Жасанды интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар мен машиналар жасау технологиясы әрі ғылым



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі0,76 Mb.
#44606
1   2   3   4

Қазірдің өзінде жасанды интеллект өзекті қолданбалы мәселелерді шешу үшін қолданылады: - сараптамалық жүйелер жоғары білікті мамандар жетіспейтін орында тиімді шешімдерді жасауға көмектеседі (қашықтықтан оқыту, медициналық диагноздарды алдын-ала қою және т. б.); - автономды құрылғылар адамның денсаулығына зиян келтірместен немесе өмірге қауіп төндірмейтін ортаны зерттейді (ғарыш, мұхит тереңдігі, өрт немесе радиоактивті ластану аймақтары және т. б.); -IBM-нің Watson немесе Google компаниясының DeepMind Health сынды технологиялары дәрігерлердің жұмысын жеңілдетуде, тіпті, адам көзі аңдай бермейтін ішкі ағзалардағы ісіктерді анықтауда үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ Жапонияда жыл сайын дәрігерлердің саны 2,7%-ға ғана артатын болғандықтан, дәрігерлерге деген қажеттілік күн тәртібінен түспей тұр. Күншығыс елі бұл мәселені шешу үшін медицина саласына жасанды интеллект енгізбекші. Ол үшін бюджеттен 100 млн доллар қаржы бөліп отыр. |

Тьюринг тесті — 1950 жылы "Mind" журналында жарияланған "Есепетеуіш машиналар мен сана" мақаласында Алан Тьюринг ұсынған эмпирикалық тест. Тьюринг өз алдына "Mашинаның ойлау қабілеті бар ма?" деген сұрақты қойды. Бұл тесттің стандартты түсіндірмесі келесідей: Адам бір компьтермен және басқа бір адаммен тілдеседі. Сұрақтарына берілген жауаптар негізінде ол адаммен немесе компьютерлік бағдарламамен тілдесіп жатырғанын анықтауы қажет. Компьютерлік бағдарламаның мақсаты - адамды теріс таңдау жасатып, шатастыру. Тесттің барлық қатысушылары бір-бірін көрмейді. Егер әділқазы әңгімелесушінің қайсысы адам екенін дәл айта алмаса, бағдарлама тестті сәтті өтті деп есептелінеді. Машинаның ауызекі тілді тани білу қабілетін емес, интеллектін тесттілеу үшін әңгіме тек мәтін режимінде жүреді. Тьюринг өмір сүрген кезде компьютерлер адамға қарағанда жай жауап қайтаратын болды. Қазіргі таңда олар адаммен салыстырғанда әлдеқайда жылдам.

Тьюринг тестінің артықшылықтарының бірі - кез келген тақырыпта әңгімелесу мүмкіндігі. Тьюринг: "Сұрақтар мен жауап беру тәсілдері біз талқылағымыз келетін адам қызығушылықтарының барлық салалары үшін үйлесімді", - деп айтты. Джон Хогеленд: "сөз мағынасын түсіну жеткілікті емес; сонымен қатар, әңгіменің тақырыбында жақсы түсінік болу қажет", - деп өз ойын қосты. Тьюринг тестінің тағы бір артықшылығы оның қарапайымдылығына байланысты. Философтар, психологтар және замануи неврологтар интеллект және ойлау қабілетіне дәл анықтама бере алмай, олардың машиналарға қолданылу мүмкіндігі жөнінде дәл ештеңе айта алмайды. Осындай анықтамасыз философияның жасанды интеллект туралы сұрақтарына жауап беріле алмайды. Тьюринг тесті мінсіз болмаса да, ең болмаса өлшеуге болатын нәтиже ұсынып, күрделі философиялық мәселердің прагматикалық шешімі болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет