Қарауыл төбеде күй шерткен.
-Ағаның үйі-ақылдың үйі!
-Апанның үйі-кең жайлау!
-Қарындастың үйі- ақ сарай! деген тәлсімге ата-бабаларымыз
-«Жақсы жездең әкеңдей» деп тегін қоспаған
...2003 жылдың жайсан жазы шілде де толғағы бір Шыңғыстау тобықтыларынан қуанышты хабар алғанбыз. Иісі Семей өңірінің халқы пір тұтып, табынатын Жандосұлы Би-ата (Кеңгірбайға) Абай елінің тарихының шежіре тақтасындай Қарауыл төбенің баурайы аудан орталығында ескерткіштің ашылу салтанатына ресми хабар беріпті.
Ертелетіп барамын Қарауылға
Күнде сәлем беремін Ұлы Абайға-
деп Қасым ақын жыр төгіп кеткен. Қарауылда1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде ұлтымыздың ұлы ақыны, данышпан данасы Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерекесі дүрілдеп өткенді. Сонда екі мыңнын үстінде ақ шаңқай үйлер көше бойлап сән-салтанат құрғаны әлі көзіміздің алдында.
Айды аспаға шығарған ақ шаңқай қалашықтың ойып тұрып ортасынан Би-Ата мен Тоқырауын бойын көш керуенді бастап келген Қараменді бидің киелі қара шаңырақтары қатар тігілгенді. Кең байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен келген Алты алаштың ұрпақтары қоғадай жапырылып қос бабаның қасиетті дастарханнан дәм татып, рухтарына кезекпен тағзым етіп жатты.
Енді міне абайлықтар араға жылдар салып Қарауылдың баурайында тағы бір тарихи жиын өткізбекші. Аудан әкімі Сағдат Дүйсебеков ағамызды да хабардар еткенбіз.
-Абай елінің абызы Хафиз Матаевтың:- Салып ұрып өздерін келе бермей ортасынан ойып тұрып орын берген Тоқырауындағы басқада бауырлас- ағайындарымызды ұмытпандар дегені есіңде болар деп еді ағамыз.
Кіші жүздің Табын бұтағынан аузында Алласы бар Сәнеке Сағындықұлы, Өскенбай асында Тобықтының туын көтерген (Жанбай) Көтен балуанның ұрпағы Нұрақыш Әзірұлы, Абай елімен ежелден құдандалас сарысүйек Қаракесек шекшектен тараған бүгінгі заманның жаңа қазағы Асқар Омарұлы және жұбайым Кеңжеш Үлкенбайқызы мен кенжеміз Ақмарал жолға щыққанбыз.
Ақтоғай мен Қарауылдың мойны-550 шақырымдық жол болсада көңілімізді көлдей толқытқан қуаныш шалдықтырмай ақ дітдетеген жерге жеткізген.
Салтанатты сәттің де сағат соққан.
– Абай елінде қалыптасқан жақсы дәстүр бар деп сөз бастағанды аудан әкімі Бақыт Сүлейменұлы- әр жылды құр жібермей жұртты рухани қанағаттандыратындай игі шараларды өткізіп тұрады. Оны халықтың өзі ұйымдастырып, өздері өткізеді. Бүгінгі шараның ұйытқысы тұқиядан бастасақ Кеңгірбай Жандос баламыздың ұрпағы беріден айтсақ, Абай романындағы белгілі кейіппкердің бірі Базаралының шөбересі медсанат Меделбек Сарыммырзаұлы дегенде қалың нөпір қошеметтеп қол соғып жатты.
Жан-жағы әсем безендірілген Би-Ата алаңының төрінде екі қабат үйдің биіктігіндей ұлу тастан қашалып жасалған алып мүсін жайғасқан тұғырда «Тобықтының иесі, табынаты киесі. Би-Ата Жандосұлы Кеңгірбай «1735 -1831 жж.» Деген жазудың өрнектері көзге оттай басылады.
Алғашқы құттықтау сөз кезегі Тоқырауыннан Қараменді бабамыздың сәлемін жеткізгелі келген жездеміз Сағындықұлы Сәнеке ақсақалға берілегенде жұртшылық тағы бір қол соғып қошемет көрсеткенді (Олай дейтін жөні бар. Сәнеке ақсақалдың бәйбішесі Тоқырауын бойындағы Тобықты атаның Құттыбай бұтағынан тараған өз заманында ел ағасы атанған Құлсейіттің Мырзабегінің Әния атты қыз еді.)
Сәкен, байыпты қоңыржай үнімен сөз бастап Ақтоғайда су сұрасан сүт беретін балдыздардан мұндағы балдыздар асып түсіп бал жалатып жатыр. Сыйға сый деген халқымыз. Бүгінгі үлкен қуаныштарыңызға күйден шашу-шашайын деп домбыра алдырып «58» атты күйді күмбірлете жөнелді. Соңында күй тарихына тоқталды. Қызыл империя тұсында қазақтың бетке ұстар талай аптал азаматтарының сотсыз ақ үштіктің қолымен «халық жауы» деген 58-ші статиямен жер аударып, ату жазасына кесті. Сондай қианатты басынан өткерген танымал күйші Сарымантайдың Ақыметжаны деген ағамыз осы күйді шығарыпты дегенде алдыңғы қатарда отырған 2-3 бәйбіше топталып келіп Сәкен жездеміздің иығына құндыз жағалы шапан жапқан еді.
Ертесіне Меделбек ағамыз қонақтарды өз көлігімен Абай елінің тарихи орындарын аралатып құс қона оралғанды.
-Ақтоғайдың Қу шоқысындағы ата-бабамыз мәңгілік орын тепкен. Алабайталдан басқа ештене көрмеппіз ғой. Бүгін Пайғамбарымыздың мекенінде болғандай күй кешіп отырмын деп сексеннің сеңгіріне шыққан Сәкен жездеміз алаңайда-бұлаңай болып отырғанды.
Махмұт Жарылғап Балқаш қаласы