Тіл – адамзаттың адамдық қасиетін танытатын ұғым. Ана тілі – белгілі бір ұлттың өзіне тән тіл. Тіл –қоғамның жемісі. Адам бар жерде тіл болады. Ал, ана тілінің болуы-болмауы көптеген әлеуметтік жағдайға, сайып келгенде ұлттың сана-сезімінің деңгейіне тікелей байланысты.
Тіл – сөйлеу, ойлау, қарым-қатынас құралы, тіл-әрбір адам, ұлт, мемлекеттің қадір тұтар ардағы. Қоғамның көркейіп, ілгерілеп дамуы қашанда сол қоғам мүшелері біліктілігі мен білімділігіне байланысты екені аян.
Ұлттық тіл- әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс-тіршілігі мен сезім-түйсігін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Онсыз халық аты бар да заты жоқ тобыр. Ана тілінің тағдыры оны жаратқан халықтың қолында.
Жас ұрпақтың дүниетанымының дұрыс қалыптасуы, ой-өрісінің биік болуы үшін жасалады.
Тіл – сарқылмас қазына дегенді жиі айтамыз. Оған дау жоқ. Сонымен бірге ол-жанды құбылыс. Ол –халықпен бірге дамып елдің күнделікті қарым-қатынас ісінде, қызметтік қажеттілігіне орай жаңа сапа иеленіп, толығып, байып отырмақ. Мемлекеттік дәрежеде көтерілген тілдің де даму бағдары осы деңгейде жүзеге асуы тиіс.
Шын мәнінде, біздің тіліміз – көңіл көкжиегінің қай биігіне де еркін шарықтап шырқай алар, самғай алар сұңқар тіл.
Мақсаты: Әр білім алушының өткен сабақтардағы білік-дағды іскерліктерін қалыптастыру, Өз білімдерін тереңірек жетілдіру, тест жұмыстары арқылы тексеру, өз бетінше ізденіп оқуға жетелеу. Оқушы бойында пәнге деген қызығушылығын арттыру, сауатты жазуға және дыбыстық талдау жасауға үйрету, ұқыптылыққа баулу, адамгершілікке, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.
Міндеті: XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.Қазақ тілін оқыту барысында туған тілінің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орнын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірбиені байыта түсу – бүгінгі таңның басты мәселесі. Жаңа технологияларды үнемі сабақта қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген ынта-ықыласын және қызығушылықтарын арттыру болмақ.