Жасанды интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым



бет1/4
Дата21.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#44606
  1   2   3   4
Байланысты:
Жасанды интеллект 7 лек

Дәріс -7. Жасанды интеллект технологиялары және машиналық оқыту. Тюринг Тесті. Табиғи тілді өңдеу. Компьютерлік көру. Робототехника.

Жасанды интеллект - интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым.

"Жасанды интеллект" сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған. Маккартиге сәйкес "жасанды интеллектіні" зерттеушілер нақты проблеманы шешу үшін адамдарда байқалмайтын интеллектіні зерттеуіне болады. Сонымен қатар, интеллект тек қана биологиялық феномен деген де көзқарастар бар. Шындығында, жасанды интеллект Джон Маккартиге дейін де қолданылған. Тек оған дәл осы атау берілмеген болатын. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Алан Тюринг есімді ағылшын математигі немістің құпия ақпаратын бұзып, оны шифрдан шығаратын машина құрастырады. Алан Тюринг соғыс кезінде Германияның әскери-теңіз флотының хабарламаларына криптоанализ жасайтын ағылшын үкіметінің Hut 8 атауына ие тобына жетекшілік еткен. Ол немістердің Энигма аппаратының кодын бұзып, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалады. Соғыстан кейін ағылшын ғалымы алгоритмдік анализ жасаумен айналысып, 1950 жылы компьютер интеллектінің деңгейін анықтайтын тест әдісін жасап шығарады. Тюринг тесті бүгінгі күнге дейін қолданылады.

Уақыт өткен сайын жасанды интеллект (AI) дамуы артты. Ядролық энергияны бейбіт және деструктивті мақсаттар үшін пайдалану; мұнай өндірудегі энергетикалық мәселелерді шешу және жаңа материалдарды синтездеу үшін шикізат алу – адамзаттың өмірін өзгерткен өнертабыстар. Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Содан бері бұл саланы зерттеушілер мен оған қызығушылық танытушылар күн санап артып келеді. Жон мырзаның пайымдауынша, жасанды интеллект екі бағытта жүзеге асады. Біріншісі, адамның интеллектуалды әрекетін қарастырса (есептер мен теоремаларды шешу, т.б.); екіншісі адамның саналы іс-әрекетін қарастырады. |



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет