Жас сарбаздардың әскерге бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері


Жаңа қабылданған жауынгерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу



бет6/8
Дата24.04.2023
өлшемі27,61 Kb.
#86007
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Курсовой жумыс гылыми

2.2 Жаңа қабылданған жауынгерлердің әлеуметтік-психологиялық бейімделуін зерттеу

Нәтиже анализін ретімен жүргіземіз. Бірінші болып біз 1 таңдаманы нәтижесін талдаймыз, екінші ретте – 2 таңдаманың нәтижесі, үшіншісі – 3 таңдама нәтижесі. Талдауды ауырлатпау үшін, мұнан былай 1 таңдама сыналушылары (жаңа қабылдағандар) текстте «таңдама 1», 6 айдан аса әскер қызметінде жүргендер – таңдама 2, офицерлер құрамы – таңдама 3 деп аталынады. Біздің сыналушылармен өтілген бірінші әдістеме – К.Роджерс пен Р.Даймондтың әлеуметтік-психологиялық адаптация сұрақнамасы. Бұл әдістеме бойынша орташа қорытынды 1-ші кестеде көрсетілген.1 таңдамадағы сыналушылардың графикадық нәтижелері 1-ші суретте көрсетілген. «Адаптивтілік» шкаласы бойынша бұл топтағы орташа балл 25,6 баллды құрды. Бұл төмен балл. Алайды, «дезадаптивтілік» шкаласы бойынша орташа балл 98,8-ге тең болды. Бұл жоғары балл, Осыған байланысты, біз 1 таңдама сыналушылары көп жағдайда әлеуметтік және психологиялық жағынан бейімделуде қиыншылықтар көріп, дезадаптацияға қарай бұрылысты байқауға болады.«Өзін қабылдау» шкаласы бойынша орташа балл 49,8. Бұл жоғары балл. Ал «өзін қабылдамау» шкаласы 11,6 баллды құрды. Бұл төмен балл. Осының негізінде біз 1 таңдама сыналушылары өзін-өзі жағымды қабылдауға тән емес, және де өзін, өз мүмкіндіктерін адекватты бағалай алады деп айта аламыз.«Басқаларын қабылдау» шкаласы бойынша орташа балл 29,7 құрды. Бұл жоғары балл. «Басқаларын қабылдамау» шкаласы болса орташа балл – 9,8. Бұл төмен балл. Осыған сәйкес, бұл таңдама сыналушыларыбасқаларына қатысты жанасқыш және жақсы қарайды деуге болады.«Эмоционалды жайлылық» шкаласы бойынша орташа балл көрсеткіші – 29,7. Бұл жоғары балл. Ал «эмоционалды жайсыздық» шкаласының орташа көрсеткіші – 7,6 балл. Ол төмен балл. Яғни, бұл таңдама сыналушылары күнделікті өмірде эмоционалдық жайлылық сезетіндері туралы болжам айта аламыз. «Ішкі бақылау» шкаласы бойынша орташа балл 60,8-ге тең. Бұл жоғары балл. Ал «сыртқы бақылау» шкаласы 14,3 баллға тең. Бұл төмен балл, Бұл көрсеткіштер 1 таңдама сыналушылары көп жағдайда, ішкі локус-бақылауға тән. Яғни, болып жатқан жағдайлардың себебін өзінен көреді, және сәтсіздік жағдайында өзін ғана кінәлайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет