Жас мамандарға психологиялық кеңес 1. Оптимист болыңыздар!
2. Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар-олар да үлкендер;
3. Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа ссүйеңіз;
4. Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай болыңыз. Үлкендер-олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;
5. Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына
келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;
6.Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар-барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;
7. Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз-олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдықтанытып, одан кейін босатсаңыз-олар сізге риза болады;
8. Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз-балалармен қарым-қатынас жасау; 9. Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;
10. Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе содан аямаңыз;
11.Мұғалім-әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;
12. Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;
13. Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған. Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;
14. Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;
15. Шешім қабылдарда күдіктенсеңіз, ең жақсысы-асықпаңыз;
16. Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;
17. Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз