«Алаң да алаң, алаң жұрт» Алаң да алаң, /алаң жүрт,
Ақала ордам /қонған жұрт,
Атамыз біздің /бұ Сүйініш
Күйеу болып /барған жұрт,
Анамыз біздің /Бозтуған.
Келіншек болып /түскен жұрт,
Қарғадай мынау /
Қазтуған /батыр туған жұрт,
Кіндігімді /кескен жұрт,
Кір-қоңымды /жуған жұрт,
Қарағайдан садақ /будырып,
Қылшанымды/ сары жүн оққа/ толтырып,
Жанға сақтау/ болған жұрт.
Салп-салпыншақ/ анау үш өзен
Салуалы /менің ордам/ қонған жер,
Жабағылы/ жас тайлақ
Жардай атан /болған жер,
Жатып қалып/ бір тоқты,
Жайылып мың қой /болған жер,
Жарлысы мен /байы тең,
Жабысы мен /тайы тең,
Жары менен /сайы тең,
Ботташығы /бұзаудай,
Боз сазаны /тоқтыдай,
Балығы тайдай/ тулаған,
Бақасы қойдай/ шулаған,
Шырмауығы /шөккен түйе /таптырмас,
Балығы /көлге жылқы /жаптырмас,
Бақасы мен /шаяны
Кежідегі адамға /
Түн ұйқысын /таптырмас,
Қайран менің /Еділім,
Мен салмадым,/ сен салдың,
Қайырлы болсын /сіздерге
Менен қалған /мынау /Еділ жұрт!…
Ұйқас түрі:қара өлең,2-3 бунақ, 8-10,12,13 буын 35тармақ, ,9 шумақ. Көркемдегіш құралдар: Қарғадай мынау
Қазтуған батыр туған жұрт,
Кіндігімді кескен жұрт,
Кір-қоңымды жуған жұрт,
Теңеу
Жабағылы жас тайлақ
Жардай атан болған жер,
Жатып қалып бір тоқты,
Жайылып мың қой болған жер,
Теңеу
Ботташығы бұзаудай,
Боз сазаны тоқтыдай,
Балығы тайдай тулаған,
Бақасы қойдай шулаған,
Теңеу
Бұл жырда Қазтуған жырау халқының туған мекен Еділін тастап, Шу бойында алғаш хандық құрып, қоныс тебуі, тәуелсіз ел болу кезеңін меңзейді. Бұл қоштасу өлеңі он бесінші ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткеннен сыр шертеді.
Түсіндірме сөздік: Жабысы- қазақ жылқысының байырғы қарабайыр тұқымы.
Жабағы- 6 ай мен 1 жас аралығындағы тай.
Боттағышы - гүлдер тұқымдасына жататын тамыры сәбізге ұқсас,көп жылдық шөптесін өсімдік.
Кежі- күзетші,қарауыл.
«Мадақ» жыры Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек окқа кірісті,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,
Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Билер атты би соңы,
Би ұлының кенжесі,
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан
Сүйінішұлы Қазтуған!!!
Егіз ұйқас,2-3бунақ,9-13 буын,17 тармақ, 4 шумақ. Көркемдегіш құралдар: Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек окқа кірісті,
Теңеу
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,
Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы,
Эпитет
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,
Бұлұт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Эпитет
Қазтуған бұл толғауда өзін таныстырады.Өзіне арнаған Мадақ жырының жолдарынан Қазтуғанның жорықшы, жауынгер жырау болғаны аңғарылады.
Түсіндірме сөздік: Қалайылау- дәнекерлеу.
Бидайық-құс.
«Белгілі биік көк сеңгір» Белгілі биік көк сеңгір
Басынан қарға ұшырмас,
Ер қарауыл қарар деп,
Алыстан қара шалар деп;
Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;
Арғымақтың баласы
Арыған сайын тың жортар,
Арқа мен қосым қалар деп;
Ақ дария толқын күшейтер,
Құйрығын күн шалмаған балығым
Ортамнан ойран салар деп;
Азамат ердің баласы
Жабыққанын білдірмес,
Жамандар мазақ қылар деп!
Ерікті ұйқас,2-3 бунақ,7-8 буын,16 тармақ,4 шумақ. Көркемдік ерекшеліктер: Балдағы алтын құрыш болат
Ашылып шапса дем тартар,
Сусыным қанға қанар деп;
Метафора
Бұл толғауда Қазтуған жырау батырларға тән қажыр-қайратын ұштап, намысын қайрап, елге дем беріп, рухтандыра түседі. Таудың əдемі көріністерін жырлап, адам туралы ойларға көшеді.