Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Баба ескерткіші жайлы ойлар



Pdf көрінісі
бет86/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154
Баба ескерткіші жайлы ойлар. 
«Қобыз дегеніміз – аңғарып қарап, ой 
зердесіне салғанда, малдасын құрып, белі бүгіліп, қатыңқы қабағымен төмен қарап, 
қалың қайғыда отырған қария адам бейнесінде жасалған аспапқа ұқсамай ма? 
Кешеннің сыртқы бейнесіне көз тойғанмен, ішкі көрінісіне көңіл толмайды. 
Ескерткішті қобыз бейнесінде дейін десең, құлағы жоқ құр шанаққа, төрт құлақ 
бейнесінде дейін десең, қазақы қойдың артынан қарағандағы белгісіне ұқсас тіреуіш. 
Не еткен қысылшаңды салынған ескерткіш демеске болмайтындай. 
Шанақтың ортасындағы ойындыға қосылған түтіктерден қобыз үні, сарыны 
естіліп тұрады екен деп таңқалдырған. Қобызды күйге келтіретін тиегі мен құлағын 
жерге көміп, шанағын жоғары қаратып, теріс қондырғаннан үн шығады деу қиын», - 
деп Қармақшы ауданының зейнеткер ұстазы А. Байниязов ескеткіштің ішкі 
көрінісіне көңілі толмайтынын «Сыр бойы» газетіне өз ойын жазып білдірген екен. 
Ал «Күй атасы Қорқыт» деген тақырыпта жазылған əңгімеде Қызылордадағы 
Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің ғалымы Əнес Жақыпов: «Қорқыт 
ата ескерткіші аңыздағыдай болған» деп жазған. Сол аңыздардың сырына үңілсек, Ə. 
Қоңыратбаев атамыз Қорқытқа салынған кесене көшпелі елдің киіз үйіне ұқсас 
болған, ол екі қабаттан тұрғызылған депті. Бірінші қабатында тұғыр үстінде басы 
темір қазыққа қаратылып қойылған Қорқыттың өз мүддесі жатқан. Темірқазық – 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
95
көшпелі елдің бағдар алатын құбылнамасы есепті болған. Екінші қабатында көшпелі 
елдің тұрмыс-салтын бейнелейтін əр түрлі ою-өрнектер, қалың көш суреті, сол 
кездегі қазақтардың тұтынған мүліктерінің үлгісі тұрған деген. Оның үстіне Ə. 
Қоңыратбаев атамыз осы қазіргі үлгіде салынған ескерткішке онша риза бола 
қоймаған екен. 
Енді деректерде алматылық қарт ұстаз, фотосуретші С. Жəкеевтің Қорқыт ата 
бейітінің алғащқы фотосуреті деген түсіндірмесінде: «Қорқыт ата күмбезінің суреті 
1870 жылы түсірілген» (яғни Армазов суретінен 30 жылдай бұрын), - деген мəлімет 
бар. 1870 жылғы күмбез биік үш қабаттан тұрады. 
Бұл көріністе фотосуретші салыстырмалы əдісті пайдаланып түсірген. Ол үшін 
күмбездің үш қабатының əрқайсысына бір-бір адамды шығарып, тұрғызып қойған. 
Соған қарағанда мазардың төменгі шеңбері биіктеп, 7-8 метрдей, жоғарғы бөлігі 
одан орта тұсынан биігірек екені аңғарылады. Қорқыт бейтінің бұл фотокөрінісі өз 
заманында əлемге əйгілі фотоальбомдардың бірінде жарияланған. 
Ə. Марғұлан атамыз «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында: «Қорқыт күмбезі» 
1862 жылы алғаш рет фотоға түсірілген. Түркістан альбомында сақтаулы тұр», - деп 
жазған. Қабырғасы мейлінше қалың, 2 метрге жуық, пошымы киіз үйге ұқсайды. 
Исламша бұрынғы сəулет өнерімен салынған. Бұл дəлелдеме де Ə. Қоңыратбаевтың 
болжамымен ұқсас. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет