«Жас мамандар» мектебінің отырысы


Хаттама №3 12.01 .2022 ж Қатысуға тиісті: 4 Қатысқаны:4 Күн тәртібінде



бет4/4
Дата25.05.2023
өлшемі23,87 Kb.
#97314
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
«Жас мамандар» мектебіні отырысы

Хаттама №3
12.01 .2022 ж
Қатысуға тиісті: 4
Қатысқаны:4
Күн тәртібінде:

  1. Ашық сабақтарға әдістемелік к өмек көрсету. 

  2. Іскерлік ойын: “Сабақты өзіндік талдау үлгісі”

    Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша жоспарланған ашық сабақтар өткізетін жас мамандар сабақ өту барысындағы сақталуға тиісті ұйымдастыру жұмыстарынан бастап, сабақты қорытындылау кезеңіне дейінгі барлық әрекеттерді дұрыс жоспарлау арқылы көздеген мақсатқа қол жеткізуге болатынын түсіндірді. Ашық сабақ барысында өтілген сабақ пен жаңа сабақ арасында байланыс көпірі сақталып, оқушыларды жаңа білімді игеру кезеңіндешығармашылықпен жұмыс істеу дағдыларына төселдіру және ол үшін мұғалімнің өз бетінше ізденісі мықты болуы керек екендігі баса айтылды.



Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша: “Сабақты өзіндік талдау үлгісі”тақырыбында жас ұстаздар мен тәлімгерлері арасында іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Мұғалімнің сабақты талдауға қойылатын негізгі талаптары бойынша пікір алмасты.
• талданатын тақырыптың мақсаты мен міндеті; 
• дидактика, психология, әдістеме, бағдарлама, нормативтік талаптар мен әдістемелік ұсыныстардың негізін білу; 
• өз сабағына талдау жасайтын позиция мен көрсеткіштерді айдындай білу
• оқушылардың ерекшеліктерінің мінездемесі және сабақтағы жұмыста оның ескерілуі; 
• сабақтың жоспарын, түрін, құрылымын, мазмұнын, әдіс – тәсілдерін дәлелдеу; 
• сабақ барысында оқушылардың орындайтын жаттығулар мен тапсырмалардың оқу міндеттерінің жүйесінде психологиялық және педагогикалық бағалау; 
• сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың ойлау қабілетінің өз бетінділігінің дамуын бағалау; 
• сабақтың жоспарланған міндеттерін жүзеге асыру; 
• сабақта фактілер мен әрекеттердің педагогикалық мақсатқа лайықтылығын бағалау
• сабақтың кезеңдерінің өзара байланысын көрсету мен бағалай білу; 
• жүргізілген сабаққа(немесе кейбір кезеңдеріне) қанағаттануы (қанағаттанбауы);
• сәтсіздіктерді немесе кемшіліктерді жоюды іске асыру жолдары;

Постерлік қорғау жұмысы арқылы сабақты өзіндік талдау үлгісі қорытындыланды.

Шешім:

  1. Жас мамандардың жоспарланған ашық сабақтарына әдістемелік көмек көрету тәлімгер ұстаздарға тапсырылсын;

  2. Жас мамандар өз сабағына талдау жасауды үйретілсін.

Хаттама №4


14.05 .2016
Қатысуға тиісті: 10
Қатысқаны:10
Күн тәртібінде:
1..Оқу жылындағы тәлімгер мен жас маман жұмысының қорытындысын талдау.
2.Тренинг. Тақырыбы:«Мамандығым- мақтанышым» 
Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша “Жас маман”мектебінің жетекшісі Р.Әлиева 2015-2016 оқу жылындағы тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмыстары жайлы қорытынды хабарлама жсады.Оқу жылының басында мектеп директорының № бұйрығымен жас мамандарға бекітілген тәлімгер мұғалімдердің жылдық жұмысына талдау жасайтын болсақ, 5 жас маманның әрқайсысына бөлінген тәлімгер мұғалімдердің жұмыс жоспарлары жасалып бекітілген.Оқу жылының әр жартыжылдығында тәлімгерлер жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізілген жұмыстарының есебін нақтылап отырды.Жас мамандардың барлығы дерлік ашық сабақтар, пәндік апталықтар жұмысына қатыса отырып, өздерінің біліктіліктерін және өз қызметіне деген жауапкершілігі мен қызығушылығын таныта білді.Атап айтқанда ,биылғы оқу жылында еңбек жолын бастаған шет тілі пәнінінң мұғалімі А.Шақмарданова өз пәнін терең білумен қатар, өзіне бекітілген сынып жетекшілігі және қосымша факультатив сабақтар жұмысын да аса тиянақтылықпен атқара отырып,ізденісі мол ұстаз екенін көрсете білді. Сол сияқты математика пәнінің мұғалімі Н.Жұмағұлов теориялық білімі жоғары екендігін,өзінің бос уақытын тиімді пайдалана алатын спорт әуесқойы екендігін көрсетті .Сонымен қатар, К.Көшекбаев,Н.Қазиев, Ж.Құлданова сияқты жас мамандар да жыл бойы өздеріне тапсырылған жұмыстарын нақты атқара отырып,мектеп өміріндегі қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.Жыл қорытындысында А.Шақмарданова мектепішілік “Үздік жас маман-2016”сырттай байқауының жүлдегері атанды.
Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша мектеп психологі Г.Мұратова жас мамандармен “Мамандығым-мақтанышым”тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында жас мамандар тәлімгер ұстаздаымен бірлесе отырып, 2-топқа бөлінді.Әр топқа педагогикалық кездейсоқ жағдайлардан шығу сұрақтары,эссе жазу , тақырыптық жоба қорғау тапсырмалары берілді. Тренинг “Тілек шамы ” жаттығуымен қорытындыланды.
Отырыс қаулы етеді:
1.2015-2016 оқу жылындағы тәлімгерлердің жас мамандармен жүргізген жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілсін;
2.
Отырыс төрайымы: Р.Әлиева
Хатшысы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет