2 Жас сарбаздың әскер қызметкерлерінің әлеуметтік — психологиялық бейімделу ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
2.1 Зерттеудің ұйымдастырылуы және әдістемелерге сипаттама
Зерттеу 2017 жылдың қаңтар мен сәуір айлары аралығында Қарағанды қаласының № 6208 бөлімшесінде өткізілді.Біз іріктемемізді үш топқа бөлдік:1. Әскер қатарына жаңадан қабылданған жауынгерлер. 30 сыналушыны құрайды.2. Әскер қатарында жүргеніне 6 айдан асқан жауынгерлер қатары (30).3. Әскер қатарында жүргеніне 10 айдан асқан жауынгерлер қатары(30). Зерттеу қатысушысына арналған бланкілер ұсынылды, қажетті нұсқау жүргізілді. Одан кейін сыналушылар еркін формада жұмыс істей бастады, жұмыс уақыты шектелген жоқ. Сыналушылар зерттеуге қызығушылық танытып қатысты. Зерттеудің мақсаты және қорытындысы жайлы сұрақтар қойды. 2017 жылдың наурызында ақпаратты өңдеуден кейін қалаушылардың барлығына олардың жеке нәтижелеріне кері байланыс берілді. Алдымызға қойған міндеттерді шешу үшін біз келесі психологиялық әдістерді қолдандық:К.Роджерс пен Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық бейімделу сұрақнамасы.МакКрае – Костаның («Большая пятерка») бесфакторлық тұлғалық сұрақнамасы.FPI сұрақнамасы.МПВ Л.Собчик.К.Роджерс пен Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық адаптацияның сұрақнамасы адамның өзі, оның өмір салты: ойлары, уайымы, жүріс-тұрыс стилі, машығы жайлы 101 пікірден тұрады. Сұрақнаманың пікірін тыңдап немесе оқып болған соң сыналушы оны өз машығына, өмір салтына теңестіріп бағалауы керек болды: бұл пікір нақты өзіне қаншалықты қатысты. Оның жауабын бланкте белгілеу үшін оның ойынша едәуір дұрыс келетін баға қоюы қажет болды. Ол баға «0-ден» «6-ға» дейінгі цифрлермен нөмірленген:«0» — маған мүлдем қатысты емес;«2» — маған қатысты болуына күмәнім бар;«3» — өзіме қатысты етуге қолым бармайды;«4» — бұл маған тән, бірақ сенімді емеспін;«5» — бұл маған тән;«6» — бұл әрине мен жайлы айтылған.Бұл сұрақнама өзін қабылдауға, басқаларын қабылдауға, эмоционалды жайлылық, локус-қадағалау, басымдылық жасау мен эскапизм, әлеуметтік-психологиялық адаптация сияқты көрсеткіштерді зерттеуге бағытталған. МакКрае – Костаның бесфакторлы тұлғалық сұрақнамасы («Большая пятерка»).Бесфакторлы тұлғалық сұрақнама («Великолепная пятерка») 1983-1985 жылдары американдық психологтар Р.МакКрае мен П.Костамен құрастырылған. Кейінірек сұрақнама жетілдіріліп түпкілікті түрде 1992 жылы NEO PI (аббревиатура, ағылшын тілінен: «нейротизм, экстраверсия, ашықтылық») тестімен ұсынылған. Р.МакКрае мен П.Костаның ойынша, факторлық анализ негізінде іріктелген бес тәуелсіз айнымалы (нейротизм, экстраверсия, тәжірибеге ашықтылық, ынтымақтастық, ұқыптылық) тұлғаның психологиялық мінездемесін суреттеуге тіптен жеткілікті. Қазіргі кезде «Үлкен бестік» тест-сұрақнамасы Ресейдеде, шетелде де үлкен мәлімділік пен практикалық мәнге ие болды. Орысша аудармада сұрақнама орыс мәдениетінің жағдайларына дағдыланған. В русском переводе опросник был адаптирован к условиям русской культуры В. Е. Орлом в соавторстве с А. А. Рукавишниковым и И. Г. Сениным. Известна японская версия «Большой пятерки» 5PFQ, (сост. Хийджиро Теуйн), которая также была переведена и адаптирована в 1999 г. к отечественным условиям социальной среды психологами Курганского государственного университета. Бесфакторлы сұрақнаманың А.Б.Хромовамен интерпретацияланған бұл түрі төменірек ұсынылған.Бесфакторлы тест-сұрақнамада мәні бойынша бір-біріне қайшы келетін адамның жүріс-тұрысын сипаттайтын 75 жұп пікірден тұрады. Стимулдық материалда Лайкерттің бессатылы бағалау шкаласы бар (-2; -1, 0; 1; 2), оның көмегімен бес фактордың әрқайссысының (экстравнрсия – интроверсия; құштарлық – дербестілік; өзін-өзі бақылау – импульсивтілік; эмоционалды тұрақтылық – эмоционалды тұрақсыздық; экспрессивтілік — тиімділік) көрсетілу деңгейін өлшеуге болады. НұсқауБесфакторлы тест-сұрақнамада мәні бойынша бір-біріне қайшы келетін адамның күнделікті тұрмыстағы жүріс-тұрысын сипаттайтын 75 жұп пікірден тұрады. Жұптық пікірлер арасында бағалайтын шкала орналасқан (2; -1, 0; 1; 2). Сұрақнамада дұрыс немесе дұрыс емес пікірлер, сол сияқты жағымды немесе жағымсыз тұлғалық ерекшеліктер жоқ. Әр пікірдің көрсетілу деңгейі жоғарыда көрсетілген бағалық шкаламен анықталады.Сынаушы-психолог сұрақнаманың ережесі мен зерттеу мақсаты туралы қысқаша айтып өтеді. Ол кезде сыналуышлардың тапсырманы орындауға деген қызығушылығына жетуі керек. Сыналушыларға жұмыс барысында бір-бірінен кеңес сұрауға және пікір айтуға болмайтынын түсіндіру қажет. Осы түсіндірулерден кейін психолог нұсқаумен мұқият танысуды ұсынып, оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса жауап беріп, өз бетінше сұрақнамамен жұмысын бастауға ұсынады. Л.Собчиктың кескінді таңдамалар әдістемесі.Л.Сонди қоршаған адамдармен қарым-қатынас барысында бағынатын адамның таңдамалылық заңдылығын анықтаған. Өзі тәрізді тұлғаларға әуестік, әрине, генетикалық предиспозицияға байланысты. Сондидың судьбоанализ концепциясы осыған негізделеді. Бұл концепцияға сәйкес, әрбір адамның өмірінде генотиптік қасиеттерді тұқымқуалау нәтижесінде олардың жеке тұлғалық паттерніне жақын болатын адамдарға қатысты олардың өздерімен шартталған таңдама (генотропизм) байқалады. Сонди тесті типологиялық алуан түрлі болып келетін тұлғалық құрылымдар 8 негізгі құштарлықтың үйлесімімен ұсынылуы мүмкін деген қағидаға негізделеді.Құрылымдық көрсеткішке байланысты олардың әрқайсысы Сонди тестінің көмегімен зерттелініп жатқан тұлғаның мәселесі, немесе патологиясын анықтайды. Өз тестін нақтылау мақсатында Сонди келесідей болжам айтады: едәуір айқын күш пен психодиагностикалық мәнге индивидтің маңызды қажеттіліктері немесе оның генетикалық шарттастығына және динамикалық өзекті икемділігіне сәйкес келетін портреттер ие болады.