Бейімделу(латын. adapto — бейімделу) — биологиядағы орталық ұғымдардың бірі, организмнің құрылымы мен функциясының, оның органдары мен клеткаларының ортадағы жағдайларға бейімделуін көрсетеді.Әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп адамның жаңа әлеуметтік ортадағы жағдайларға белсенді бейімделуін және ол үрдістің нәтижелерін айтамыз. Бейімделудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері, ең алдымен, адамдар тобы мен сол топка енетін жеке адамның мақсаттары мен құндылық бағдарларының жақындасуын, жеке адамның жаңа ортада қалыптасқан дәстүрлерді, мәдениетті, әдеп нормаларын меңгеруін, топтың рөлдік құрылымына енуін қарастырады. Бұл тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерінің маңыздылығы бұл құбылыстың екі деңгейдегі көрінісімен айқындалады. Оныңбіріншісі — соңғы жылдары республика тұрғын-дарының, әсіресе жергілікті жұрт өкілдерінің көші-қондық жылжу бағытының, көбінесе ауылдан қалаға қарай жедел жүріп жатуымен,екіншісі — Қазақстанның дүниежүзілік ықпалдастыққа тікелей араласа бастауына орай, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудің алдыңғы лекке шығуымен айқындалады.Бейімделу қызметтің өзгеретін шарттарына физикалық және әлеуметтік-психологиялық бейімделуіне бағытталған процесстердің жиынтығы болып табылады. Осы процесстердің салдарынан, жас жауынгерлер кәсіби бейімделуі мен бейімделе алмауының табыстылығы туралы сұрақтар туындайды .Нақты жұмыс ортасында адамның бейімделуі оның жүріс-тұрысында; еңбек қызметінің көрсеткіштерінде; еңбек тиімділігінде (оның саны мен сапасы); әлеуметтік ақпаратты меңгеруі мен оны тәжірибелік түрде жүзеге асыруында; белсенділіктің барлық түрлерінің өсуінде (еңбектік, әлеуметтік-саяси, танымдық белсенділіктер); еңбек қызметінің түрлі тараптарынан қанағаттануында (еңбек мазмұнымен, жалақымен, жұмыстың ұйымдасуымен, еңбек шарттарымен, ұйымдағы моральдық-психологиялық климатпен, кәсіби және жалпы білім беруде жүйесінде даму мүмкіндіктерімен және т.б.) айқын көрінеді.Бейімделу процесіне өзара байланысты және өзара тәуелді факторлардың тұтас жүйесі әсер етеді, олардың негізгілері мыналар болып табылады:•Әскери мекемеге дайындаудың сапасы.•Мамандықты таңдау мотивациясы.•Жас жауынгердің жеке ерекшеліктері мен тұлғалық қасиеттері.•Өзара іс-әрекет пен жүріс-тұрыстың жаңа стереотиптерін қалыптастыру қабілеттіліктері мен коммуникативті қабілеттіліктердің болуы.•Әлеуметтік және материалды факторлар.•Жас қызметкерлердің таңдаған мамандықтарына қоғам мен мемлекеттің қатынасы.•Еңбек пен демалыс шарттары.•Кәсіби даму мен біліктілікті арттыру мүмкіндігі.•Басшылықпен және әкімшілікпен өзара әрекеттесу.•Әскери ұжымның кемелденуі, оның психологиялық климаты.•Әріптестермен өзара әрекеттесу, адамгершілік, тәжірибе алмасу.•Басқа жауынгерлермен өзара әрекеттесудің тиімділігі (сатып алушылар, жолаушылар, оқушылар және жас маманның таңдаған мамандығына байланысты тағы да басқалары) •Жас маманда кәсіби мәдениет пен этиканың болуы немесе болмауы.