайраткері, сол Өзбекəлі 
Жəнібеков ағамыз биыл 82 жасқа толып отыр. 
Осы орайда, академик Рахманқұл Бердібайдың: «...Халқының рухани есеюіне, 
мəдени мұраны қайта жандандыруға елеулі еңбек сіңірген Өзбекəлі Жəнібеков туған 
жұртының алдындағы парызын адал атқарған жан. Оның бүгінгі жəне келешек ұрпақ 
алдында жүзі жарқын. Ол өзі əз тұтқан: «Жұртыма құрбан болсам деп, атына тұрман 
болсам деп», - түн ұйқысын төрт бөлген, ел жүгін қара нардай қайыспай көтерген 
тұлға еді», - деген пікірі еске түседі. 
Десе дегендей-ақ, бүгін асыл азаматымен қайта қауышып отырған 
отырарлықтар Өзбекəлі атаның 80 жасқа толуына орайда аудан орталығындағы 
саябақта ескерткіш орнатты. Ал келешекте Өзбекəлі Жəнібеков атындағы лицей-
интернаты алдына Өзбекəлі атаның алып ескерткішін орнатуды ойластыруда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет