№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
31
(термин – М. Бұлұтайдікі) санның ерекше кəріне ұшырап қалмаудан қорқудың
архетиптік «ұжымдық сана» көрінісін танытатын ситуациялық эпизод. 9 бен 41 саны
математикалық фольклорға негізделген «тоғыз құмалақ» пен «құмалақ ашу» діни
рəсімін дүниеге əкеліп, адамдардың 41 құмалақтың түсуіне орай өз тағдырын
болжатуы күні бүгінге дейін жалғасып келеді, ал, оның түп төркінінде бағзы түркілік
санаға сиыну дəстүрі жатқанын онша елей бермейміз.
Адам өмірі үшін сөз қандай орын алса, сан да одан бірде-бір кем түспейтін
орын алады. Тап осы сипат фольклорда өзіне тəн функциясын көзге көрсетіп те,
көрсетпей де атқарып келеді. Санның ұлт өміріндегі орнын тек діни наным-сенімдегі
логикалық ойлаумен шектеп қою асылық. Адамзат уақыт пен кеңістікті рухани
игеруін 3 санымен байланыстырып: кеше – бүгін – ертең уақыт өлшемімен немесе
жоғарғы əлем – ортаңғы əлем – төменгі əлем кеңістік өлшем бірлігімен пайымдау
арқылы жүзеге асырған. Осы бір сандық (3,5,7 т.т.) ұғымдардағы көшпелі (агро)
мəдениетке, өркениетке сай ұлттық идеология функциясы математикалық аспектіде
тоғыстырылып, əр қазақтың санасына, жадысына сөзбен емес, санмен,
сандық
кодпен, сандық формула – символмен мəңгіге «ұжымдық санасыздықпен» сіңірілген.
Сөз оның сыртқы қабаты болса, сандық магия, яғни сан киесі оның ішкі қасиеті. Күн
райын болжау, балаға, атқа сын айту да, ықтималдық теориясы үнемі есепке алынып
отыруының өзі этнос тіршілігінде математикалық фольклордың, сөз өнерінен əсте
кем түспейтін рөл атқаратынын үнемі еске салып отырады. Мысалы, құмалақ ашуға
сенуден шыққан этно тіресімдер «тышқан боққа да қарайды», «болар бала боғынан»
т.т. тегінен тегін шыққан тіркесімдер емес.
Сөз бен санда өзара байланыстағы ерек магиялық қасиет барлығына сену –
олардың архетиптік сана-сезім қалыптастыруда бағзы қазақ үшін қандай болғанын
күні бүгінгі сөз қолданысымыздан беймарал аңғарамыз. Мысалға, «Қырықтың бірі –
Қыдыр», «Ер кезегі үшке дейін», «Ноқталы басқа – бір өлім», «Жұт жеті ағайынды»
т.б. Қазақ қоғамындағы қазан төңкерісіне дейінгі үш əлеуметтік топқа жіктелуі: төре,
қожа, қара қазақ – үш жүз – сол магиялық сананың мемлекеттікті, этносты
қалыптастырудағы көрінісі. Қазақ фольклорын математика ұғымынсыз түсінем деу
мүлде мүмкін емес.
Фольклордың танымдық, тəрбиелік функциялары – математикалық фольклорда
бірінші кезекте тұрады. Оны Қ. Нұрсұлтанов, Е. Сағындықов т.б. «қара есеп» деген
терминмен атап жүр. «Қара есепті» ауызша қара сөз үлгісімен таралуына,
айтылуына, авторсыздығына орай қазақ халық прозасының ерекше түрі
реті деп
атауға немесе балалар фольклорына қатысты практикалық (амаляттық) –
математикалық білім беру мақсатында ересектер тарапынан туындаған
педагогикалық жанрға жатқызуға келетін сияқты. Қазақтың қара есептері миф
сияқты фольклор жинаушылардың тарапынан дер кезінде жиналмай, көпке дейін
ескерусіз келді. Оның себебін болгар ғалымдары фольклор жинаушылардың
математикалық сауатсыздығынан деп таниды.
Еліміз егемендік алғанан кейін математикалық
фольклорға қатысты зерттеу
мақалалар белді басылымдарда ара-кідік бой көрсетіп, халықтың қара есептері
бастауыш сыныпқа арнап математикадан оқулық жазған авторлар тарапынан
арифметикалық төрт амалға орай орынды пайдаланылып, шəкірттерге
этнопедагогикалық тəлім-тəрбие беруде игі іс атқарып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: