Жасанды Интеллект инженері болу



Pdf көрінісі
бет8/17
Дата02.12.2023
өлшемі3,18 Mb.
#132043
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
PythonBook

3.1-сурет
Бағдарламаны әзірлеу редакторын ашып (Visual Code, Notepad++, Sublime, Atom және тағы 
басқа), сонда 
print(“Salem alem”)
мәтінін жазу.
2. Кейін бұл мәтінді файл ретінде сақтауымыз керек. Біздің жағдайда оны main.py 
файлы ретінде сақтадық. Мұндағы .py — Python файлы екенін білдіреді (3.2-сурет). 
Файлды сақтау үшін Shift + Command + S батырмаларын бір мезетте бассаңыз болады. 
3. Python (.py) файлы ретінде сақтағаннан кейін, файлдағы мәтін түстері өзгереді (3.3-
сурет).
4. Кейін терминал немесе консольді ашып, файл орналасқан жерге дейін бару керек. 
Ол үшін cd командасын қолданамыз. Яғни cd командасын жазып, одан кейін папка 
атауын жазу керек (3.4-сурет).
27


3.2-сурет: 
Бағдарламаны Python (.py) файлы ретінде сақтау
3.3-сурет: 
Бағдарламаны Python (.py) файлы ретінде сақтағаннан кейін мәтін түстері өзгереді
28


3.4-сурет: 
Терминал немесе консольді ашып, файлымыз орналасқан жерге дейін cd командасы арқылы 
жету
3.5-сурет: 
Python бағдарламасын python3 немесе python командасы арқылы жүргізу
5. Python бағдарламасына жеткеннен кейін бағдарламамызды python3 немесе python 
командасы арқылы жүргізу керек. Ол үшін python3 немесе python командасын жазып, 
содан кейін біздің файл атауын жазған керек, яғни python3 main.py немесе python 
main.py (3.5-сурет). Бұл командадан кейін экранға 
“Salem alem”
мәтіні шығады. 
29


3.6-сурет: 
Python бағдарламасына өзгеріс енгізу
3.7-сурет: 
Өзгерген бағдарламаның нәтижесін экранға шығару
30


6. Енді бұл бағдарламаға келесі түрлендіру тәсілдерін енгізейік. Яғни 
print(“Salem 
alem”)
мәтінінен кейін 
print(2 + 2)
кодын қосамыз. Бұл кодты косқаннан кейін,
бағдарламаны қайта жүгіртейік (3.6, 3.7-суреттер). Ол үшін 
python3 main.py
командасын қайта жазамыз. Бұл командадан кейін экраннан 
Salem alem
және 
4
мәтіндерін көреміз.
3.2. Python тіліндегі шегініс (Tab)
Шегініс (Tab немесе табуляция) — код жолының басындағы бос орындарды атайды. 
Басқа бағдарламалау тілдерінде кодтағы шегініс әдемі код жазу үшін қолданылса, ал 
Python бағдарламалау тілінде шегініс өте маңызды және шегіністің дұрыс қолданылуы 
бағдарламаның дұрыс жұмыс істеуіне тікелей әсер етеді. Python тілінде код блогтарын 
жазу үшін шегіністер пайдаланады. Мысалы, төмендегі код бөліктерінде шегіністердің 
дұрыс және бұрыс қолданылуы көрсетілген.
Бір код блогында бірдей шегіністерді пайдалану керек, әйтпесе Python коды қате 
көрсететін болады. Төмендегі мысалда қате код блогы көрсетілген, себебі, бір код 
блогында түрлі шегініс саны қолданылған.
if 5 > 2:
print("Salem alem")
print("Salem alem")
31
Шегіністің дұрыс қолданылуы
if 5 > 2:
print("Salem alem")
Шегіністің дұрыс мес қолданылу мысалдары
if 5 > 2:
print("Five is greater than two!")
if 5 > 2:
.
print("Five is greater than two!") 
if 5 > 2:
.......
print("Five is greater than two!") 


Синтаксис


Синтаксис


4
Пікір


Бағдарлама жазу барысында кейбір жерлерінде бағдарламаның түсінікті болуы үшін 
пікір жазуға тура келеді. Сонымен бірге бағдарламаның кейбір бөліктерін толығымен 
баяндау кезінде де пікірлер жазуға тура келеді. Бағдарламаны топпен бірге жазу 
барысында, сіздің жазған бағдарламаңызды кейін басқа біреулер жалғастырып жазуы 
да мүмкін. Сол кезде дұрыс құжатталған және түсініксіз жерлері пікір арқылы 
түсіндірілген код жоғарғы деңгейдегі код болып табылады. Сол себепті код жазу 
барысында кодыңызға пікір қосып жазу жақсы үрдіс болып есептеледі. Бұл бөлімде 
Python тіліндегі пікірлермен танысатын боламыз.
4.1. Бір жолды пікір
Python тілінде пікірлерді бір немесе бірнеше жолға жазуға болады. Бір жолдан тұратын 
пікірді жазу үшін 
#
символы қолданылады. Яғни 
#
символынан кейін жазылған мәтін 
код емес, бірақ ол қарапайым мәтін болады. Бұл мәтінге өзіңіз қалаған сөздеріңізбен 
кодқа түсіндірме жазуыңызға болады. Python тілі бұл пікірді код ретінде 
қарастырмайды. 
Мысал 4.1:
a = 2 
# a 
саны
2-
ге
тең
болса
b = 3 
# b 
саны
3-
ке
тең
болса
4.2. Бірнеше жолды пікір
Бірнеше жолдан тұратын пірікді жазу үшін бір жолды пікірді бірнеше жолға бөліп 
жазуға болады. Мысалы:
Мысал 4.2:
# a 
саны
2-
ге
тең
болса
# b 
саны
3-
ке
тең
болса
a = 2 
b = 3 
Бір жолды піріклер бірнеше жолға бөліп жазылған. Сонымен бірге бірнеше жолды 
пікірлерді төмендегідей етіп жазса да болады. Яғни пікірді бастарда 
"""
символдарын 
және аяқтарда 
"""
символдарын жазамыз. Пікірді бұлай жазу жолын түсіну үшін 
жоғардағы мысалды былайша түрлендіреміз.
Мысал 4.3:
"""

саны
2-
ге
тең
болса

саны
3-
ке
тең
болса
"""
a = 2 
b = 3 
35


Синтаксис


Синтаксис


5
Айнымалы


5.1. Айнымалы
Айнымалылар деректерді жадта сақтап, олармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
Айнымалыларды жариялағанда, алдымен оның атын жазып, кейін оны қандай да бір 
мәнге теңестіреміз.
Мысал 5.1:
a = 2
b = “Salem”
print(a) 
print(b)
____________________________________________________________________________________________
Экранға шығатын мән:
2
Salem
Python тілінде айнымалыларды жариялағанда, олардың типін көрсетпейміз. 
Жоғарыдағы мысал үшін 
a
айнымалысы сандық типте болса, 
b
айнымалысы мәтіндік 
типте болады. Бірақ әр айнымалы үшін олардың типін көрсетпей, тек олардың атын 
және сәйкесінше теңестірілген мәнін көрсетеміз. 
5.2. Айнымалыны басқа типке өзгерту (casting)
Айнымалыларды бір типтен екінші бір типке өзгерте аламыз. Бағдарламалауда бұл әдіс 
— casting деп аталады. Casting-тің жұмыс істеу принципін көру-білу үшін төмендегі 
мысалды қарастырайық. Мәселен, 3 санын үш түрлі типке өзгерту керек делік. Бірінші 
тип — мәтіндік тип, екінші тип — бүтін сандық, ал үшінші тип — нақты сандық тип 
болсын. Яғни бірінші жағдайда біз мәтіндік дерекпен, екінші жағдайда бүтін сандық 
дерекпен, ал үшінші жағдайда нақты сандық дерекпен жұмыс істейміз. 
Мысал 5.2:
x = str(3) # x — '3'-
ке
тең

яғни
x — 
мəтін
y = int(3) # y — 3-
ке
тең

яғни
y — 
бүтін
сан
z = float(3) # z — 3.0-
ке
тең

яғни
z — 
нақты
сан
5.3. Мәтіндік айнымалы
Мәтіндік айнымалыларды жариялағанда мынадай тырнақшалар қолданылады: 
“”
немесе 
‘’
. Яғни айнымалының мәні осы тырнақшалардың ішінде орналасуы керек. 
Мысал 5.3:
name = “Magzhan”
name = ‘Magzhan’
5.4. Айнымалылардың аталуы
Айнымалыларға қандай да бір атау бергенде, оларға қысқаша атаулар (
x, y, z
т.б.) 
немесе сол айнымалыны сипаттайтын толық атау беруге болады, мысалы: 
first_name 
(адам аты),
39


last_name 
(жөні) және т.б. Айнымалыға атау бергенде төмендегі заңдылықтарды 
ұстану керек:

Айнымалының атауы әріппен немесе астын сызу таңбасымен (
_
) басталуы керек.

Айнымалының атауы саннан басталуы керек.

Айнымалының атауы тек әріптік-сандық таңбаларды және астын сызу (
A-z

0-9
және 
_
) символдарын қамтуы керек.

Айнымалының атауларында қарапайым әріп пен бас әріптердің өзгешелігін 
ескерген жөн, мысалы:
age

Age 
және 
AGE 
үш түрлі айнымалы болып табылады.
Төмендегі мысалда айнымалыға дұрыс атау беру жағдайлары көрсетілген.
Мысал 5.4:
myvar = "Magzhan"
my_var = "Magzhan"
_my_var = "Magzhan"
myVar = "Magzhan"
MYVAR = "Magzhan"
myvar2 = "Magzhan"
Ал төмендегі мысалда, керісінше, айнымалыларға бұрыс атау беру жағдайлары 
көрсетілген.
Мысал 5.5:
2myvar = "Magzhan"
my-var = "Magzhan"
my var = "Magzhan"
Бірнеше сөзден тұратын айнымалыларды оқу қиынға түсуі мүмкін, мысалы: 
firstname, 
lastname, cityoforigin
және т.б. Бұл жағдайда төмендегідей стильдер қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет