14.2-кесте:
continue қосылған while циклінің қадамдары
14.4. Бірінің ішіне салынған while циклі
if
және
for
тұжырымдары сияқты
while
тұжырымы да бірінің ішіне салына алады.
Сонымен бірге, бұл үш амалды өзара араластырып бірінің ішіне сала аламыз.
i мәні
(итерация)
Логикалық
амал
while цикліне
тиесілі
амалдар
if шартты
операторы
Экранға
шығатын
мәтін
i = 0
0 < 3 (True)
i += 1
i == 1
(True)
continue
i = 1
1 < 3 (True)
i += 1
i == 2
(False)
print(i)
2
i = 2
2 < 3 (True)
i += 1
i == 3
(False)
print(i)
3
i = 3
3 < 3
(False)
Циклдан
шығамыз,
себебі
логикалық
амалдың мәні
False
-қа тең
87
Синтаксис
Синтаксис
15
Функция
15.1. Функция
Көп жағдайда бағдарламаны жазу барысында қандай да бір код блогы қайталана
беруі мүмкін. Сол кезде код блогын қайталап жазу — жаман үрдіс. Сол себепті функция
қолданылады. Функция — шақырылған кезде ғана жұмыс істейтін код блогы. Яғни сол
қайталанатын код бөлігін жеке функция ретінде жазып, керек кезде шақыртып
орындаса болады. Сондай-ақ параметрлер ретінде функцияға қандай да бір
деректерді жіберуге де болады. Функция нәтиже ретінде сол параметрлермен қандай
да бір жұмыс атқарып, белгілі бір нәтижеге жете алады. Функцияның қарапайым
мысалы мынадай.
Мысал 15.1:
def my_function():
print("Hello from a function")
Функцияны жариялау үшін
def
кілтті сөзі қолданылады.
def
кілтті сөзінен кейін
функцияның атын жазу керек. Функцияның атын өзіңіз қалағаныңыздай жаза аласыз.
Бірақ функцияның аты ол өзі орындайтын амалдарды сипаттайтындай атау болуы
қажет. Сонымен қатар айнымалыларға атау берген сияқты, функцияларға ат беру
кезінде бас және кіші латын әріптері, сандар және астыңғы сызу (
_
) символын қолдана
алады. Функцияның аты кіші латын әріпімен басталу керек. Функцияның атынан кейін
ашылған және жабылған жақшаны жазамыз. Бұл жақшалардың ішіне функцияға
керекті параметрлерді жазса да болады. Сонымен бірге ешқандай параметрсіз
функцияны жарияласақ та болады. Жабылған жақшадан кейін қос нүкте койып, келесі
жолдан бастап, аралықты қолдана отырып, функцияның денесін жазамыз. Функцияның
денесінде функция атқару керек болатын амалдарды орындаймыз. Жоғардағы мысал
үшін
print("Hello from a function"
) мәтіні функцияның денесі және атқаратын
қызметі болып табылады. Функцияны шақыру үшін функцияның атын, ашылған және
жабылған жақшаларды жазу керек.
Мысал 15.2:
def my_function():
print("Hello from a function")
my_function()
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
Hello from a function
15.2. Функцияның параметрі
Көп жағдайда бағдарламаға функцияға қажетті параметрлерді немесе қандай да бір
деректерді беру керек болады. Мұндай жағдайда деректерді функцияларға параметр
ретінде беруге болады. Параметрлер функцияның атынан кейін жақшаның ішінде
көрсетіледі. Неше түрлі параметрді өз қалауыңыз бойынша функцияға бере аласыз.
Бұл параметрлерді үтір арқылы бөлу керек. Кейбір әдебиеттерде параметрлерді
аргументтер деп те атайды. Төмендегі мысалда функцияға
fname
дейтін бір ғана
параметр жалғанған. Функция шақырылғанда жақша ішінде бізге керекті параметрді
жазу керек.
91
Мысал 15.3:
def my_function(fname):
print(fname + " is kazakh writer")
my_function("Magzhan")
my_function("Akhmet")
my_function("Ilyas")
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
Magzhan is kazakh writer
Akhmet is kazakh writer
Ilyas is kazakh writer
Функцияны жариялағанда жақша ішіне параметрдің атын жазамыз. Содан кейін
функция денесінде сол параметрмен белгілі бір жұмысты орындаймыз. Функцияны
шақырған сайын әр түрлі параметрлер беріп, экраннан әр түрлі мәтіндерді көреміз. Бұл
мәтіндердің айырмашылығы — берілген параметрдің өзгешелігінде.
15.3. Параметрлер саны
Функцияны жариялағанда және шақырғанда параметрлер саны бірдей болу керек.
Мысалы, төмендегі бағдарламада қате бар. Себебі, параметрлер саны бірдей емес, әр-
түрлі.
Мысал 15.4:
def my_function(fname, lname):
print(fname + " " + lname)
my_function("Emil")
Ал мына функция дұрыс орындалады. Себебі, функция жариялаған кездегі және
шақырған кездегі параметрлер саны бірдей.
Мысал 15.5:
def my_function(fname, lname):
print(fname + " " + lname)
my_function("Magzhan", "Kairanbay")
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
Magzhan Kairanbay
15.4. Параметрге тізбекті жіберу
Функцияның параметріне тізбекті де бере аламыз. Төмендегі мысалда тізбек функция
параметрі ретінде беріліп, содан кейін
for
циклі арқылы сол тізбектегі барлық
элементтерді экранға шығарамыз.
92
Мысал 15.6:
def my_function(food):
for x in food:
print(x)
fruits = ["apple", "banana", "cherry"]
my_function(fruits)
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
apple
banana
cherry
15.5. Функцияның қайтару мәні
Егер функция қандай да бір мәнді қайтару керек болса, онда
return
кілтті сөзі
қолданылады.
return
кілтті сөзінен кейін қайтарылатын мән жазылу керек. Төмендегі
мысалды қарастырайық.
Мысал 15.7:
def my_function(x):
return 5 * x
print(my_function(3))
print(my_function(5))
print(my_function(9))
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
15
25
45
Бұл жағдайда қайтарылатын мән параметрді беске көбейткен сан болып табылады.
15.6. Тізбекке қолданылатын функциялар
Тізбектің өзіне қатысты функциялары болады. Тізбекке қатысты функциялардың
кейбіреулері мына кестеде көрсетілген (15.1-кесте).
93
Функцияның аттауы
Сипаттамасы
append()
Берілген элементті тізімнің соңына
қосады
clear()
Тізімнен барлық элементтерді жояды
|