Жас геолог облыстық байқауын өткізу туралы ереже жалпы ережелер



Дата05.12.2022
өлшемі20,29 Kb.
#54853
Байланысты:
Жас геолог ереже


«Жас геолог» облыстық байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер

1.1. Мақсаты:


Жалпы орта білім беру ұйымдарындағындағы оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, сонымен қатар Қазақстанның геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін насихаттау, геологиялық өлкетануды дамыту.

1.2. Міндеттері:


- геология негіздері, табиғатты қорғау қызметі, туристік дайындық бойынша оқушылардың практикалық дағдыларының сапасы мен деңгейін айқындау;
- геологиялық зерттеу дағдыларын практика жүзінде іске асыру;
- геология, геоэкология және басқа да жер туралы қолданбалы ғылымдар туралы мағлұматтар беру;
- оқушыларды геологиядан жарыстар мен конкурстарға қатысуға дайындау;
- балаларды геология саласы бойынша шығармашылыққа тарту;


2. Байқауды ұйымдастыру орны мен уақыты



    1. «Жас геолог»облыстық байқауы 2018 жылдың 23қараша күні Ақтау қаласында өткізіледі.Өтетін орны қосымша хабарланады.

    2. Қатысуға өтінім аудан, қалалық білім бөлімдері басшыларының қолдарымен 2018 жылдың 14 қарашасына дейін келесі мекен-жайға жолдауыңызды сұрайды: Маңғыстау облысы, 130000, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, №8«Маңғыстау туризм колледжі»ғимараты, 4 қабат, 406 кабинет, E-mail: оcdt-2017@mail.ru

Өтінішке қатысушылардың тізімі қоса беріледі: тегі, аты, сыныбы, білім беру ұйымы, команда жетекшісінің аты-жөні, қызмет лауазымы.


3. Байқауға қатысушылар

3.1. Байқауға аудандық, қалалық жарыстардағы жеңімпаз командалар қатысады.



    1. Команда құрамы – 7 қатысушыдан(6 қатысушы мен 1 жетекші) құралады. Қатысушылардың жас мөлшері 14-17 жас аралығы. Қатысушылар далалық жағдайда өмір сүру дағдыларын білуі және топтық құрал-жабдықтары, сондай-ақ, арнайы құрал-жабдықтары (таулы-геологиялық компас, геологиялық балға т.б.) болуы тиіс.

    2. Іссапар кезіндегі қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жетекші жауап береді.

3.4. Команда жетекшісі Ұйымдастыру комитетіне келесі құжаттарды тапсырады:

  1. білім алушыларды (тізім) және команда жетекшілерін аудан, қалалық байқаудың қорытындысы бойынша жарысқа қатысу үшін жолдағаны туралы білім бөлімі басшысы бұйрығының көшірмесі;

  2. қатысушылар жөніндегі мәлімет (Т.А.Ә., туған жылы, сыныбы, оқу орны және білім беру ұйымының мекенжайы, телефоны, номинациясы, жұмыс тақырыбы, команда жетекшісінің Т.А.Ә., жұмыс орны, лауазымы, ұялы телефон номері);

  3. туу туралы немесе жеке бас куәлігінің көшірмесі;

  4. Арнайы форма (жейденің сол жақ жеңіне команданың эмблемасы және айырым белгілері).



4. Байқау өткізу тәртібі

4.1.Жас геолог байқауының бағдарламасы 5 геологиялық жұмыс бағыты бойынша жүргізіледі:



  1. геологиялық маршрут, геологиялық кесік, полентология, минералогия және петрография, радиометрия, гидрология және өңдеуді байқап көру;

  2. туристік дағды бойынша – техника қауіпсіздігі негіздері және далада тұруды ұйымдастыру;

  3. геологиялық ескерткішке сипаттама беру;

  4. «геология және біз» көрмесі;

  5. суреттер және тастардан түрлі бұйымдар жасау байқаулары;



5. Байқау қатысушыларын марапаттау

5.1. Жеңімпаздар орталық дипломдарымен және сыйлықтармен марапатталады.




6. Байқауды қаржыландыру

6.1. Байқаудың аудандық және қалалық кезеңдерін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.


6.2. Байқауға қатысушылардың іс-шара өткізілетін жерге жететін және қайтатын жол ақысы және жолдағы тамақтануы байқауға жіберуші жақтың тарапынан төленеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет