14.1.
While циклі
Циклдің екінші түрі —
while
циклі. Бұл циклдің жазылу жолы мынадай:
___________________________________________________________________________________
while
қандай
да
бір
логикалық
амал
дұрыс
болмағанша
:
қандай
да
бір
амалдарды
орындау
___________________________________________________________________________________
while
циклін түсіндіру үшін төмендегі мысалға назар аударайық.
Мысал 14.1:
i = 0
while i < 3:
print(i)
i += 1
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
0
1
2
Алдымен
i = 0
айнымалысын жариялаймыз. Содан кейін
while
циклінде сол
айнымалы 3-тен кіші болғанша
print(i)
және
i += 1
амалдарын орындаймыз. Яғни
while
кілтті сөзінен кейін қандай да бір логикалық амал шындық (
True
)
мәнге тең
болғанша
while
цикліне тиісті амалдарды орындаймыз. Логикалық амалдан кейін қос
нүкте символы қойылады. Бұл мысалды толығымен түсіну үшін мына кестеге назар
аударайық (Кесте 14.1).
Достарыңызбен бөлісу: