Қорытынды. Ұрпағымен мың жасайды. Мəңгі ұмытпау, жас ұрпақтың
есінде мəңгі сақтау үшін облысымызда университетке, кешен, көшелерге баба есімі
берілген, менің ауылымдағы бір көше баба есімімен аталады.
Қорыта келе айтарым, сəулетші Бек Ибраев ағамыздың тамаша туындысы бұл
күнде біз үшін ғана емес (себебі мен кесенеден 18 шақырым жердегі Төребай би
ауылында тұрамын), бүкіл түркі халықтарының тағзым етер орны болғанын мақтан
етемін.
Қорқыт десе қобыз, қобыз десе Қорқыт көңілге қонақтап, өнеге-өсиеттерінен
тəлім-тəрбие алып, баба аңсаған мəігілік өмірді жалғастыра береміз дегім келеді.
Ұсыныс: Қорқыт ата туралы аңыздар толығырақ зерттелсе; Қорқыт ата
кесенесі жанынан кітапхана ашылса; оқушылар арасында Қорқыт күйлерінен
байқаулар ұйымдастырылса.
Əдебиеттер 1 Қоңыратбаев Ə. Қорқыт ата кітабы.
2 Сыр елі. Қызылорда облысының энциклопедиясы. – 321-325 б.
3 Тарихи тұлғалар. – 26-268 б.
4 «Сыр бойы» газеті. – 20 маусым. – 2000.
5 Сыр елінің мəдени мұралары. – 35-38 б.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013 ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________ 96
ЖАҚСҰҒҰЛОВА Бану Ерлікқызы, №28 орта мектебінің 10 «А» сынып оқушысы, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы Жетекшісі: ЕСЕНАЛИЕВА Жанар, №28 орта мектебі «Технология» пəнінің мұғалімі, Ақжар ауылы, Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы