Срсп 1. Ішкі секреция бездері немесе эндокриндік аппарат (грекше «endon» – ішкі, «crіno» – бөлемін) биологиялық белсенді (активті) заттар бөлетін мүшелерге жатады. Ішкі секреция бездерінің жасушаларын ұсақ қантамырлар мен лимфа капиллярлары торлайды. Бұл бездерде бөлінетін сұйықтықты шығаратын өзек болмағандықтан сұйықтық бірден қанға өтеді. Сондықтан мұндай бездерді ішкі секреция бездері деп атайды.
Ішкі секреция бездеріне жататындар: гипофиз, қалқанша без, қалқанша маңы безі, айырша без (тимус), эпифиз, бүйрекүсті бездері және т.б. Ұйқы безі мен жыныс бездері – аралас бездер. Олар әрі ішкі, әрі сыртқы секрециялық қызмет атқарады. Бұл бездерден бөлінетін заттар қанға да және басқа мүшелерге де өтеді. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтықты гормондар дейді.
Гипофиз — негізгі ішкі секреция безі. Ол аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдарда салмағы 0,5-0,65г-ға жетеді. Бұл без 25 түрлі гормон бөледі. Оның гормондары ұйқы безінен басқа бүкіл ішкі секреция бездерінің қызметін басқарады.
Қалқанша без тироксин гормонын бөледі. Тироксин гормоны қалыпты түзілуі үшін ағзада йод жеткілікті болуы керек.
Эпифиз – пішіні домалақша без, салмағы 0,2 г. Ол ортаңғы ми мен аралық мидың ортасында орналасқан. Одан мелатонин гормоны бөлінеді. Ол ағзадағы тәуліктік ырғаққа, басқа ішкі секреция бездерінің және қандағы калий мөлшеріне әсер етеді.
Қалқаншамаңы безі (glandula parathyroideae, лат. glandula - без; гр. рага - маңы, қасы; thyreos — қалқан) — қалқанша безі маңында немесе оның ішінде орналасқан кішкене денешік тәрізді ішкі секреция безі. Негізгі паратироциттер қандағы кальцийдің деңгейін жоғарылататын паратирин гормонын бөліп шығарады.
Айырша без немесе тимус — омыртқалы жануарлар мен адам ағзаларындағы иммунды жүйенің қалыптасуы мен оның қызметінің толық атқарылуын қамтамасыз ететін без.Гормондары: тимозин, тимопоэтин, тимикалық сарысулық фактор және т.б.
Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин.
Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі.
Инсулиннің түзілуі. Инсулиннің – клеткаларда түзіледі. Инсулин молекуласы аминқышқылдарынан түзіледі. Гормон түзілу процесі рибосомаларда басталып проинсулин молекуласына айналады.