Жас сарбаздардың әскерге бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері


Әскер қызметкерлерінің психологиялық ерекшеліктерін талдау



бет3/8
Дата24.04.2023
өлшемі27,61 Kb.
#86007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой жумыс гылыми

Әскер қызметкерлерінің психологиялық ерекшеліктерін талдау




  1. Әскери қызмет тек жоғары әлеуметтік мәні бар қызмет саласы ғана емес, ерекше жағдайларына байланысты әдеттегінің шеңберінен шығатын сала болып есептеледі. Қай кезде болмасын Отанымыздың Қарулы қорғанысы әр азаматтың абыройлы міндеті әрі борышы болып есептеледі. Сонымен қатар, әскер қоғамның бөлшегі ретінде қарастырылады, сондықтан ол қоғамда болып жатқан барлық әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістердің, сондай-ақ халықаралық жағдайдың барлық заңдылықтарында көрінеді .ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы бірқатар соғыс ошақтарының пайда болуымен сипатталады. Олар мемлекеттер арасындағы қарым – қатынастың ушығуымен емес, халықаралық терроризмнің күшеюімен байланысты. Сондықтан, жаңа ХХІ ғасырда мемлекеттің қарулы қорғаныс қажеттігі байқалады, яғни әскери қызмет саласы өзінің маңызды әлеуметтік мәнін сақтап отыр. Бұл саланың ерекшеліктері қандай?Әскери қызмет – бұл Отан қорғау қызметі. Бұл жерде көптеген компоненттерді бөліп көрсетуге болады. Ең алдымен, бұл келесі екі маңызды түр: соғыс жағдайындағы қызмет(ұрыс амалдары) және кәдімгі (азаматтық) жағдайдағы қызмет. Осы қызмет түрлерін тереңірек қарастырайық.Жауынгерлік амалдар — әскери қызметкерлердің қарулы күрес мақсаттарына қол жеткізуі болып табылады. Жауынгерлік іс-амалдар, оның мақсаттары мен міндеттері, жағдайлары, қиындықтары, психологиялық мазмұны жағынан өте ерекше болып табылатындығын атап өткен жөн. Ол өзіндік психологиялық заңдылықтарға, белгілі бір ішкі құрылым, мақсаттар, мотивтер, әдістер арқылы оның барысына әсер ететін әскери – саяси, әскери – техникалық, идеологиялық және психологиялық факторларға, қару түрлері, ұжымды басқару, ұрыстарда жүргізілетін тәрбиелеу жұмыс, жеке құрамның ұрыстық және психологиялық дайындығына ие .Жауынгерлік қызметтің психологиялық мазмұны мен құрылымы шайқаста өз өмірін тәуекелге қоюмен, мүлiктi жою, жаппай қырып-жою, материалдық шығындар, адам шығындары сияқты әр түрлі қолайсыздықтармен байланысты түрлі проблемалар шешіледі. Шайқасты жүргізу міндеттерді дәл орындауға деген моральдық және заңдық жауапкершіліктердің артуымен байланысты, барлық әскери күштерден психикалық және физикалық қысымды талап етеді. Жоғарыда айтылғандай, кез келген адамзат қызметінің өз мотивтері бар. Әскери қызмет те шектеу емес. Біз мемлекеттік деңгейдегі ұрыс операцияларының басындағы мотивтер туралы айтар болсақ, бұл жерде әрдайым дерлік негізгі себеп елдің тұтастығы мен қауіпсіздігіне нақты қатердің пайда болуы болып табылады. Өз кезегінде, соғыс қимылдарын жүргізу нақты адамдар (жауынгер) тарапынан танылатын белгілі бір қызметті білдіреді. Бұған қоса ұрыс амалдары кезіндегі адамдардың ( әскери қызметкерлердің жауынгерлік амалдары) өзіндік ынталандыру мотивтеріне бар, олардың қатарына қажеттіліктер, сезімдер, қалаулар, ұмтылыстар, қызығушылықтар, идеалдар, нандырулар және т.б. жатқызылады. Шайқаста адамның ең басты қажеттілігі тірі қалу болып табылатындығы дау тудырмайды. Бұл өзін – өзі сақтауға негізделген қалыпты, генетикалық қалыптасқан қажеттілік. Алайда, ол түрлі адамдарда түрлі жолдармен көрiнiс береді және жеке тұлға мен әлеуметтік орта үшін оның әр түрлі салдары болуы мүмкін. Мысалы, бір адам соғыс техникасы мен ұрыс жүргізудің заманауи әдістерін белсенді және мақсатты бағытталған түрде игереді, өйткені ол шайқаста кім мықты дайындалған болса, соның жеңіске жету мүмкіндігінің көбірек екендігін түсінеді. Енді бір адам ұрыс кезінде қауіпті жағдайлардан қашып құтылуға, өз жолдастарының артына тығылуға тырысады, яғни қорқақтық танытады






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет