Жасару құпиясы. Ауру


ҚАНДАЙ НӘТИЖЕЛЕР КҮТУГЕ БОЛАДЫ?



Pdf көрінісі
бет18/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

171. ҚАНДАЙ НӘТИЖЕЛЕР КҮТУГЕ БОЛАДЫ? 
 
Бауырыңыз  бен  өтіңізді  тазалап  болғаннан  соң,  үлкен  дәретіңізден  байқайтыныңыз: 
бастапқыда тастар мен тамақ қалдықтары шығады, соңынан тастар мен су ғана шығады. 
Тастардың  көпшілігінің  түстері  жасылдау  суға  батпайды.  Себебі,   запыран  (желчной)    
қышқылы – холаттан құралады. Тастар әр түрлі түсте және пішінде, мөлшерде болады. 
 
Жаңадан  құралғандары  –  ақ  түстес,  ең  ескілері  –  қара  түстес  болады.  Кейбіреулерінің 
көлемі  тарыдай,  енді  біреулерінің  диаметірі  2-3  см.  Қоңыр  және  ақ  түске  де  назар 
салыңыз.   Үлкендері  суға  батып  кетеді.  Олар  кальций  –  фосфор  қышқылымен 
қосылғандағы – фосфаттан пайда болғандар.  Бұларда салыстырмалы түрде холестерин аз, 
есесіне  улы  ауыр  қалдықтар  көп.  Барлық  жасыл  және  сарғыштау  өңдес  тастар  алма 
қышқылының әсерінен жұмсақ болады. 
 
Сіз  үлкен  дәретіңізден  ақ  не  қоңыр  түстес  көбік  байқауыңыз  мүмкін.  Бұлар  ұсақ 
арналарды  зақымдайтын,  өткір  жақтаулары  бар  холестериннің  миллиондаған  қиыршық 
кристалдары. Бұлардан да құтылған абзал. 
 
Мөлшермен болса да өзіңізден бөлініп шыққан тастарды санаңыз. Арқаңыздың ауруынан, 
аллергиядан,  т.б.  аурулардан  біржола  құтылу  үшін  бауырыңыздағы  тастардан  толық 
тазалауыңыз шарт. 
 
Бұл үшін аралығы екі апта не бір айда – алты рет тазалануыңыз қажет (екі аптадан жиі 
емес). Егер бауырыңызды жартылай ғана тазалап, ұзақ уақыт бойы тазаламасаңыз (үш ай 
не одан ұзақ) Сізге бастапқыдан да ауыр, мүшкіл халге ұшырауыңыз мүмкін. 
 
Бірінші тазаланудан кейін-ақ бауырыңыз жақсы жұмыс істей бастайды. Денсаулығыңыз 
бірнеше  сағаттан  кейін  күрт  жақсарып  кетуі  мүмкін.  Ауруыңыз  бәсеңдеп,  өзіңізге  күш-
қуат құйылып, ойларыңыз мөлдірлене бастайды. 

 
143 
 
Бірнеше  күннен  кейін  бауырыңыздың  артына  жиналған  тастар  алдыға  жылжып,  осы 
мүшенің  запыран  ағатын  екі  арнасына  бағыт  алады.  Осы  кезеңде  бастапқы  кездегідей 
ыңғайсыз жағдай болуы мүмкін. Осы сәтте сіздің түңіліп кетуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл әлі 
бауыр  тастардан  толық  тазаланбағанының  дәлелі.  Келесі  тастардың  топтамасы  шығуға 
дайын. 
 
Бауырдағы  ұсақ  тастар  жіңішке  арналармен  жылжып  келгенде,  үлкен  тастар  бірігіп 
қомақты  кесекке  айланғанда  бұрынғы  бас  ауруыңыз,  арқаңыздың  ауруы,  құлағыңыздың 
шыңылы,  асқазаныңыз,  ішіңіздің  кебуі,  кінәмшылдығыңыз,  ашушаңдығыңыз  т.б.  толып 
жатқан келеңсіздіктер бас көтереді. 
 
Егер  кезекті  тазалануда  тастар  түспесе  онда  бауырыңыз  толық  тазаланғаны.   Қалыпты 
жағдайда бұл 6–8 рет тазаланғаннан кейін байқалады. Бауыр тасқа толып кеткен жағдайда 
10–
12 рет тазалану қажет, сонда ғана бауырыңыздағы тастардан толық арыласыз. 
 
Толық тазаланып болғаннан кейін алты ай сайын бір рет жуып-шайып тұру шарт. Әрбір 
тазалану – бауырды жиналып, қорланып қалған улардан тазалайды. 
 
Ескерту:  Қатты  ауырып  жүрсеңіз,  тіпті  кәдімгі  тымау тисе  де бауырыңызды  тазалаушы 
болмаңыз! Егер ауыруыңыз созылмалы болса, бауырды тазалау – таптырмайтын ем! 
 
172. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ 
 
 
Өздерің  орындамасаңдар  да  елге  насихат  айта  беріңдер,  бәлкім,  жаман  істен  өзіңді 
сақтамағанмен, өзгелерді сақтап қаласың.    Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 
 
 
Бауырды  тазалау  –  денсаулықты  қалпына  келтіретін  әрі  көп  қаражат  тілемейтін  және 
сауатсыз  дәрігердің,  дүмше  бақсы-балгердің  көмегін  қажет  етпейтін  бірден-бір  қауіпсіз 
сенімді әдіс. 
 
Егер жоғарыда жазылған нұсқауларды мүлтіксіз сақтасаңыз, ешқандай қауіп-қатер жоқ. 
Бірақта, келесі нұсқауларға ерекше көңіл аударыңыз. Кейбір пенделер бауырды тазалауды 
интернет  арқылы  немесе  таныстары  арқылы  шала-пұла  түсініп,  тазаланғаннан  соң 
келеңсіз  жағдайларға  ұрынып  жатады.  Олардың  ойынша  бауырдағы  тастарды  түсірсем 
болды, атша шауып кетемін дейді. 
 
Тазалану барысында кейбір тастар тоқ ішекте тоқтап қалуы мүмкін. Бұл тастарды тезірек 
ішекті жуып түсіру қажет. Бұны тазаланып болған соң 2-3 күннің аралығында істеу керек. 
Егер тастар тоқ ішекте ұзақ жатып қалса, онда инфекция, бас ауруы, ашушаңдық, іш кебу, 
адам жақтырмау т.б. толып жатқан кеселдердің себебі болады. 
 
Бұл тастар бүкіл ағзаны улайды. Егер сумен арнайы тазалайтын орындар жоқ болса онда 
ең  тиімдісі  1  стакан  жылы  суға  1  үлкен  қасық  ағылшын  тұзын  салып  таңертең  ішіп 
алыңыз.  Сонда  күні  бойы  ішіңіз  сарылдап  өтіп,  ішегіңіз  толық  тазаланатын  болады. 
Тастар түгелдей түсіп қалады. 

 
144 
 
173. ІШЕК ПЕН БҮЙРЕКТІ ТАЗАЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
 
Үмбеттерім  үшін  ең  қатты  алаңдайтын  жайларым:  қарын  шығарып  семіру, 
ұйқышылдық, жалқаулық және өзінің әлсіздігіне сенімді болу.   
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
  
Бауырдағы  тастарды  түсіру  керемет  нәтиже  берсе  де,  бұл  тазалауды  алдымен  ішек  пен 
бүйректі тазалап алып барып кірісу шарт. Ішекті тазалағандағы мақсатымыз – бауырдан 
шыққан  тастар  ішекте  тұрып  қалмас  үшін  жасалады.  Бүйректерді  тазалағандағы 
мақсатымыз  –  бауырдан  шыққан  улар,  шығару  жүйесінің  мүшелерін  зорықтырып 
жібермеу үшін жасалады. 
 
Егер бүйрегіңізде, қуығыңызда шырғалаң жоқ болса онда бүйрегіңізді тазаламай бірден 
ІШЕК – БАУЫР – ІШЕК кезегімен тазалана беруіңізге болады. Сонда да, екі бүйрегіңізді 
жуып-шайыңыз,  тазалаңыз  (бұған  кейінірек  тоқталамын.  Автор).  2-3  рет  бауырыңызды 
тазалағаннан кейін бүйректеріңізді тазалаңыз немесе бір қорап бүйрек шәйін ішіңіз. 
 
Ішегі  дұрыс  шығармайтын  немесе  жиі-жиі  бітеліп  (запор)  қалатын  адамдар  бауырын 
тазаламас  бұрын  ішегін  алдын-ала  2-3  қайтара  жуып-шайып  тазалап  алсын.  Тағы 
қайталаймын,  бауырды  тазалауға  3  күн  қалғанда  ішегіңізді  жуып-шайып  толықтай 
тазалаңыз. Әйтпесе, бауыр мен өттен шыққан тастар тоқ ішекте тұрып қалулары мүмкін. 
 
174. МҮМКІН БОЛАТЫН ШЫРҒАЛАҢДАР: 
 1.     
АЛМА ҚЫШҚЫЛЫНА АЛЛЕРГИЯ 
 
Белгілі  бір  себептермен  алма  қышқылын  жақтырмасаңыз   онда  ВЕРЕБЕЙНИК  (GOLD 
COIN  GRASS)  немесе  ВОЗДУШКА  (БУПЛЕРУМ)  шөптерінің  тұнбасымен  алмастыруға 
болады. Бұл шөптер дәріханаларда және интернет дүкендерде сатылады. 
 
Алма  қышқылы  тастарды  жұмсартып,  запыранның  қалдықтарын  жақсы  ерітеді. 
Жоғарыда  айтылған  шөп  тұнбалары  да  осындай  қасиеттерге  ие.  Бұл  шөп  тұнбасын 
таңертеңмен  аш  қарынға  тамақ  ішерге  30  минут  қалғанда  үлкен  қасықпен  күніне  1  рет  
ішіңіз. Бауырды тазалар алдында 8-9 күн ұдайы ішіңіз. 
 2.       
СІЗ  ӨТІҢІЗДІ  АЛЫП  ТАСТАҒАНСЫЗ  БА?     НЕ  БОЛМАСА  ӨТІҢІЗДЕГІ 
ТАСТАРДАН ЗАПА ШЕГІП ЖҮРСІЗ БЕ? 
 
Егер өтіңізде тас толып тұрса немесе өтіңізді алдырып тастаған болсаңыз ВЕРЕБЕЙНИК 
шөбінің  тұнбасын  бауырды  тазалау  алдында  2-3  апта  ішіңіз.  (Бұған  дайын  250  мл 
тұнбаның 1 қорабы кетеді). 
 3.     
КІМГЕ АЛМА ШЫРЫНЫН ІШУГЕ БОЛМАЙДЫ? 
 
Сусамыр  –  қант  диабеті,  гипогликемия,  кандидоз,  асқазанының  жарасы  барларға,  рак 
ауруларына  шалдыққандарға  алма  шырынын  ішуге  болмайды.  Бұл  жағдайда  олар  алма 

 
145 
шырынын – ұнтақ  не капсула түрінде шығарылған алма қышқылымен (яблочная кислота) 
алмастыра алады. Дайындық 6 күнге созылады. 
 
Әр  күні  2  стакан  жылы  суға  ертілген  1500-2000  мг  алма  қышқылын  дайындайсыз.  Бұл 
тұнбаны  аз-аздап  ұрттап  күні  бойы  ішесіз.  Келесі  тазаланғанда  ВЕРЕБЕЙНИК  шөбінің 
тұнбасын  ішіп  көріңіз.  Қайсы  жақсы,  соны  таңдайсыз.  Алма  қышқылы  (магний  т.б. 
қоспалар қосылмаған) арзан, барлық дәріханаларда сатылады. 
 4.     
ТАЗАЛАНҒАННАН КЕЙІН БАСТЫҢ АУРУЫ, ЖҮРЕКТІҢ АЙНУЫ 
 
Бұл  нұсқауды  толық  сақтамағаннан  болады.  Кейбір  жағдайларда  тазаланып  болғаннан 
кейін  де  тастар  шыға  береді.  Осы  тастардан  бөлінген  улар  қанға  араласып  кетіп 
келеңсіздік туғызады. Бұл жағдайда 7 күн үзбей жарты стакан алма шырынын таңғы асқа 
жарты сағат қалғанда ішіп тұрыңыз. Ішегіңізді тағы толықтай тазалаңыз. 
 5.     
ТАЗАЛАНУ БАРЫСЫНДА ӨЗІҢІЗДІ ЖАМАН СЕЗІНУІҢІЗ 
 
Егер барлық нұсқауларды мүлтіксіз сақтап, сонда да тазалану барысында өзіңізді жаман 
сезінсеңіз  шұрқ  етпеңіз.  Сирек  жағдайларда  тазаланғаннан  кейін  құса  бастайсыз.  Осы 
сәтте  өтіңіз  запыран  мен  тастарды  сондай  күшпен  лақтыратыны  соншалық,  ішкен 
майыңыз  бен  шырыныңыз  ішекпен  жоғары  өрлеп  асқазанға  түседі.  Осы  сәтте  жүрек 
айниды. Бірақ, тастардың шығып жатқанын сезесіз. Бұл сәтте еш жеріңіз ауырмайды, тек 
жеңіл толғақ келгендей болады. 
 
Бұндай жағдай сізбен болса шыдаңыз. Бір түнгі жайсыздықты өтіңді сылып алып тастаған 
оперпциямен салыстыруға келе ме? ! 
 6.     
ТАЗАЛАНУ КҮТКЕН НӘТИЖЕНІ АЛЫП КЕЛМЕЙДІ 
 
Адамдар да өсiмдiк тәрiздi, жақсы күтiлмесе, жайнап өспейдi.  
Ш. Монтескье 
 
 
Өте  сирек  болса  да  бауырды,  өтті  тазалау  күткен  нәтижені  алып  келмейді.  Төменде 
осылардың себебіне және қалай қалпына келтіруге болатынына тоқталайық: 
 
1.  Запыран  ағатын  арнаның  бітеліп  қалғаны  сонша,  қатып  қалған  дәрет  қалдықтары  – 
алғашқы  тазалануда  алма  шырынын  ары  жібермейді,  өткізбейді.  Бұл  тоспа  бітеуді 
«КИТАЙСКАЯ ГОРЕЧЬ» шөп тұнбасымен тазалауға болады. Осы шөптер ГОРЕЧАВКА 
және ВОЛОДУШКА шөп тұнбалары деп дәріханаларда сатылады. 
 
Шөп  тұнбасын  таңғы  астың  алдында  үлкен  қасықпен  ішіңіз.  Бұны  3  апта  ішесіз, 
күнделікті  алма  шырынын  қосып.  Алма  шырыны  жақпаса  жоғарыда  айтылған  шөптерді 
қосасыз. Осыдан соң барлық келеңсіздіктер 3-6 күннен кейін жоғалады. 
 
2. Сіз нұсқауды толық сақтамадыңыз. Нұсқаудың бір шартын бұзсаңыз болды нәтиже ала 
алмайсыз.  Сондықтан  жоғарыда  айтылған  нұсқауларды  бұлжытпай  сағат-сағатымен, 

 
146 
минут-минутымен  мүлтіксіз  орындауға  тиіспіз.   Кейбір  кездерде  ішекті  алдын-ала 
тазаламасаңыз ешбір нәтиже бермейді. 
 
Тоқ  ішегіңізде  толып  кептеліп  тұрған  қоқыр-соқыр  қалдықтар,  газ  –  оливко  майы  мен 
лимон шырыны қоспасының еркін жүруіне, жылжуына, ағуына бөгет жасайды. 
 
175. 
Тылсым 
дүниенің 
барының 
нақтылы 
өзім 
білетін 
дәлелім 
 
Тылсым  дүниенің  барының  нақтылы  өзім  білетін  дәлелім:  2006  жылдан  бастап  бес 
жылдың  аралығында,  он  бір  кітап  жазуым.  Тағы  таңқалатыным  –  ешқандай  да  қаржым 
болмаса  да,  ешбір  демеушісіз-ақ  кітаптарымның  із  суытпай,  бірінен  кейі  бірі  баспадан 
шығып 
жатуы 
және 
қолдан-қолға 
тимей 
таралуы. 
 
Кітап жазудағы ерекшелігім еш уақытта ойланбаймын. Тек қана қажетті материалдарды 
сұрыптап,  солардың  негізгі  идеяларын  аламын,  орысша  болса,  еркін  аударма  әдісімен 
қолма-қол  еш  қиналмай-ақ,  негізгі  айтайын  деген  ойды  ғана  аударамын. 
 
Компьюторда отырғанда сөздер мен сөйлемдер лек-легімен ғарыштан құйыла береді. Тек 
компьютерге теріп үлгер. Тағы бір ерекшелігім, жазған нәрсемді қайта түзеп өңдемеймін, 
жүрегіммен қалай қабылдадым, солай қағаз бетіне айна қатесіз, қаз-қалпында түсіремін. 
Тіпті  шынын  айтсам,  қазақ  тілі  грамматикасы  ережелерінен  мүлдем  бейхабармын, 
ұқпаймын. 
 
Жазған  он  бір  кітабымның  жалпы  тиражы  отыз  жеті  мың  дана.  Жазған  кітаптарым 
баспадан шыға салысымен-ақ қолдан-қолға тимей тарап кетеді. Оқырмандарым әлі күнге 
дейін  сатылып,  таралып  таусылып  кеткен  кітаптарымды  қайдан  алуға  болады,  тауып 
беріңізші деп жиі телефон шалады, кей кездерде ризашылықтарын білдіру, арнайы танысу 
үшін ат сабылтып үйге келеді. Кітапқа алғыстарын айтады, ақ жүректерін ақтарады, шын 
пейілдерін білдіреді, бетімнен құшақтап сүйеді, алғыстарын айтады, ақ баталарын береді, 
пендеге 
осыдан 
артық 
қандай 
құрмет, 
қандай 
атақ 
керек!  
 
Мен  не  журналист,  не  жазушы,  не  тіл  маманы  емеспін,  бар  болғаны  бүкіл  саналы  30 
жылғы өмірін қаймағы бұзылмаған қазақ ауылдарында механизаторлардың, дихандардың, 
комбайнерлердің  арасында,  егістік  алқаптарда  шаң-шаң  болып,  күнге  тотығып  жүріп 
өткізген  қарапайым  агрономмын.  Мен  бәлендей  шіреніп  колхоз,  совхоз  басқарып, 
директор 
не 
үлкен 
дәрежелі 
қызмет 
істеп, 
кісімсіген 
кісі 
емеспін. 
 
Бірақ,  бала  күннен  кітап  оқуды  керемет  ұнатамын,  аптасына  бір  кітап  оқымасам  өзімді-
өзім қоярға жер таба алмаймын. Қандай жұмыста болмасын, қолымнан күндіз-түні кітап 
түспейді,  машинаның  ішінде  көлікті  жүргізушім  айдап  келе  жатқанда,  уақытты  зая 
жібермейін деп оқи беремін. Осы әдет қалыптасқанына жарты ғасырға жуық уақыт болды. 
 
Мектепте,  мөлшері  7-ші  сыныпта  оқып  жүргенде  мектептің  кітапханасындағы 
кітаптардың бәрін де түп-тұқиянына дейін қалдырмай оқып, үнемі жаңа кітап іздейтінмін. 
Бала күнімнен сүйіп оқитын кітаптарым «Батырлар жыры», «Қазақ ертегілері», «Мың бір 

 
147 
түн».  Бауыржан  Момышұлы  мен  Қасым  Қайсеновтың  кітаптарын  қайталап  оқудан 
жалыққан емеспін. Екі арысқа еліктеймін, тәлім-тәрбие аламын. 
Бауыржан Момышұлының барлық шығармаларын жаттап алдым десем де болады. (Екеуі 
де  кәсіпқой  журналист  не  жазушы  емес).  Мектеп  бітірген  соң  орысша  кітаптарды  оқуға 
үйрендім. Пушкин, Чехов пен Гогольдің кітап жазудағы тілдеріне тәнті болдым. Әлі күнге 
дейін  Джек  Лондонның  шығармалары  таң  қалдырады.  Қазір  кітап  жазғанда  осы  ұлы 
жазушыларға еліктеймін, солар сияқты қарапайым халықтың тілімен жазуға тырысамын. 
Қазақ тілінде оқитындарым: әлемдік деңгейдегі данышпан хакім Абай мен әулие Шәкәрім 
бабаларымыздың  баға  жетпес  –  рухани  асыл  шығармалары.  Сондай-ақ,  қасиетті  Құран 
мен  барлық  діни  ағымдардағы  киелі  кітаптар.  Құранның  орысшасын  оқимын.  Қазір 
орысшаға  аударылған  рухани  кітаптардың  бірде-біреуін  жібермеуге  тырысамын. 
 
Әлі  күнге  дейін  кітап  дүкені  кездессе  болды,  кітапсыз  шықпаймын.  Кітапқа  ешуақытта 
ақша  аяған  емеспін.  Осы  қасиеттерді  менің  бойыма  дарытқан  аяулы  анам  Бибірәбиға 
(Рәш)  Нүсіпқызы,  себебі  ол  кісі  кітаптан  басын  алмай  жатып  алып  оқитын,  одан  әрі 
ынталандыра  түскен  –  асқар  таудай  әкем  Риза  Мұқашбекұлы  болды.  Себебі  10-14  жас 
аралығымда  әкем  менің  оқыған  кітаптарымның  мазмұндарын,  қалай  түсінгенімді,  алған 
әсерімді ерінбей сұрап жігерлендіріп, мақтауымды асырып, қанат бітіріп отыратын. Жас 
балаға  әкенің  мақтауынан  артық  қандай  құрмет,  қандай  бақыт  керек!  
 
Мен  осы  тылсым  құбылыстардың  бәрі  жүрегімде  орналасқан  Ғазиз  жаным  –  Алланың 
рұхсатымен,  соның  демеуімен  іске  асып  жатқанына  күмән  келтіре  алмаймын,  себебі 
басында  түсініксіз  болып  көрінетін  осы  құбылыстар  белгілі  заңдылықтар  арқылы,  Ғазиз 
жанның  тікелей  араласуымен  болып  жатқанын,  жан  дүниеммен,  бар  болмысыммен 
сезінемін.  
 
176. 
Рухани 
білімді 
қайдан 
алдым? 
  
 
«Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз 
де  қылып,  жығылып,  тұрып  жүрсек  болғаны  дейді.  Саудагер  несиесін  жия  келгенде, 
«тапқаным  осы,  біттім  деп,  алсаң  –  ал,  әйтпесе  саған  бола  жерден  мал  қазам  ба?  » 
дейтұғыны  болушы  еді  ғой.  Құдай  тағаланы  дәл  сол  саудагердей  қыламын  дейді.  Тілін 
жаттықтырып,  дінін  тазартып,  ойланып,  үйреніп  әлек  болмайды.  «Білгенім  осы,  енді 
қартайғанда  қайдан  үйрене  аламын»  дейді.  «Оқымадың  демес  дағы  болады,  тілімнің 
келмегенін қайтушы еді» дейді. Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па? ".   
Абай 
(он 
алтыншы 
сөз)  
 
1983...85  жылдары,  ол  кезде  Мақаншы  ауданының  «Қарабұлақ»  совхозында  партия 
комитетінің  хатшысы  болып  қызмет  істейтінмін.  Бір  күні  жолым  түсіп  Ұржарға  келдім, 
келсем  бір  дүңгіршекте  ескі  орыс  харпімен  жазылған  Г.  С.  Саблукованың,  арабшадан 
аударған 1907 жылы Қазанда басылып шыққан «КОРАНЪ» кітабы сатылып жатыр екен, 
алдым.  Там  тұмдап  оқи  бастадым,  бірінші  бетін  ашып  оқи  бастағаннан-ақ  кітаптың 
сөздерінің құдіреттілігі мен мағынасы бірден бауырап алды. 
Бас көтермей түні бойы, таң атқанша оқитын болдым, бірте-бірте өмірге, адамдарға деген 
көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті. Бұрынғы қалыптасқан маркстік-лениндік теориялардың 
бәрі быт-шыт болды. Осы кітап әсерінен, сол заманда екінің бірінің қолы жете алмайтын 

 
148 
партком  хатшылығы  қызыметінен  де  өз  еркіммен  босап,  мамандығым  бойынша  ауысып 
кеттім.  Науалыда  агроном  болып  қызмет  істеп  жүргенде  Абайға  ден  қоя  бастадым, 
Шәкәрім шыққаннан кейін тіптен терең түсіне бастадым. 
Сонымен, бірге дінге, руханиятқа байланысты көптеген басқа да кітаптарды оқып, рухани 
деңгейімді  көтеруге  ұмтылдым.  Оларды  Құранмен  салыстырып  оқитын  болдым.  Көзім 
жеткені  барлық  қасиетті  кітаптардың  мағынасының  бір-бірінен  онша  алшақтамауы, 
бәрінің  айтатыны  бірақ  нәрсе  Жаратушы  біреу-ақ,  бәрі  де  имандылық  жолға  түсіп 
«мұсылман»-дықты  қабылдау  өзіңе  ғана  қажет  екенін  айтады.  «Шәкірт  дайын  болған 
кезде, ұстаз өзі келеді» деген қанатты сөз бар. Алматыда теолог-философ ғалым, жазушы, 
«Абайтану»  кітабының  авторы  Досым  Омаровпен  танысып,  айқын  емес  жерлерін 
тереңірек  түсінуіме  тигізген  әсері  зор  болды.  Осы  рухани  ілімді  терең  түсініп  игеруім 
үшін 30 жылдай уақыт керек болды. 
 
177. Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың өмір жолдарына қысқаша шолу 
  
Әсет Ризаұлы Мұқашбеков – 1951 жылы тамыз айының 21 жұлдызында бұрынғы Семей 
облысы Ұржар ауданы, Науалы ауылында дуниеге келген. Үйленген: Құдай қосқан қосағы 
Рахпар 
Құдіретоллақызы. 
Балалары, 
немерелері 
бар. 
 
1970  жылы  Алматы  қаласында  қазақ  ауыл  шаруашылық  институтының  агрономия 
болімшесіне  түсіп,  1975  жылы  ғалым  –  агроном  мамандығын  алып  шығады.  1975...2004 
жылдар  аралығында,  қаймағы  бұзылмаған  иен  түкпірдегі  қазақ  ауылдарында  –  бұрынғы 
Семей облысының Ұржар, Мақаншы аудандарының колхоз, совхоздарында 30 жыл ауыл 
шаруашылық 
саласында 
диханшылық 
кәсіппен 
шуғылданады. 
 
2006  жылы  55  жасқа  толғанда,  5  жыл  аралығында  жалпы  тиражы  37  000  дана  11  кітап 
жазды. 
 
1. 2006 жылы өзінін 50 күндік ашығу тәжірибесінiң негізінде жазған 4000 дана «Жасару 
құпиясы»,  
 
2.  2007  жылдың  аралығында  екі  қайтара  басылыммен  басылып  шыққан  4000  дана 
«Аштықты 
ұстау 
– 
денсаулықтың 
кепілі! 
»,  
 
3. 
2000 
дана 
«Рух 
пен 
тәннің 
саулығы»,  
 
4. 
2000 
дана 
«Жүйке 
жүйесінің 
тылсымы»,  
 
5.  5000  дана  «Ақыл  есті  билеп  алған  жоқшылық  пен  кедейшіліктен  қалай  құтылуға 
болады? 
»,  
 
6. 2008 жылы 4000 дана «Желілі бизнестің көмегімен ақымактық пен жоқшылықтан қалай 
құтылуға 
болады? 
»,  
 
7. 2000 дана «Тибет медицинасының өнімдерінің негізінде – желілі жеке бизнесті құудың 
құпиясы»,  

 
149 
 
8.  1000  дана  «Жаратушыны  әруақтар  арқылы  тану  немесе  «Ақ  ананың»  тылсым 
дүниелері»,  
 
9.  2009  жылы  2000  дана  "Өз  тағдырыңды  -  өзің  қалай  өзгертуге  болады?  ,  
 
10.  2010  жылы  7000  дана  "Сен неге  кедейсің?  Сен  неге  қарыздарсың?  немесе  мол  ақша 
табу 
үшін 
не 
істеуіміз 
керек? 

11. 2011 жылы "Өз тағдырыңды өзің түбірімен қалай өзгертуге болады? " - атты жалпы 
тиражы  37  000  дана  кітаптарының  барлығы  да,  оқырмандарын  тауып,  олардың 
сүйіспеншілігіне бөленіп – «күндіз қолдарына шам алып» іздеп жүріп оқитын көпшіліктің 
танымды-тағылымды таптырмайтын кітаптарына айналды. 
Әсет  Ризаұлы  Мұқашбековтың  елімізде  және  алыс-жақын  шет  елдерде  жүздеген 
шәкірттері, талай мыңдаган оқырмандары бар. 2010 жылы 21 науырызда Москвада, Ресей 
әдебиетшілерінің орталық үйінде өткен Проза. Ру порталының 10 жылдық мерейтойында 
100 000 (жүз мың) қаламгерлердің ішінен интернетте ең көп оқылатын авторлардың бірі 
ретінде бағаланды. 
Автордың  жазған  кітаптарын  Алматы  қаласында:  Абай  мен  Абылайхан  даңғылының 
қиылысында  орналасқан  Қазақстан  Республикасының  Ұлттың  кітапханасынан,  Астана 
қаласында:  "Бәйтеректің"  жанындағы  "Достық"  көшесіндегі  №  11  үйде  орналасқан 
Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасынан, Қызылорда т.б. облыс 
орталықтарындағы  және  Ұржар,  Қарасай  аудандық,  Науалы  орта  мектебінің 
кітапханаларынан  тауып,  толық  оқып  таныса  аласыздар.  Сатылатын  жері:  автордың 
өзімен телефонмен байланыс жасау арқылы сатып алуыңызга болады. 
Себебі,  кітап  басылып  шыға  салысымен-ақ,  оқырмандар  кітап  сөрелеріне  түсірмей 
«пышақ үстінен бөлісіп алып кетеді». Ескерту: Автор кәсіпқой жазушы, не журналист, не 
бақсы,  не  емші,  не  көріпкел,  не  құмалақшы,  не  балгер  емес.  Әсет  Ризаұлына  Құдайдың 
құдіретімен "жанды жетелеуші" орысша айтқанда "проводник души" қасиеті 2009 жылы 
Грецияда  Зевс  туған,  Геракл  ерліктерін  жасаған  «Крит»  аралында  қонып,  Маңғыстау 
өңірінде  саябыр  тауып  жатқан  пір  Бекет  атаның  және  Самарқанд  қаласында  жерленген 
ұлы қолбасшы жаһангер Әмір Темірдін мазарында үшінші тылсым көзі ашылған - Рухани 
Ұстаз. 
 
Әсет Ризаұлының Жаратушы дарытқан қасиеттері: қара дұға, тіл, көз тигендерді тазалау, 
адамның өмірдегі және бизнестегі жолын ашу, ниетін (аурасын) тазалау, жүрегінің кірін 
аршу, періштелерін қайта қайтарып өзіне қондырып беру, сырқаттарын жеңілдету, өмірлік 
бағдарламасын түбегейлі жақсы жаққа өзгерту, ата баба әруақтарымен тікелей тілдестіру 
арқылы  бірнеше  ғасырлар  бойы  байланыс  үзіліп  қалған  ата  бабаларының  несібесін, 
байлығын, дәулетін, ырысын, бағын - таңдаулы ұрпағына кайта қондыру. 
Себебі,  ата  баба  әруақтары  ұрпағының  қамын  үнемі  ойлайды.  Ұрпағының  ішінен  өзінің 
несібесін, байлыгын, ырысын беретін адам тандайды. Сол адамға ата бабасының әруағы 
бақытын, байлығын, несібесін "жанды жетелеуші" дәнекер - медиум арқылы береді. Бұл 
да Кұдайдың кереметі! XXI ғасырдың басты ерекшелігі: информация – ақпарат және қуат 
ғасыры. 

 
150 
Адам жүрегіндегі Жаратушы - Ғазиз жанымен яғни Жаратушының тікелей өзімен санасы - 
жаны арқылы сойлесіп тілдесе алады. Әсет Ризаұлы - Құдайдың құдіретімен адамның өз 
басына, жеті үрім бұтақ ұрпағына дейін, озінің тұрып жатқан шаңырағына: қара дұғадан, 
тіл  көзден, жын  шайтандардан,  перілерден  қорғайтын  қорғау  қоршау  салып  бере  алады. 
Кандай адам болмасын 
Өзінің өмірін, денсаулығын жақсартып, еңсесін езіп тұрған қарыздарынан, жоқшылықтан, 
кедейшіліктен кұтылып, молшылық пен байлыққа, қуаныш пен бакытқа шомылам десе, 
Әсет Ризаұлы Мұқашбековтың өзімен телефон арқылы ауызба-ауыз тілдесіп, тікелей : ем, 
шипа алуларына және тағдырын жақсы жаққа түбегейлі өзгертулеріне болады. 
 
