Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет90/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Қорытынды
Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан. Ол əрбір 
ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтті. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген 
этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық өркениеттің, 
жаңа сəннің өрісімен, сол сияқты қазақша киім ұлттық киімнің пішімінде немесе 
тігісінде əр қилы өзгерістер пайда бола бастағанын аңғаруға болады. Алайда, ұлттық 
киім – көненің көзі, бізге жеткен материалдық мəдениеттің жетістігі. 
Ұлттық киімдерді зерттеу проблемасы өте күрделі болғандықтан, алдағы 
уақытта əлі де зерттелмеген үлгілер бар. Оларды əрі қарай зерттей түсу керек. 
Ұлттық көйлекті зерттеп білудің бірден-бір тиімді жолы жазба деректер болғанымен, 
оларда қазақша киімнің дəл өзі жайлы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да 
қазақша киімді егжей-тегжейіне дейін жете білетін ұрпақ оны киген жəне түсіне 
білген ата-бабаларымыздан ұлттық киім нұсқаларын жинай беруді ел аузындағы 
мəліметтерді жазып алумен қатар жүргізе берсе деймін. 
Қорыта айтқанда, қазақ қызының көйлегі күнделікті өмірде көбірек 
қолданылуға көңіл бөлінсе, «Технология» жəне басқа пəндермен сабақтастық 
жүргізе отырып, ұлттық көйлекті жетілдірсе деймін. Қазіргі заманғы дизайнер аға-
əпкелеріміз ұлттық киімді дамыта түссе деген тілегім бар. 
Бүгінгі ұрпақты патриоттық сезімде тəрбиелегіміз келсе, сұлулыққа, өнерге, 
шығармашылықпен еңбек етуге баулығымыз келсе, ұлттық құндылықтарымызды 
дəріптеп, бүгінгі уақыт талабымен байланыстырып білім алуымыз керек деп 
ойлаймын. 
Қазіргі таңда көпшіліктің киіп жүрген киімдерінің тарихы тереңде жатқанын 
көріп отырмыз. Сондықтан осы заманда ұлттық киім үлгілерінің ерекшеліктері мен 
маңыздылығын бала бойына, санасына сіңіру жəне ұрпақ тəрбиесінде эстетикалық 
тəрбие мен этикалық тəрбие үйлесімділігі басшылыққа алынып, екеуінің бірлігі – 
тəрбие нысанасы болуы керек. Халқымыздың ой-өрісінің, терең мəдениетінің 
жоғары болғандығының бір белгісі ұлттық киімдерінен көрінеді. 
Əдебиеттер 
1 Асанова С. Қазақтың ұлттық киімдері. – 1976. 
2 Нұржасарова М., Кучарбаева Н. Рүстемова А. Қазақтың ұлттық киімдері. – 
2008. 
3 Бейсенбаев Ж. Əдептілік əлемі. – Алматы: Жалын, 1982. 
4 Қазақтың дəстүрлі киім-кешегі (ғылыми каталог). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет