Үйірме жұмысының жоспары:
№
|
Тақырыптың мазмұны
|
Сағаты
|
Мерзімі
|
1
|
Адамның алғашқы санау тәсілдері.
|
1
|
|
2
|
Адамның санды алғашқы жазу тәсілдері. Сиқырлы квадраттар.
|
1
|
|
3
|
Ежелгі үнді математиктерінің қызықты тапсырмалары
|
1
|
|
4
|
Адамның алғашқы өлшеу тәсілдері. Танграм –қытай басқатырғысы.
|
1
|
|
5
|
Санау жүйесі. Арифметиканың пайда болуы. Математикалық ребустар.
|
1
|
|
6
|
Жазба нумерациясының пайда болуы.
|
1
|
|
7
|
Шырпымен ойындар. Математикалық фокус. Ойлаған санды табу.
|
1
|
|
8
|
Логикалық есептер шығару.
|
1
|
|
9
|
Қазақ халқының ауызша есептері.
|
1
|
|
«Математика» үйірме жұмысының жүмыс кестесі
Дүйсенбі
|
Сейсенбі
|
Сәрсенбі
|
Бейсенбі
|
Жұма
|
|
|
10.00-11.00
|
|
|
|
|
|
|
10.00-11.00
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
«Ақбота», «Кенгуру» марафон тапсырмалары
«Репетитор» журналы
«Математика және физика» журналдары
«Математика және информатика» журналдары
Интернеттен алынған материалдар
Үлгі-жоспар.
Тақырыбы: Сандардың шығу тарихы. Адам алғашқы санау тәсілдері
Адам баласы санауды өте ерте заманнан бастап үйренген. Басында бір немесе бірнеше зат санап бастаған. Тіпті екі деген санның шығуы үшін барынша ұзақ уақыт қажет болған. Ең қарапайым «есептеу машинасы» ретінде аяқ пен қолдың саусақтары пайдаланылған. Бұл машина кейін біртіндеп жетілдіріле берген. Мысалы, перуандықтар түйіндері бар түрлі-түсті жіп пайдаланған. Сандарды ең алғаш таяққа немесе басқа бір ағашқа белгі салу арқылы жаза бастаған. Бірақ мұндай белгілер арқылы үлкен сандарды жазу не оқу қиынға соққан.
Бұдан 5000 жылдай бұрын Вавилонда, Египетте, Қытайда сандарды жазудың жаңа әдісі пайда бола бастады. Олар қазір цифр деп аталып жүрген ерекше белгілерді қолдана бастады. Ежелгі Египетте санауды он-оннан жүргізген, ол сандарды жазу өте күрделі және қолайсыз болған. Араб цифрларын Ресейде ХҮІІІ ғасырда ғана пайдалана бастаған. Ал бұған дейін Ресейде Рим нумерацияларын пайдаланған болатын, онда сандардың орнына белгілер қолданылған. Осы белгілер біртіндеп өзгеріп, қазір І-1, Ү-5, Х-10, L-50, C -100, D-5000 , M -1000 түріне келген. Басқа сандар осы символдардың көмегімен жазылады. Рим нумерациясы негізінде қосу принципі пайдаланылған. ҮІ= Y+I =6, азайту принципі бойынша IX = X-I=9
Вавилондықтар ондықтармен емес, алпыстықтармен санаған. Яғни, 60 бірлік келесі разрядтың бірлігін құрайды. Мысалы, 185 санын олар үш 60-тан және бір 5-тіктен туады деп құрастырған. Сонда бұл сан екі белгінің көмегімен жазылатын болған: белгінің біреуі 60-ты неше рет алуды көрсетсе, екіншісі неше бірлік алу керектігін көрсетеді. 18510 = 3560. 1cағ =60 мин. 1минут =60 секунд өлшемдері осы санау жүйесінің бір мысалы.
Тапсырмалар. 1) Араб цифрларымен жазыңдар: ХХҮ, СХІҮ, ХСІІ; MLDIX.
2)Рим цифрларымен жазыңдар: 47, 92, 2164, 3068;
3)Теңдіктер дұрыс болатындай етіп таяқшаларрды ауыстырыңдар.
YI –IY= IX X+X=I
YI-IY =XI X-IX =VI
YI+IY =XII VIII+IV = XVII
Достарыңызбен бөлісу: |