 
178. Бір ғасыр ғұмыр сүрген Науалы тұрғыны Данабек Байсалханов ақсақалдың 
туған жерге шығарған толғауы 
 
"Науалы – екі өзеннің ортасында,   
 
Жазылған Жер шарының қартасында. 
 
Қыры – мал, ойы егін, суы балық,  
 
Алланың жаратушы арқасында. 
 
 
Құсақтан құлдай соқса бір қоңыр жел,   
 
Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер. 
 
Желбіреп көк желегі, тал-терегі 
 
Жаратқан Құдай артық не деген жер. 
 
 
Басына Науалының Ақжар таяу 
 
Ауылдан су жағалай шықсаң жаяу. 
 
Көңілің көтерілер, денең сергіп,  
 
Самал жел Көкөзектен соқса баяу. 
 
 
Қарғалы, Көлденең мен сулы Құсақ,   
 
Маңырап қой өреді, жылқы жусап. 
 

 
151 
Қызығын осы жердің көретұғын 
 
Анадан бала болып қайта тусақ!  
 
 
Бас жағы шет Қарасу – Малақ екен,   
 
Көк орай, көк майсалы жер-ақ екен. 
 
Құсақ пен Қарасудың екі арасын 
 
Баласы Құдас атаң қылған мекен. 
 
 
Қанша өзен бұл өлкені жарып аққан,   
 
Бабамыз жер тұрағын қайдан тапқан?  
 
Бұл жерді Қожакелді мекен қылып,  
 
Ұрпағы ат арқандап, малын баққан. 
 
 
Дейді екен Қарасуы Аймаңдайдың,   
 
Аты бар бәрінің де мекен-сайдың. 
 
Науалы – тоғыз Тума ту тіккен жер,  
 
Әрқашан, іздеп келген ұрпағыңа – 
 
Айқара, сағынышпен құшақ жайдың! ". 
 
Менің ата-тегім: Арғы бабаларымыз: Найман, Төрт Төлегетайдың ішінде Қаракерей
Байыс, Тума, Ақша, Қарабас, Қожакелді, Көкі, Қылқабай, Босқынбай. Қылқабайұлы 
Босқынбай атамыздан он ағайынды ұл: Бейбарыс-Жолбарыс, Аблан, Қабылан, Есім, 
Нысанбай, Өмір, Естемес, Отаршы, Малшы, Қасен. Осы он ағайынды ұлдың: Бейбарыс-
Жолбарыс, Есім, Нысанбай, Естемес төртеуінің ұрпақтары бармыз. Мұқашбек атамыздан: 
Риза. Ризадан: Әсет, Қамбар. Қамбардан: Қайрат, Айдос. Қайраттан: Риза. Айдостан: 
Кәрім. 
 
Нағашы  атам  Нүсіптің  бақсылығы  болыпты.  Зайыбы  Жамал.  Нүсіп  атам:  Тума  ішінде 
Құдас  руынан.  Осы  екеуінен  менің  анам  Бибірәбиға  және  сіңілісі  Тұрар  туады.  Өзіміз 
әкеміз Риза мен анамыз Бибірәбиғадан (Рәштән) тарайтын ағайынды бесеуміз: үш ұл, екі 
қыз.  Үлкеніміз  марқұм  Асқар  Алматының  «Киров»  зауытында  шебер  болып  істеді,  ал 

 
152 
жеңгеміз Әсембала қалалық санитарлық-эпидиомология сараптама орталығында дәрігер - 
бактериолог, ұлдары Әділ Алматы қаласында энергетикалық салада инженер. 
Қарындасым Сәуле зейнеткер. Сәуленің қызы: Әсел. Әселдің құдай қосқан қосағы Серік 
Темірханұлы Табанов. Серік пен Әселдің: Алпамыс, Сұңқар атты ұлдары бар. Алпамыс, 
Құдайдың құдіретімен, Райымбек атаның батасымен өмірге келген. Қамбар бауырым мен 
келінім Үміткүл Алматының медициналық институтын бітірген провизорлар (дәрі-дәрмек 
жасайтын  мамандар). Балалары Қайрат, Айдос кәсіпкерлер. Қыздары Гүлзира тұрмыста. 
Кіші  қарындасымыз  Тілеужан  күйеуі  Рафик  Жанұзақов.  Ұлы  Жомарт  банк  қызметкері, 
қызы 
Гүлмира 
студент. 
 
Менің  жұбайым  Рахпар  Құдіретоллақызы  негізгі  мамандығы  неміс  тілінің  мұғалімі, 
Алматының  шет  тілдер  институтын  бітірген,  үлкен  қызымыз  Айнұр  тұрмыста  Алматы 
қаласында  тұрады,  кіші  қызымыз  Айнамкөз  тұрмыста,  Германияда  Франкфурт-Майн 
қаласының 
жанындағы 
Кёнгштайнде 
тұрады. 
 
«Әкеге  бағыну  –  Аллаға  бағыну.  Оның  алдында  күнахар  болу  –  Алла  алдында  күнахар 
болу».  
Пайғамбарымыз 
Мұхаммед 
(с.ғ.с.)  
 
Әкеміз  Риза  Мұқашбекұлы,  анамыз  Рәш  Нүсіпқызы  бәрімізді  оқытты,  осыған  тәуба 
дейміз. Әкеміз Риза марқұм оқымаса да санасы жоғары, көкірегі ашық, ақылы нұрлы адам 
болатын.  Өмір  бойы  Науалы  ауылында  қырман  меңгерушісі  болып  қызмет  істеді.  Өз 
жұмысын 
агроном-маманнан 
артық 
білмесе 
кем 
білмейтін. 
 
 
Атамыз  Жолбарысұлы  Мұқашбек  қасиетті  Ғабдүшкір  молдадан  оқыған,  «Қарамолда» 
деген  атпен  елге  танылған  сауатты,  дін  имандылық  жолын  берік  ұстаған  адам  болған. 
Мекені Науалының іргесіндегі Майтөккен қыстауы. 1937 жылы Науалы мен Елтай ауылы 
арасындағы  тоғанды  Мұқашбек  түйе  сойып,  асар  салып  қаздырған.  Бұл  тоған  кезінде 
«Мұқашбек тоғаны» деген жер атауына айналған. 
Қазіргі  Науалы  ауылының  орталығындағы  Қусақ  өзенінен  су  алатын  тоғанды  да 
Мұқашбек  атамыз  қаздырған,  ел  әлі  күнге  дейін  осы  тоғаннан  су  алады.  Атамыз 
Мұқашбек «жеке  шаруа» бола  жүрсе  де  тоғанбасы  қызметін  қоса атқарған,  өзімен бірге 
туған  Күлежан  деген  қарындасы  болған.  Ташкенге  тұрақты  түрде  барып  сауда  жасап 
тұрған және өзінің жеке меншігінде қос ат сүйрейтін 16 ат шалғысы, тарағы т.б. болған. 
Мұқашбек  1937  жылы  Ташкенттен  поездбен  келе  жатқанда,  түсіне  Ғабдішүкір  молда 
кіріп:  «Әй,  Мұқашбек,  тұр!  »,  –  деп  жағынан  тартып  жібереді,  осыған  дейін  құлағының 
шала еститіні бар екен, содан екі құлағы ашылып еститін болып кетіпті. Осы ғажайыпты 
ауылға айтып келсе, Қарамолда дінді, Құдайды уағыздап жүр және «халық жауларымен» 
сыбайлас  деген  желеумен  1937  жылы  желтоқсан  айында  тұтқындалып,  1938  жылы  20 
ақпанда  атылады.  (Ескерту:  Кейіннен  өзім  ізденіп  атам  Мұқашбектің  атылған  жері  мен 
сүйегі  Алматының  жанындағы  Жаңалық  ауылындағы  бауырластар  зиратында  екенін 
анықтадым. 1937 г. Тройкой УЕКВД Алма-Атинской обл. По ст. 58 и 58-2 УК РСФСР к 
ВМН. 20.02. 38г. Приговор приведен в исполнение ). 
1937 жылы сол кездегі Каз. ЦИК-тің төрағасы Құлымбетов Ұзақбай Желдірбайұлы үйіне 
қонғанда, үйді сыртынан бекітіп, адамдарымен қоса өртеп жібермекші болады. Сол кезде 

 
153 
менің  әкемді  анасы  Қазкей  терезені  шағып  далаға  лақтырып  жібереді.  (Әкем  Риза 
Мұқашбекұлының айтқандарынан). Құлымбетов те осужд. Пост. ВКВС СССР 25. 02. 38 
жылы  атқан.  Реабилитирован  ВКВС  СССР  22.  04.  1958г.  Қазір  бір  атаның  балалары  – 
атамыз  Жолбарысов  Мұқашбекке,  ағасы  Райымбеков  Оразғалиға,  «Сонар»  фирмасын 
ұйымдастырушылардың  бірі  Рахметов  Ғабиден  Оразқажыұлына  Науалыда  көше  аттары 
берілген. 
 
«Ата тегіңді, туыс – туғандарыңды жақсы танып біл. Өйткені өзара қатынас жасауың 
үшін  қажет  болады.  Егер  қарым-қатынасың  үзілсе,  жақын  туғаныңның  да  ешқандай 
пайдасы  тимейді.  Жырақ  тұрғаныңмен  бір-біріңмен  тату  қарым-қатынаста  болсаң, 
алыстықтың 
зияны 
жоқ». 
Пайғамбарымыз 
Мұхаммед 
(с.ғ.с)  
 
Әжеміз  Қазыкей  Қалқұлқызы  сүйегі  Болатшы,  Мұқашбек  атамыз  ұсталғаннан  кейін, 
құсадан  1939  жылы  қайтыс  болған.  (туған  сіңілісі  Бизауре  Қалқұлқызынан  әнші  Кәрім 
Сүлейменұлы  туады.  Әнші  Кәрімнің  әкесі  Қаракерей,  Семіз  Найман,  Қырықмылтық  би 
Сүлеймен  Бекбердіұлы  –  Матай,  Маман  Тұрысбектің  жазған  Қазақтың  үш  жүзінің 
шежіресінен:  1903  жылы,  сентябрь  айында  Орта  жүз  Найман  шежіресін  қисса  түрінде 
жазып таратқан. Шешесі Қазыкей қайтыс болғаннан кейін әкеміз Риза өзімен бірге туған 
Рәш,  Райхан  деген  екі  қарындасымен  Науалыдағы  балалар  үйіне  1939  жылы  өткізілген 
(Ескерту: Рәш пен Райхан содан бері жоғалып хабарсыз кетті). 
Әкеміз Риза балалар үйінде болған кезді былай деп айтатын: «Мектепте оқып жүргенде 
шашымның  жартысын  ғана  тақырлап  алып,  «халық  жауының»  баласы  деп  ерекшелеп 
қоятын.  Жақсы  оқысаң  сен  жаудың  баласы,  әдейі  жаулығыңды  білдіріп  жақсы  оқып 
жүрсің, ал жаман оқысаң сен әдейі жаман оқыдың деп тиісе беретін». Осындай қорлыққа 
шыдамаған  ол  4  класты  бітіргеннен  соң  балалар  үйінен  қашып  кетеді,  13  жасында 
колхоздың бөлімшесінде есепші болады. 
Сонымен 1944 жылы 18-ге толғанда әскерге алынып, Берлинде соғысқа қатысып, жеңісті 
«Бранденбург қақпасында» қарсы алады. Әскерден 1950 жылы ғана босайды, Германияда, 
Польшада басқыншылық әскердің қатарында болады. Келе сала біздің анамыз Рәшқа 
үйленіп Аксаковка ауылында гидротехник, сонан соң зейнеткерлікке шыққанша Науалыда 
қырман меңгерушісі болды. Анамыз Рәш байыпты, салмақты, кітап оқудан бас алмайтын 
кемеңгер сабаз адам болса, әкеміз Риза сөзге шешен, қалжыңбас, шалт қиымылдайтын, 
ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында жоқтан бар жасайтын, жан-жақты дамыған, 
өзін-өзі жетілдіре білген, рухани даму дарыны ерекше жоғары, жоқ адамдарға 
көмектескісі келіп тұратын және осыны іс жүзіне де асыра білген адам болатын. Тұқым 
шарушылығын андай-мұндай агрономыңнан жетік білетін. Тұрмысымыз жаман болған 
жоқ. 
 
"Қуанбаңдар жастыққа,   
 
Елірме күлкі, мастыққа. 
 
Көзің қайдан жетеді 
 
Достық пенен қастыққа?  

 
154 
 
Құрбыңның қызық дегенін 
 
Сөз екен деп ап шықпа. 
 
Адалдан тапқан тиынды 
 
Салда сақта қапшыққа. 
 
Қолдағыңды қорғап бақ,   
 
Мал арзан деп аптықпа. 
 
Сыпай жүр де, шаруа ойла,  
 
Даңғойланып қақтықпа. 
 
Бет алды жанға бой салма,   
 
Қорлық жүрмес сақтыққа. 
 
Елу бесте біз дағы 
 
Сенісер адам таптық па?  
 
Арсыз құмар болғандар 
 
Опыр-топыр, шақ-шұққа 
 
Түспей жүр ме, көрдің бе,  
 
Жалаң-жұлаң, тақ-тұққа? ".            Абай 
 
«
Денесін жаттықтыру арқылы адам дені сау, төзімді епті болмақ, өз ақыл ойыңды, өз 
еркіңді осылай шыңдау қажет». М.Горький 
 
Бала күннен денсаулығым нашар болып, сүйретіліп жүріп 7-ші класқа да жеттім. Өзіммен 
құрдас балалармен күрессем жеңіліп, жүгірсем өкпем өшіп, қалып қаламын. Бір күні 
«Қазақ әдебиеті» оқулығынан Тұрар деген баланың қыста суық суға шомылып, белдеу 
темірге тартылып шымыр, мықты бала, күшті бала болғанын оқыдым, осы кітап маған 
әсер еткені соншалық, жан дүнием төңкеріліп кеткендей болды. Үйде анама айттым: 
«Менің де кітаптатағы Тұрар деген бала сияқты мықты болғым келеді, ол үшін қысы жазы 
суық су құйыну керек екен», – деп шама-шарқым келгенше түсіндіргендей болдым. 
Осыны айтудағы себебім: «өзің тіптен ауырып қаласың», – деп суық суға құйынуға рұқсат 
бермей қоя ма деген балалық ойым. 
 

 
155 
Бірақ анамыз кемеңгер, өте ақылды, ажарлы адам болатын. Соғыс жылдары колхозда бас 
бухалтер болып қызмет істеген. «Ой балам, сенің денсаулығымды жақсартам, жақсы 
болам деген талпынысыңа кім бөгет болады, дұрыс деп шешім қабылдасаң болды, өзің 
біл» – деді. Сол жаздан бастап күнделікті суық суға құйынуды әдет қылып қалыптастыра 
бастадым. Күзде де, қыста да қандай аяз болмасын, таңертең ерте буым бұрқырап суға 
құйынып жатамын. Таңертең жаттығу жасай бастадым, байқаймын денсаулығым 
жақсарып, жүгіргенде балалардан оза бастадым. Бұрын шілбиіп, екі иығым салбырап 
бүкірейіп жүретінмін, кеудем түзеле бастады, бірақ әлі әлсізбін. 
 
Ол кезде мектепте жүгіру мен шаңғы тебуден басқа спорт секциялары жоқ, 
денешынықтыру сабағын Смайлов Анатолий ағай берді. Ол кісінің бір қасиеті балаларды 
спортқа жақсы баули, тарта білетін. Өзі классикалық күрестен спорт шеберіне кандидат, 
жаңадан Алматының дене шынықтыру институтын бітіріп келген. Дене бітімі келісті-ақ, 
денесі мәрмәр тастан қашап жасағандай, бейне сурет дерсің. Балаларды күреске үйретейін 
десе спортзал жоқ, оқушылардың өзі екі кезекпен әзер сиып оқиды. 
Анатолий ағай, ең алғаш рет доп ойындарын баскетболды үйретті, сондай-ақ жазда жеңіл 
атлетика, велосипед спорты мен доп ойындары, ал қыста шаңғы спортының секцияларын 
ашты,  үйіне  қай  уақытта  баратынын  білмейміз,  күні-түні  мектепте  не  стадионда.  Осы 
кісінің  де  әсері  болды  ғой  деймін,  ауылдың  бар  баласында  спортқа  деген  ерекше 
құштарлық  басталды.  Бұрын  денешынықтыру  сабағында  жайылған  қой  сияқты  бет-
бетімізбен  лағып  жүруші  едік,  спортқа  деген  көзқарасымыз  мүлдем  өзгеріп  кетті.  
 
«Дене шынықтыру мен спорт ағзаның жалпы іс қабілеттілігін көтереді, адамның шат 
көңілді  болуына  жәрдемдеседі,  ал  бұл  ұзақ  жыл  өмір  сүрудің  міндетті  шарттарының 
бірі». 
О.Б.Лепешинская 
 
Бір  күні  жасқаншақтап  барып:  «Толя  ағай  мені  шаңғыға  жазыңызшы»  –  дедім.  Менің 
сөлбірейген  түріме  бір  қарап:  «бала  толып  кетті»,  –  деді.  Артынан  қыңқылдап  мен 
қалмаймын,  екінші  күні  тағы  келдім,  күні  бойы  артынан  салпақтап  қалмаймын: 
«балалармен бірге жүгіргім келеді, шаңғы беріңізші» – деп. «Әй осы сөлбірейген немеден 
не шығушы еді», – деді ме, әлде жүрегі қайтсын деді ме: «ертең шаңғы, ботинка беремін, 
жаттығуға кел» – деді. Жүрегім жарылардай қуанып үйге жеттім: «маған шаңғы беретін 
болды, енді балалармен жарысатын боламын! ». Ол кезде қыста спорттың басқа түрі жоқ 
болғандықтан, шаңғыға бойы сырықтай, мықты таңдаулы ғана балаларды іріктеп алатын. 
 
 
Жаттығудан басқа да уақытта шаңғы аяғымнан түспейтін болды, жүгіре беремін, жүгіре 
беремін.  Өстіп  жүгіре-жүгіре  екінші  тыныс  (второе  дыхание)  ашылу  арқылы  шаршамай 
жүгіру  әдісін  меңгеріп  алдым.  (Бұл  тыныс  5-10  км  жүгіргеннен  кейін  барып  ашылады.) 
Екінші  тыныс  ашылуға  ерекше  шыдамдылық  қажет.  Мен  айтып  отырған  әдісті  алысқа 
жүгіретін  желаяқтар  мен  шаңғышылардың  бәрі  біледі,  бәрі  де  осы  тыныс  алу  әдісін 
қолданады. Көрші ұсақ балалар – мен шаңғы емес самолет мініп жүргендей көреді, олар 
да шу-шу етіп, омбы қарда белшесінен батып мәре-сәре. 
Біртіндеп  жаттықтырушым  маған  қатты  көңіл  бөле  бастады,  бұрынғы  мақтаулы 
шаңғышыларға  шаңымды  да  көрсетпейтін  болдым.  Ең  ғажабы  қанша  жүгірсем  де 
шаршамайтын бола бастадым. Денем қатып, еңкіштігім жоғалып кетті. Күнде таңертең 6-
да тұрып алып мектепке барғанша құлперен болып жаттығу жасаймын, резеңке созамын, 

 
156 
темір  көтеремін.  Денем  толды  ма  деп  күнде  айнаға  қараймын,  өзіме  өзім  разы  емеспін, 
бейне бір тері қаптап қойған қаңқа сияқтымын, бұлшық еттер жоқ. Лом темірден белдеме 
(турник) жасап алдым, әлі жөнді тартыла алмаймын. Бірақ бір ерекшелігім алған бетімнен 
қайтпайтынмын және өте шыдамдымын. Енді маған не жетіспейді? Жетіспейтіні екі қосақ 
бокс қолғабы мен футбол ойнайтын аяқ киім (буцы) деп шештім де, марқұм Рәш анама 
ойымды 
айттым, 
әкеме 
айтайын 
десем 
жасқанамын. 
 
Ол  кезде  бокс  қолғабы  т.б.  спорттық  бұйымдардың  жоқ  кезі.  Сол  кезде  Қызылорда 
қаласында  мұғалімдік  оқуда  бөле  апайымыз,  қазір  белгілі  ақын,  шежіреші,  Қаракерей, 
Семіз  Найман,  Қырықмылтық  би  Сүлейменнің  немересі  Нұрания  Сүлейменова  оқитын. 
Соған  анам  хат  жазды:  «келеріңде  Әсеттің  сұраған  нәрселерін  алып  келші»,  –  деп.  Ол 
апайымыз алып келді. Қоймай жүріп спорттық велосипед саттырып алдық, оның қызығын 
көретін үлкен ағайым Асқар. Сөйтіп бокспен де, футболмен де шұғылдана бастадым. 
Ауылдың жоғарғы жақта тұратын бар баласы біздің үйде есік алдындағы қорада қан-қан 
болып  бокстасып  жатамыз.  Орысша  жазылған  бір  бокс  туралы  кітап  тауып  алдық, 
мағынасын  түсінбейміз,  бірақта  суреттерде  көрсетілген  әдістерді  жанымызды  салып 
үйренеміз,  бірімізді-біріміз  төбелестің  әдістеріне  үйретеміз.  Трактордың  дөңгелегінен 
штанга  жасап  алдық,  көтеретініміз  гиріміз  тағы  да  трактордың  шынжыр  табандары. 
Сырғи-сырғи  10  класқа  да  жеттік,  сабақ  оқымаймыз,  мұғалімнің  түсіндіргендері  баста 
қалса мыңқылдап айтқан боламыз, көбінесе желке қасып тұрған мылқаумыз. Мұғалімдер 
ұрсады:  «бастарыңды  доп  кеулеп  алған»,  –  деп,  біз  балық  сияқты  үндемей  құтыламыз. 
 
Сол  жылы  жаттықтырушым  Толя  ағай  менімен  жеке  шұғылдана  бастады,  енді  50  км 
қашықтықтан  тіпті  ентікпей  келетін  болдым.  Өзі  велосипедке  отырып  алады  да  менің 
артымнан ілесіп отырады. Баратын жеріміз Мақаншы ауылының бер жағындағы Жәйтөбе 
бауыры,  бір  жағының  қашықтығы  мөлшермен  25...30  шақырым.  Денем  толып,  бұлшық 
еттерім бұлтыйып, кеудем шалқақ, арқам түп-түзу әдемі бозбалаға айналып шыға келдім. 
Тамаққа деген тәбетім керемет, үйдегілер бәрі бір табақ асқан етті жеп тауыса алмаса, мен 
жалғыз  өзім  сондай  табақ  етті  сыпырып-сиырып  айнадай  қылып  қоятын  болдым.  Сол 
үшін  маған  анам  марқұм  бір  табақ  етті  бөлек  алып  сақтайтын  болды. 
 
«Қозғалыс  дегенің  өмір,  ал  қимылдың  азайғаны  –  өмір  өрлеуінің  құлдырауы». 
В.В.Гориневский  
 
Ауылдық,  аудандық  жарыстарда  жүгіруден,  шаңғы  жарысынан  жүлдесіз  қайтпайтын 
болдым.  Кейін  Семейде  1  жылдық  кәсіптік  техникалық  оқуда  оқығанымда  да  облыс 
бойынша жүгіруден 1-ші орындарды алып жүрдім. Өмірімде осы спорттың көп пайдасы 
тиді. 
 
Енді өз басымнан өткен бір оқиғаны айта кетейін: «Жаңа айтып өткендей мектепті онша 
жақсы  бітірмей  бүкіл  класс  болып  улап-шулап  Семейге  мұғалімдік  оқудың  тарих 
бөлімшесіне түсуге оқуға келдік. Бәріміздің де қала көргеніміз бірінші. Бәрі қызық, бәрі 
жат,  не  деген  үлкен  қала  деп  бір-бірімізге  тамсанып  қоямыз.  Автобусқа  да  отыруды 
білмейміз. Ауылдағы секілді қол көтерсек тоқтайтын  шығар деп оншақты бала, ұлымыз 
бар  қызымыз  бар  жабыла  көшені  басымызға  көтере  айқайлап  қол  көтереміз,  бірақ 
тоқтамайды, біз аң-таң. 

 
157 
Кей кезде көшенің қиылысына, қызылды-жасылды шамның қасына келіп артқы шамын 
қызартып жағып тоқтай қалады, тапырлап тұра қуамыз, жете бергенде жүріп кетеді. 
Себебін түсінбейміз. Бір-бірімізбен жатып кеп керілдесеміз, біреуі айтады, мүмкін 
ауылдан келгендерді отырғызбайтын шығар деп, оның бұл дәлеліне іштей келісеміз. 
Болмағаннан кейін жаяу тартамыз. Басқа біреуден сұрайық десек ұяламыз. 2-3 күн 
бақыладық, бізді неге алмайды, бір себебі бар шығар. Сөйтсек әлгің белгілі бір аялдамада 
ғана тоқтап, ол аялдаманың белгілі аты болады екен. Қалаға үйрене бастауымыздың 
әліппесі осылай болды, біз үшін қаланың тылсым дүниесі пердесін аша бастады. 
 
«Жақсыдан жаман туса жыннан пайда болғаны,  
 
Жаманнан жақсы туса нұрдан пайда болғаны». Қазақ мақал-мәтелдері 
 
Оқуға түсе алмадық. Балалардың көбі үйлерін сағынып ауыл қайдасың деп сызып берді. 
Маған қайтайық дейді. Мен оларға айтамын: «осында қалайық, тегін оқудың біреуіне 
түсіп ең құрымағанда орысшаға тілімізді сындырайық, ақыры мектепте оқыған жоқпыз, 
болмағанда осы жердегі кіші оқудан бастап бірдеңе үйренейік, ауылда көшеде ит қуғаннан 
басқа не істейміз? ». Олар көнбейді қорқады, орыстың балалары бізді сабайды деп. Ол 
кезде бір жылдық кәсіптік оқу орнында негізінен жетім балалар мен Ресейдің Сібір жақ 
қалаларынан келген орыс балалары оқиды, көпшілігі бұзық. 
 
Сонымен ет комбинатына жұмысшылар дайындайтын ГПТУ – 28-ге құжаттарымды 
өткіздім. Бар жоғы оншақты ғана қазақ баласымыз, оның жартысы 8 класс бітірген жас 
балалар. Іштеріндегі ересектері Қарсыбаев Оралтай, Өрікбаев Төкен деген Мақаншыдағы 
Бахты мен Жарбұлақ ауылдарының баласы. Екеуміз өте жақсы дос болдық. Кейіннен 1970 
жылы, Оралтай әскерде жүріп Оренбург қаласындағы Гагарин атындағы жоғары әскери 
жойғыш (истребитель) ұшқыштар дайындайтын училищеге түсіп, Ресейде теңіз 
авиациясында ұшқыш болды, қазір зейнеткерлікте – Астана қаласында тұрады. Ал Төкен 
Өрікбаев кейіннен спорттың күрес түрін өзінің туған ауылы Жарбұлақта дамытып, талай-
талай атақты палуандар тәрбиелеп «Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы» деген 
атақпен марапатталды. 
 
«
Достық – өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке 
ие бола тұрса да, дос жарансыз өмірді қаламақ емес». Аристотель 
 
 
Спорттан жақсымын, жүгіргенде, футбол ойнағанда жан баласына жеткізбеймін. 
Орыстың балалары әлі тиісе алмай жүр, сылтау жоқ. Олардың заңы бір адам сол жерді 
билеп төстеуі керек, қазақтың ішінде бас көтерері Оралтай екеуміз ғана. Бірге оқитын 
Хрепков Виктор, Спиваков Николай, Кузнецов Юрий т.б. орыстың балаларымен Оралтай 
екеуміз пәтерде жатамыз, бірақ өте тату болдық. Бір күні спорт залда бір мерекелік кеш 
болды. Бізбен оқитын бойы 2 метрдей. еңгезердей Бақты комендатурасының офицерінің 
баласы Меркулов деген жігіт келіп: «Әсет бокстасасың ба? » – деп бокс қолқабтарын 
алдыма тастады. 
Бұрын  естігенмін,  бокстан  1-ші  разряды  бар  деп,  себебі  олар  өскен  шекара  аумағында 
спортқа бар жағдай жасалған, ол сол жерде солдаттармен бірге жаттыққан. «Бұл не пәле? 
» – 
деп мен де есалаң бола қалдым. «О, қазақ осыны да білмейді», – деп қарқ-қарқ күлді, 

 
158 
оның күлкісін залда тұрған жанкүйерлері қостап ала жөнелді. Маған жетім балалар үйінен 
келген қазақ қыздары ғана, мүсіркей қарауда, әлгі жанымдағы қазақ балаларым зым-зия 
жоқ,  бір  жанжалдың  боларын  сезіп  тайып  тұрған  секілді.  «Ережесі  қалай,  мынауыңды 
қалай киемін», – деп сұрадым, күлкі үдей түсуде. 
Қыз  балалары  бар,  ұлдары  бар  бәрі  қаумалап  қоршап  анталап  тұр.  Тек  қана  маған 
жанашыр болып тұрған Оралтай, Төкен мен бірге жататын орыстың балалары, олар: «Әсет 
мына  арбиған  неменің  әкесін  танытып  жібер!  »,  –  деп  мені  қолпаштауда.  Себебі  менің 
сырымды 
олар 
біледі, 
маған 
сеніп 
тұр. 
 
Шайқас  басталып  кетті,  қолы  тым  ұзын  екен,  ішіне  кіріп  ұрмасам,  басқа  амал  жоқ. 
Байқаусызда  бір  ауыр  соққы  жіберіп  алдым,  жұдырығы  ауыр  екен.  Анау  өзіне  тіпті 
сенімді болып алды, мені тура соққымен ұрып жығамын дегенде, лып етіп еңкейе қалып 
ішіне кіріп кетіп, тура иектің астынан, ең ауыр соққылардың біреуі төменнен жоғары, оң 
қолыммен бар салмағымды салып, тартып жібердім (хук) , әлгі батырым кескен теректей 
сылқ етіп отыра кетті. Миы айланып мәңгіріп қалды. Біраздан кейін: «жалғастырамыз ба? 
»,  – 
деп  сұрап  едім,  әзер  дегенде  сыбырлап:  «сен  жеңдің,  мен  жеңілдім»,  –  деп 
мойындады. 
 
Сонымен  бір  жылдық  оқуымыз  да  бітті,  кәсіптік-техникалық  училищеде  сабақты  өте 
жақсы  оқытады  екен,  талай  нәрсе  біліп  шықтым.  Мектепте  он  жылда  алмаған  білімді 
мына  жерде  бір-ақ  жылда  алдым.  Себебі  мұғалімдердің  де  деңгейлері,  ауылдағы 
мұғалімдермен салыстыруға да келмейді, өте жоғары болды. 30 баланың ішінде 4-ақ бала 
өте  жақсыға  бітірдік,  Солардың  ішінде  Оралтай  екеуміз  де  «өте  жақсымен»  бітіріп, 
«мұздатқыш  қондырғысының  машинисі»  деген  мамандық  алып  үш  бала,  біреуі  Виктор 
Хрепков Ресейдің Алтай өлкесінің баласы, Теміртау қаласының сүт зауытына жолдамамен 
жол  тарттық.  Алдында  6  ай  өндірістік  тәжірибеде  үшеуміз  Көкшетау  қаласының  ет 
комбинатында  бірге  болғанбыз,  жақсы  достасып  кеттік.  Теміртау  қаласына  бізді 
жібергенде Виктор: «Оралтай екеуің қайда барсаңдар мен сонда барамын», – деп Ресейге 
қайтпай 
қойды. 
 
Үшеуміз  Украинада  «Бандеровшы»  болып  25  жылға  Теміртауға  жер  аударылған, 
еңгезердей украин ақсақалының үйінде пәтерде тұрып жаттық. Даусы зор, керемет әдемі 
болатын, кешке есік алдынағы сәкіге отырып алып, украиндардың неше түрлі мұңға толы 
өлеңдерін 
айтудан 
жалықпайтын. 
 
«Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта 
бойды 
сергітіп, 
ойыңа 
жәрдем 
ететін 
нәрсе». 
Ғабит 
Мүсірепов 
 
1969  жылдың  желтоқсан  айында  үшеумізді  де  әскер  қатарына  шақырды.  Бардық. 
Медициналық сараптамадан өтіп, тыр жалаңаш комиссияның алдына келдік. Төрағасы 30-
дың  ар  жақ  бер  жағындағы  жас  қазақ  жігіті  екен.  Бір  уақытта  Оралтай  екеумізден 
қазақшалап:  «Жігіттер  қайдансыңдар,  маған  неге  бұрын  кездеспегенсіңдер?  »  –  деп 
сұрады. Жөнімізді айттық, ол кезде Теміртауда қазақ баласы жоқтың қасы. 
Бір  уақытта  жанында  отырған  комиссия  мүшелеріне  орысшалап:  «Қараңдаршы,  біздің 
қазақ  балалары  қандай  әдемі,  дене  бітімдерін  айтсаңшы»  –  деп  Оралтай  екеумізді  жер 

 
159 
көкке сиғызбай ала жөнелді. Шынында да, біз жанымыздағы орыс балаларынан оқ бойы 
озық көрініп тұрғанбыз. Сол кезде олардың көбі шаштары иықтарына түскен бәңгішілер, 
маскүнемдер  болатын,  түрлері  мен  дене  бітімдері  қиқы-жиқы,  бүрісіп  кеткен. 
 
Бір  уақытта  бізге  қарап  қайта  қазақша:  «Ал  жігіттер,  екеуің  де  жаман  жігіттерге 
ұқсамайтын сияқтысыңдар, қайда жүрсеңдер де жолдарың болсын, менің сендерге берген 
ағалық ақ тілегім осы», – деп қоштасты. Оралтайды әскерге алып кетті, бір жылдан кейін 
әскерде жүріп Оренбургтегі жоғары әскери жойғыш-ұшқыштар дайындайтын училищеге 
түсті, мені көктемге қалдырды. Бірақ мен де іле-шала, зауыттағы құжаттарымды алмастан, 
Алматыға кетіп қалып, алты ай дайындық курсын оқып, Ауыл шаруашылық институттың 
агрономия 
бөлімшесіне 
«өте 
жақсы» 
деген 
бағалармен 
түсіп 
кеттім. 
 
Талай  жылдар  өткен  соң,  бір  күні  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 
өмірінен  теледидардан  деректі  фильм  көрсетті.  Сол  кездегі  жас  Нұрекеңнің   Теміртауда 
болған шағындағы кадрлардан баяғы Теміртауда әскерге барар кездегі, Оралтай екеумізге 
ақ  жол  тілеген  қазақ  жігіті  комиссия  төрағасын  таныдым.  Өзім  ойлаймын:  «Мүмкін 
өмірдің  адасу  соқпағына  түспей,  адал  қызмет  етіп  жүргенім  де,  жас  күнімізде  Оралтай 
екеуміздің  де  бірден  оқуға  түсіп  кетуіміз,  жас  Нұрекеңнің  со  кезде  айтқан  ақ  ниетінің 
шапағаты да шығар». 
Мұның бәрін жазып отырғаным, қазіргі жастарға үлгі болсын деп және адам өзінің ойлау 
жүйесін  өзгерту  арқылы,  алдына  қойған  мақсатына  шындап  кіріссе  алмайтын  қамалы 
болмайды. Бұл адам ғұмырында неше түрлі жақсы да жаман адамдармен араласады, жүре 
келе жора жолдастар да, жағдайыңа байланысты, жарға соққан толқындай, біресе көбейіп, 
біресе азаяды. 
179. Бұл кітапта баяндалғанның бәрі де, ғылыми дәлелдерге негізделген
  
  
Бес нәрседен бес нәрсенi артық деп бiл:
 
1.  
Өлiмнен тiршiлiк артық. 
2.  
Аурудан саулық артық. 
3.   
Жұмыс бастылықтан (мәжбүр түрде мағынасында) еркiндiк артық. 
4.  
Қарттықтан жастық артық. 
5. Кедейлiктен байлық артық.      Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) 
 
 
Бұл  кітапта  баяндалғанның  бәрі  де,  ғылыми  дәлелдерге  негізделген.  Осы  кітап  авторы, 
міне  12  жылдан  артық  уақыт  осында  жазылған  табиғи  өмір  сүру  әдісін  ұстанады.  Бұл 
әдістің өзіне қауіпсіз екеніне, басқаларға да баға жетпес көмек көрсетеріне автор сенімді, 
алайда  оның  ойынша,  біреуге  жараған  келесі  адамға  жарамауы,  осы  әдіс  бәріне  бірдей 
әсер етпеуі мүмкін. Сондықтан да бұл басылым әр адамның пікіріне дәл келеді деп автор 
міндетіне алмайды. Кітапта аурулардың дәрісі көрсетілмеген. Әсет Ризаұлы Мұқашбеков 
бұл  жерде  дәрігер  емес,  ол   Рухани  Ұстаз.  Құрметтi  оқырман!  Осы  кiтаптағы 
бағдарламаны  iске  асыруды  бүгiннен  бастаңыз.  Кейбiр  маңызды  мәселелерге  тоқтала 
кетейiк: 
 1.       
Жүйкеңiздi  бет  алды  шығындай  бермеңiз.
 
Ойлап  барып  нұрланумен

ұюмен және ақылыңыздың айқындығымен мазасыздыққа, қобалжуға, қорқынышқа, 

 
160 
келеңсiз  әсерге  өзiңiздiң  нақтылы  мақсатыңыз  бен  сенiмдiлiгiңiздi  қарама
-
қарсы 
қойсаңыз, ойыңыз iске асады.
 
2.     
Түнде терең 8 сағат ұйықтаңыз.
 
Түс ауа бiраз ұйықтап алуға уақыт табыңыз.
 
3.     
Өзiңiздi тазалайтын, денсаулығыңызды сауықтыратын тамақ iшiңiз.
 
Өлi 
тамақ пен улы сусындарды, қоздырғыштарды iшiп
-
жемеңiз. Оларға жататын: шәй, 
кофе,  темекi,  тұз,  қант,  шұжық
-
колбаса,  торт,  iшiмдiктiң  қандай  түрi  болмасын 
(арақ,  сыра,  шарап,
 
кока
-
кола)  т.б.  Олардың  орнына  көкөнiс,  жемiс
-
жидектердiң 
көктей  немесе  бұқтырылған  түрлерiн  iшiп
-
жеңiз.  Аптасына  24
-
36  сағат  ыстық  су 
iшiп  қана  ашығыңыз.  Әрбiр  үш  айда  7
-
10  күн  ашықсаңыз  ағзаңыз  улардан 
тазаланады.
 
4.       
Күнделiктi  дене  жаттығуларын  жасаңыз.
 
Таза  ауада  қан  айналысын 
жылдамдататын 
– 
бiресе  баяу,  бiресе  қарқынды  жаяу  жүрiспен  күнделiктi  3
-5 
шақырым  серуендеңiз.  Малтыңыз,  билеңiз,  қимылы  қарқынды  ойындарды 
ойнаңыз. Өз денеңiздегi 600 бұлшық еттiң түрiне қозғалыс берiңiз.
 
5.       
Терең  тыныс  алыңыз.
 
Өмiршеңдiктi  арттыратын  оттегiн  өкпеңiздiң  төмен 
жағына  жiберiңiз.  Оттегi  жүйкенiң  ең  басты  демеушiсi.  Шикi  көкөнiстер  мен 
жемiстер  оттегiмен  қанықтырылған,  ал  сiздiң  тазалану  үшiн  ашыққаныңыз 
тәнiңiздегi оттегi көлемiн ұлғайтады. Терең тыныс алу арқылы сiз қаныңызды улы 
көмiр  қышқыл  газынан  тазалайсыз,  тәнiңiздегi  әрбiр  жасаушаны  оттегiмен 
қанықтырасыз.
 
6.       
Күнделiктi  суық  су  мен  ыстық  суды  алмастырып  құйынып
-
жуынып 
тұрыңыз.
 
Күнге қыздырыныңыз.
 
7.       
Өз  көңiл  күйiңiздi  ауыздықтап  ұстаңыз.
 
Бұлай
 
iстеу  қиын  болса  да,  өз 
жүйкеңiздi ширықтыра бермеңiз.
 
8.       
Жүйкеңiздi  мамыражай  қалыпқа  әкелiңiз.
 
Қалыпты  тiршiлiк 
– 
ширығу. 
Содан  соң  жүректiң  соғысы  сияқты  баяулау.  Қатты  ширықаннан  кейiн  сiз 
автоматты түрде мамыражай қалыпқа енуiңiз қажет.
 
9.       
Өмiрге  ләззаттаныңыз.
 
Демалу  мен  көңiл  көтерудi  ұмытпаңыз.  Табыс  пен 
молшылық жақсы. Бiрақта ең бастысы 
– 
өмiрге ләззаттану. Өлең айтыңыз, күлiңiз, 
қалжыңдаңыз,  шаттаныңыз,  билеңiз.  Уайым  мен  қайғы  меңдеп,  жанжал  iздеп 
жүрген пенделерден аулақ жүрiңiз.
 
Өткен
 
өмiр 
– 
өлген  өмiр
   – 
жындыхана.  Осыны  жақсарту  үшiн  барыңды  сал! 
Ашыққан  кезеңде  Сiздiң  iшкi  қуатыңыз  артып,  бұғып  жатқан  таланттарыңыз, 
қабiлеттерiңiз бұрқырап шығып, өзiңiз рухани жан
-
жақты дамып, шыңның
-
шыңынан 
көрiнесiз!  Сiз  өзiңiздегi  бұлқынып  тұрған
 
бұла  күшпен,  қажымас  қайратпен, 
мұқалмас  жiгермен,  қайнап  жатқан  қуатпен:  өзiңiз  араласып  жүрген  адамдарды 
ақиқат  жолына  бастап,  ел
-
жұртыңызға  үлгi  әрi  рухани  ұстаз  боласыз!  Сiз  қандай 
жұмысты, кәсiптi болмасын ұршықша иiрiп, шыр айландырасыз! Сiз өзiңiзбен
-
өзiңiз 
боласыз. Сiз Жаратушымен, Табиғатпен үйлесiмдiлiкте (гармония) болып бақытты 
да, баянды, мағыналы өмiр сүресiз!
 
180. Қортынды сөз
 
 
1. Біздің жанымыз Жаратушынын тозаңдай бөлініп кеткен бөлшегі. Киелі 
кітаптарда: "Адамды Жаратушы Өзі тектес етіп жаратқан", 

дейді.
 

 
161 
2. Жаратушы бізді Өзі тектес етіп жаратқан болса, онда Алла Тағала Өзінің 
бағдарламасын біз арқылы іс жүзіне асырып жатқан жоқ па? !
 
3. Мен өзім күнделікті ояна салысымен: "Ей, Алла! Бүгінгі күнімді Өзіңе 
арнаймын! Мені кұралың ретінде пайдалана гөр! ", 

деп тілеймін.
 
4. Жаратушы бізді жер бетіне жібергенде белгілі бір мақсатпен жіберген. Біз 
сол тапсырманы орындап жүр емеспіз бе?
 
5. Рухани деңгейі жетілген адамға бұдан басқа қажеттілік бар ма? Сіз бен 
бізге Фани дүниенін шырмауынан шығып кеткенімізге шаттануымыз керек 
қой!
 
6. Не ойлайсың сен солсың! Жаратушыдан жатарда:"Иа, Алла! Осы жалған 
фәни әлемде осы алеммен үйлесімділікте болатын өз орнымда тауып 
алуыма көмектесе гөр! ", 

деп тілеймін.
 
7. "Өз оміріңнің жауапкершілігін өзіңе жүктеу дегеніміз 
– 
айналаңдағы 
адамдарды кінәлаудан, өсектеуден, сынаудан, көре алмаудан толықтай бас 
тартып, кінәны өзіңнің ішкі жан дүниеңнен, Ғаиз жаныңда жазылған 
бағдарламадан іздеу, бақытсыздығыңның, ауруыңның, кедейшілігіңнің 
себебін табу".
 
8.Сіз жауапкершілікті өзіңізге жүктесеңіз, онда қуатты өмір сүре бастайсыз. 
Ешкімде, ешқашанда Сізге запа шектіріп, қасірет уын ішкізе алмайды. 
Ешқандай да көз, тіл тію, дуалау Сізге әсер етпейтін болады. Себебі, сіз 
Алланың қорғауында боласыз.
 
9.Сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша өміріңізді ретке келтіре аласыз. 
Тағдырыңыздың божысын, шылбырын өз қолыңызға алатын боласыз. Ол 
үшін сізге үнемі айнаның шағылысы шартын қолдану қажет. «Сыртқы 
келбетің 
– 
ішкі ақиқатың».
 
10. Адамдар өздерінің нашар тұрмыста тұратындығының жауапкершілігін 
мойнына алғылары келмейді. Оларға осы қалыптарына 
– 
біреуді, қоршаған 
ортаны, заманды, ағайын
-
туыстарын, әкімдерді, үкіметті, президентті, тіпті 
болмаса Жаратушыны кінәлау жеңіл.
 
11. Олар өздерінің осы жағдайларын: «маңдайыма жазған тағдырдың 
жазуы» 
– 
деп ақталады, осы сенімді санасына сіңіріп, жүректеріне ұялатып 
алады. Осы кұрдымнан шыға алмайтындарына мүлтіксіз сенеді.
 
12. Ауруға, қайыршылық пен жоқшылыққа матап
-
шырмап қойған ойларды 
санасынан қуып, жүрегінен үркітіп жіберсе, санасы мен қалауы біртіндеп 
денсаулыққа, молшылыққа, байлыққа, сыңғырлаған денсаулыққа карай бет 
бұра бастайтынын сезбейді, білмейді.
 

 
162 
13. Өмірдегі барлық жағдай 
– 
біздің ойымызға орай кұрылып, тартылып 
жатады. Осыған өзініздің өмірлік бағдарламаңызды қосыңыз. Осының 
бәрінен
 
қандай тағылым алдыңыз?
 
14. Айналаңыз қалай, солай қабылдаңыз. Өзіңіз өзгеріңіз, сол кезде 
қоршаған Әлем де өзгереді. Егер сіз біремеден қашқалактап тұрсаңыз, онда 
бұның тасасында 
– 
қорқыныш не ауру жасырынып жатыр. Сіз осыдан 
өткенде ғана тамаша тағылым аласыз.
 
15. Пенде баласы кашан Өз өмірінің жауапкершілігін өзіне жүктейді, сонда 
ғана таңдау еркіне мүмкіншілік пайда болады. Адам қай ойды тандаймын 
десе де өз еркі. Өзініздің Ғазиз жаныңыздын тәртібінің бағдарламасын, 
ойыңызды, сезім кұбылыстарыңызды ыждағаттылықпен зерттеңіз. Өз 
өміріңізді төнкеріп тастап, тарихыңызды қайта қараңыз.
 
16. Адамның ойы неғұрлым мөлдір, жүрегі таза, ниеті ақ болса, соғұрлым 
қабілеттері ашылып, ғарыштағы рухани ілімге кіруге, оны үйренуге, 
санасына сіңіруге мүмкіншілік алады. Қарапайым тілмен айтқанда: 
жамандық, жауыздық, көре алмаушылық, іштарлық, қызғаншақтық, 
көрсеқызарлық, суайттық, қызғаншақтық, күндеу, біреуді өсектеу, сынап
-
мінеу т.б. келеңсіздіктерден санамыз, Ғазиз жанымыз тазарған сайын, 
өміріңіз соғұрлым жақсарып, қызғылықты шаттыққа, бақытқа толып, 
денсаулығыңыз жақсарып, ерекше қабілеттеріңіз дами түседі.
 
17. Өзіңізді түбегейлі өзгерту 
– 
ең бірінші жауыздық қара ниет ойлардан және 
осылардан туындайтын келеңсіз қылықтардан, менменсіп дандайсудан, 
рухани надандықтан, көрсоқырлықтан арылу.
 
18. Пенде баласы ауру мен жоқшылықты, қарыздарын, бақытсыздығын 
өзінің теріс, келеңсіз ойлау жүйесімен табады. Ендеше осы ауруы мен 
кедейшілігінен, қарыздарынан құтылу жолдарын және жеке басының 
бақытын тек қана өзі ғана ойлау жүйесін
 
түбегейлі жақсы жаққа өзгертіп, 
Ғазиз жанының бағдарламасында жазылған себебін анықтап, Ғазиз жанына 
басқа: бақыттың, байлықтың, денсаулықтың, махаббаттың, шаттықтың 
бағдарламасын (программасын) жазып барып табады.
 
19. Адамның Өз тағдыры Өз қолында. Себебі, Жаратушы Иеміз пенде 
баласына шексіз еркіндік берген. Адам қай жолды таңдаймын десе де: жақсы 
болуы да, жаман болуы да, бақытты болуы да, бақытсыз болуы да, бай 
болуы да, кедей болуы да, ауру болуы да, сау болуы да Өз қолында. Рухани 
білім мен ілімді үйрену арқылы Өзіңді өзгерт, сол кезде бүкіл Әлем өзгереді. 
Ниет адамнан, Рахым Алладан. Шын ниетіңмен сұрасаң Алла екі дүниенің де 
қызығын көрсетеді. Фәни әлемде де, бақи әлемде де бақытты боласың! Екі 
қанатың: руханилық та, материалдық та тең болады! Сен не ойлайсың 
солсың!
  
Менiң  тарихым:  өзiн
-
өзi  жан
-
жақты  тәндiк,  руханилық,  материалдық  жетiлдiрген 
адамның саяхаттап жүрiп өткен жолдары. Бұл саяхат басқа саяхаттардан мүлдем 

 
163 
өзгеше.  Менiң  саяхатым:  ерiктi,  саналы  түрде  ашығу  арқылы  адамның  iшкi  жан 
дүниесiнiң  тылсымына  барып,  денсаулығын  бастапқы  сау  қалпына  келтiру. 
Бақытқа, тыныштыққа, рахатқа шомылдыру. Тылсым әлемнiң пердесiн аз да болса 
ашу.  Ерiктi  түрде  ашығудың  пайдасын  көпшiлiкке  түсiндiрiп  беру,  олардың 
санасына шапағат, iлiм нұрын құю.
 
Бұл жол әдемiлiкке, ғажайыпқа, имандылыққа толы. Сондай
-
ақ, жеке қуатыңызды 
арттыруға,  мамыражай  қалыпқа  түсуiңiзге,  iшкi  жан
-
дүниеңiздi  тыныштыққа, 
бақытқа,  рахатқа,  алаңсыздыққа,  шаттыққа  сүңгiтiп,  жоқшылықтан,  еңсеңдi  езiп 
тұрған  кедейшiлiктен  құтылуға  мүмкiншiлiк  бередi.  Осылай  деп  сенiмдi  түрде 
айтып отырған себебiм, осы жолды өзiм 12 жыл қарқынды түрде қарыштап, жаяу 
жүрiп өттiм. Өзiм осы тұлғаға айналдым. Сондықтан да, бар жауапкершiлiктi өзiме 
жүктеп, нық сенiммен айта аламын.
 
Менде  өзiмдi
-
өзiм  ашығумен  емдеудiн  12  жылғы  тәжiрибем  бар.  Өзiм  саналы, 
ерiктi түрде ашығу арқылы, бұрынғы қор болып жаншылған жан иесiнен, бақытты, 
уайымсыз адамға айналдым. Былапыт тамақтануға, темекiге, араққа, сыраға, кока, 
пепси 
– 
колаға, шәй, кофе iшуге үйiр болған әдеттерiм жойылды, түп
-
тамырымен 
жұлынып  тасталды.  Қазiр  ашығу  арқылы  тәнiмдi,  жанымды,  рухымды,  нәзiк 
денелерiмдi  тазалап,  жүрегiмнiң  кiрiн  аршып,  жүрегiмдегi  Жаратушының  өзі 
– 
Ғазиз  жанымның  бағдарламасын  түбегейлiктi  өзгертiп  алдым.  Ашығудың 
көмегiмен,  қазiргi  заманда  табылмайтын,  ұлы  да,  өте  сирек  ұшырасатын 
даналыққа ие боласыз.
 
  
Пайдаланылған кiтаптар: 
 
1. Құран Кәрим, қазақша мағына және түсiнiгi. Аударған Халифа Алтай.
 
2. Коранъ. Переводъ съ арабскага языка. Г. С. Саблукова. Третье изданiе. 
  
Казанъ. Центральная Типографiя. 1907 . 
3. Коран. Перевод смыслов и комментарии Иман Валерии Пороховой. 
    
Москва. Рипол классик. – 2005 
4. Пайғамбарымыздың бiр мың бiр хадистерi. – Шымкент қаласы – 1992 ж. 
5. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы. Шығармалардың екi томдық толық жинағы. – Алматы: 
Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар.  – 2004. 
6.  
Шәкәрiм Құдайбердiұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. –  2000. 
7.  Омраам  Микаэль  Айванхов  «Свет  мира».  Юбилейное  издания  1900  –  2000  год.   – 
Москва: Издательство «Техническая книга». – 2000. 
8. «Наука о жизни с позиции Аюрведы». – Москва. – 1998. 

 
164 
9. Поль Брэгг «Здоровье и долголетие. Чудо голодания».  Издательство «Грэгори» Москва 
1996. 
10. Р. Оразалиев, Д. Омаров, Ә. Мұқашбеков. «Жасару құпиясы». –  Алматы: «Алейрон». 
– 2006. 
11. 
Әсет Мұқашбеков. «Аштықты ұстау – денсаулықтың кепiлi! » – Алматы: «Алейрон». 
– 2007 
12. 
Әсет Мұқашбеков. «Рух пен тәннiң саулығы», – Алматы: «Алейрон». – 2007. 
13. 
Әсет  Мұқашбеков,  Қамбар  Мұқашбектектерi.  «Жүйке  жүйесiнiң  тылсымы»  – 
Алматы: «Алейрон». – 2007. 
16. 
Әсет  Мұқашбеков,  Тiлеубердi  Құлиев.  «Тибет  медицинасының  өнiмдерiнiң 
негiзiнде 
– 
желiлi жеке бизнестi құрудың құпиясы» 
– 
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуiр». 
– 2008 
17. 
Әсет  Мұқашбеков,
 
«Ақ  ана» 
– 
Зейнекамал  Қаржымбайқызы,  Күләйхан 
Қасымқызы,  Меңжамал  Құмарқызы,  Сапар  Рауанов,  Ержан  Құлиев. 
««Жаратушыны әруақтар арқылы тану немесе «Ақ ананың» тылсым дүниелерi» 
– 
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуiр». 
– 2008 
18. 
Әсет  Мұқашбеков,  Рахпар  Құдiретоллақызы.  «Өз  тағдырыңды 
– 
өзiң  қалай 
өзгертуге болады? » 
– 
Алматы: ЖШС РПБК «Дәуiр». 
– 2009 
                            
  
  
  

Document Outline

  • Жасару құпиясы. Ауру – қылмыс, қылмыскер болмайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет