Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


жеңілі үшіншісінде, теңеспессе, табағы көтерілген жағындағы сақина жеңілі



Pdf көрінісі
бет36/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   154
жеңілі үшіншісінде, теңеспессе, табағы көтерілген жағындағы сақина жеңілі. 
Бұл есептің халық арасында мына түрлері тараған: 
1) 7 теңгенің біреуі жеңіл. Табақты таразыға екі өлшеу арқылы жеңілін қалай 
анықтауға болады? 
2) 8 теңгенің біреуі жеңіл. Өлшеу арқылы жеңілін қалай табуға болады? 
3) 10 теңгенің біреуі жеңіл. Үш өлшеу арқылы қалай табуға болады? 
4. «Əр түліктен нешеден?» 
Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген əкесі 
бір күні: 
- Енді жеті жылда түйеміз екі есе, жылқымыз үш, сиырымыз төрт, қойымыз бес 
есе көбейсе, онда бəрін қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады 
екен, - дейді. 
- Ол кезде біздің үйдегі жылқының, түйенің, сиырдың, қойдың əрқайсысы 
қаншадан болады? - деп баласы əкесіне қарайды. 
«Оны білу қиын емес. Шешуін өзің тап», - деп əкесі баласын ойландырып 
тастады. Көп өтпей-ақ, бала өз сұрағының жауабын айтады. 
Бұл үйдің түйесінің, жылқысының, сиырының, қойының саны қанша? 
Жауабы: Бұл үйде бір түйе, бір сиыр, бір жылқы, бір қой болған. Жеті 
жылдан кейін екі түйе, үш жылқы, бес қой болады. 
5. «Салт аттылар». 
Айдала. Көзге түртсе көрінбейтін айсыз түн. Суыт 
жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жылт 
еткен сəуле сөніп-өшті. Үй иесі бұрын көре ме, əлде салт аттылыр бұрын көре ме? 
Жауабы: Ешқайсысы көрмейді, себебі «сөніп-өшті» деген сөзге мəн берсек, 
сəуле сөнгеннен кейін жанған жоқ, өшіп қалды. 
Қорытынды. 
Осы ғылыми жобамды жазу барысында қазақтың байырғы қара 
есептерінің қыр-сырымен таныстым. 
Менің негізгі мақсатым – сабақтар көлеміндегі тақырыпты игерумен қатар кең 
ауқымды есептерді шешуді зерттеу. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегім пəнге деген 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
33
қызығылушылығымды арттырып, оқулықтарды пайдалана отырып, ізденуімнің 
арқасында өзімнің білімімді толықтырдым. Тұрмыстағы математика есептері – 
халық өмірінің, əдеп-ғұрыптарының, салт-дəстүрлерінің ежелгі көрінісі. 
Қорыта келгенде, менің жүргізілген зерттеулерім математика ғылымының 
түпсіз терең, құпиясы мол əлем екенін дəлелдей түседі. Дана халқымыз өзінің бай, 
тағылымға толы мұрасы арқылы ұрпағына адамдыққа толы тəрбие бере білген. Оны 
ежелден келе жатқан көне есептерден көріп отырмыз. Бұл тақырып əлі де толығырақ 
зерттеулерді қажет етеді деп ойлаймын. Қазіргі заман математика ғылымының өте 
кең, жан-жақты тараған кезеңі. Ал талапқа сай математикалық білімімді көтеру үшін 
оқушылардың əрқайсысының үлкен ізденісте жүруі шарт, яғни ғылыми жобамды 
басқа оқушылар керегіне қолданады деп ойлаймын. Қазіргі таңдағы қоғамның 
дамуының негізгі факторы – білім, ғылым жəне демографиялық, саяси тұрақтылық. 
Олай болса, дəуір қанша құбылғанымен, біздің жас болашағымыздың жақсы болуы 
білім-ілімсіз жүзеге асуы мүмкін емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет