5.5. Айнымалыларды белгілі бір мәнге теңеу
Бірнеше айнымалыны бірнеше мәнге теңеуге болады. Мысалы,
бізде
x, y, z
айнымалылары беріліп, оларды
"Orange", "Banana", "Cherry"
мәндеріне теңеу керек
болсын делік. Ондай жағдайда бұл айнымалыларды төмендегідей жолмен
жариялаймыз:
x = "Orange"
y = "Banana"
z = "Cherry"
Немесе үш жолға үш айнымалыны жариялап, сонан соң
мәнге теңестіргеннен гөрі
олардың бәрін бір жолға былайша жарияласақ болады:
x, y, z = "Orange", "Banana", "Cherry"
Бұлайша жариялау жолы алдыңғы жариялау жолымен салыстырғанда қысқа болады.
Енді, бірнеше айнымалы бір мәнге тең болсын дейік. Мысалы:
x = “Orange”
y = “Orange”
z = “Orange”
Мұндай жағдайда үш айнымалыны үш жолда емес, бір жолға келесідей былайша
аламыз:
x = y = z = "Orange"
5.6.
Айнымалыларды экранға шығару
Айнымалыларды экранға шығарып көрсету үшін
print
функциясы қолданылады. Бұл
функцияны жазғаннан кейін жақшаның ішіне керекті айнымалыны жазу керек.
Мысал 5.6:
name = “Magzhan”
print(name)
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
Magzhan
Экранға бірнеше айнымалыны шығару керек болса, онда оларды үтір символы арқылы
бөліп жазуға болады.
Мысал 5.7:
firstName = “Magzhan”
lastName = “Magzhan”
print(firstName, lastName)
41
6.1. Деректер типі
Python тілінде деректердің типі төмендегідей болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: