Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет63/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   154
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі. 
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар дауыс 
қатысына жəне жасалуына қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар: 
үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң жəне үнді дауыссыз дыбыстары
айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың жəне діріл дауыссыз дыбыстары; жасалу орнына 
қарай: ерін жəне тіл дауыссыз дыбыстары. 
1. Қатаң дауыссыздар. Тек салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстарды қатаң 
дауыссыздар деп атаймыз. Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш. 
2. Ұяң дауыссыздар. Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз 
дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі салдыры 
басым болады. Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з. 
3. Үнді дауыссыздар. Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан 
гөрі үн басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз. Үнді дауыссыздар 
жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге бөлінеді: ауыз жолды: й, л, р, у; мұрын 
жолды: м, н, ң. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
61
4. Ерін дауыссыздары. Сөйлеу мүшелері: қос еріннің түрліше қызмет атқаруы 
нəтижесінде жасалған дауыссыз дыбыстарды ерін дауыссыздары деп атаймыз. Ерін 
дауыссыздарына мыналар жатады: б, м, п, у. 
5. Тіл дауыссыздары. Сөйлеу мүшесі болып табылатын тілдің түрліше қызметі 
арқылы пайда болатын дауыссыз дыбыстарды тіл дауыссыздары деп атаймыз. Тіл 
дауыссыздары тілдің қатысына қарай үшке бөлінеді: тіл алды: д, ж, з, й, л, н, р, с, т, 
ш; тіл ортасы: г, к; тіл арты: ғ, қ, ң. 
6. Шұғыл дауыссыздар. Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында толық 
тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбыстарды шұғыл (тоғысыңқы) 
дауыссыздар деп атаймыз. Шұғыл дауыссыздарға мыналар жатады: б, г, ғ, д, к, қ, м, 
н, ң, п, т. 
7. Ызың дауыссыздар. Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында саңылау 
өткелі арқылы өтуінен пайда болатын дауыссыз дыбыстарды ызың (жуысыңқы) 
дауыссыздар деп атаймыз. Ызың дауыссыздарға мыналар жатады: ж, з, й, л, с, у, ш. 
8. Діріл дауыссыз. Фонациялық ауа тербелімінің ауыз қуысында дыбыстау 
үзілісі мен тосқауылға ұшырауынан пайда болатын дауыссыз дыбысты діріл 
дауыссыз деп атаймыз. Ол р дыбысы болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет