Жасару құпиясы. Ауру


Ауызда өте жетілген құралдар бар



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата01.02.2017
өлшемі1,05 Mb.
#3171
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

97. Ауызда өте жетілген құралдар бар 
 
Ауызда  өте  жетілген  құралдар  бар:  олар  тілдің  үстінде  және  астында  орналасқан 
бездер.  Осы  бездер  астың  көзге  көрінбейтін  қасиеттерін  аулайды.  Сіз,  бірінші  асаған 
тамағыңыз асқазанға түсіп, қортылып үлгермей-ақ әліңіз кіріп, сергіп қаласыз. Не себепті? 
Аузыңыздың арқасында ағза қуатты, эфирлік элементтерді сіңіре алды. Мысалы: жемістер 
– 
сұйықтан, газдан және эфирлік заттардан тұрады. 
Адамдар қатты мен сұйық заттар жайлы бәрін де біледі, ал нәзік – ауадағылар назардан 
тыс  қалады.  Жемістің  шырайын,  түр  түсін  бояйтын,  хош  исін  шығаратын  –  эфир,  оның 
тіршілігі  қалай   әсер  ететініне  көңіл  бөлінбейді.  Эфирдің  маңызы  өте  зор,  осының 
бөлшектерімен адам өзінің нәзік денелерін тамақтандырады. 
 
98.  Неге  бұрынғы  әжелеріміз,  жас  келіншектердің  бәрінің  саусақтары  күміс 
сақина мен білезіктерге толып тұрған? 
 
Баяғыда  қазақтар  Ескендір  Зұлқарнайын,  батыс  халқы  Александр  Македонский  деп 
айтатын  атақты  патшаның  әскері  құм  ішінде  қалып  қатардағы  сарбаздар  іш  ауруынан 
қырыла бастапты, ал офицерлер құрамасы дін аман. «Бұл не керемет, себебі неде? », – деп 
тексере  келсе,  қатардағы  сарбаздың  су  құятын  құтысы  жәй  темірден,  ал  офицер 
құрамасынікі  күмістен  жасалыпты.  Өзіңіз  білесіз,  күміс   қандай  болмасын  микроб  пен 
вирусты қырып жібереді емес пе? 
Сол  сияқты  өзіміздің  өткен,  алдыңғы  ғасырларда  өмір  сүрген  әжелеріміз,  жас 
келіншектердің  бәрінің  саусақтары  күміс  сақина  мен  білезіктерге  толып  тұрған.  Бұл 
бірінші  әсемдік  болса,  ең  бастысы  тазалық  және  жұқпалы  аурулардан  сақтаған.  Баяғы 
қазақ  даласында  емханалар,  дәрігерлер  жоқ  болса  да,  осындай  алдын  алу  шараларымен 
аурулардың алдын алып отырған. Келіншектер ыдыс-аяқ жуғанда ыдыстың бәрін, асатын, 
пісіретін тағамдарын күміс сақинаның көмегімен залалсыздандырып отырған емес пе, бұл 
деген  керемет  қой!  Өкінішке  орай,  халқымыздың  осындай  салт-дәстүрінің  қасиетті 
жақтары қазір көмескіленіп кетті ғой. 
 99. 
Біз демалуды білеміз бе? 
 
Көпшілік  ойлайды,  дастархан  басында  кофе,  шәй,  ішімдіктерді  сыздықтата  тартып  дем 
алудамыз деп. Нақтылысына келсек демалыс дегеніміз – толықтай тыныштық, барлық іс 
қимылдан  азат  болып  еркіндік  алу  және  бүкіл  жүйке  жүйеңіздің  мамыражай  қалыпқа 
түсуі. 
 – 
Демалғанда қалай отырумыз керек? 
 – 
Сіз  демалғанда  аяғыңызды  бірінің  үстіне  бірін  айқастырып  қоймаңыз,  бұл 
жағдайда  аяқты  қоректендіретін  қан  тамырын  қысып  тастайсыз.  Негізінде  сіз  демалып 

 
89 
отырған жоқсыз, керісінше жүрекке ауыр салмақ салып отырсыз. Демалу – бүкіл ағзада 
қан айналымын еркін қамтамасыз ету. Егер сіздің аяқ киіміңіз тар, галустігіңіз буындырса, 
бас киіміңіз симаса, жағаңыз қылқындырса біліңіз, сіз дем алған жоқсыз. Жақсы демалыс 
– 
киімдеріңді шешіп тастағанда. 
  – 
Дем алудың әдістері бар ма? 
 – 
Кейбір  адамдар  дем  алып  отырғанда,  бір  орында  тыныш  отыра  алмай 
мазасызданып,  саусақтарымен  столдың  үстін  тырсылдатып,  қозғала  береді.  Дем  алудың 
әдісі, жинақтала білу. Осының бір әдісі қатты төсекте  шешініп жатып дем алу. Бұлшық 
еттер  мен  жүйкені  мамыражай  қалыпқа  түсіруде,  жақсы  күн  шуағының  алатын  орны 
ерекше.  Дем  алған  кезіңізде,  өз  миыңызды  барлық  толқу,  шырғалаңдар  мен 
қамқорлықтардан арылтуыңыз керек. Бұлшық еттеріңіз бен жүйкеңіз мамыражай қалыпқа 
түскен  мезетте,  жүрегіңіздің  соғысы  баяулап,  тыныс  алуыңыз  ақырындап  барып 
бірқалыпқа түседі. Осы толықтай босаңсуға, дем алуға алып келеді. 
 – 
Демалғанда ұйқы қалай әсері етеді? Ұйықтататын дәрінің пайдасы бар ма? 
    – 
Ұйқы  сіздің  бұлшық  еттеріңізді  толықтай  босаңсытып,  тамаша  дем  аласыз. 
Түнгі  ұйқы  мені  жақсы  қалпыма  келтіреді.  Көптеген  адамдар  шаршаған  жүйкені 
қамшылайтын  қоздырғыштарды  қолдануға  әдеттенген  –  темекі,  дәрілер,  кофе,  шәй, 
ішімдік  және  сусындар.  Сондықтан  қоздырғыштарды  қолданатын  адамдар,  ешуақытта 
толық  мамыражай  қалыпта  дем  ала  алмайды,  олардың  жүйкесі  үнемі  қозу  жағдайында 
болады. 
– 
Демалысты қалай табуға болады? 
Демалысты  –  денелік,  және  ақыл  –  ойлық  жұмыс  істеп  табу  керек,  себебі  екеуі 
қояма  қолтық  бірге  жүреді.  Адамдардың  басым  бөлігі  ұйқысыздықтан  зардап 
шеккендіктен,  ұйықтау  үшін  көптеген  дәрілерді  ішіп,  жасанды  ұйқы  алады.  Бірде  бір 
адам,  дәрімен  толық  дем  ала  алмайды.  Бір  де  бір  дәрі  сау,  тынықтыратын,  рахаттанып 
ұйықтайтын қалыпта ұйқы әкелмейді. Уларға толы ағза, жүйкені үнемі қоздырып тұрады. 
Қозып  тұрған  жүйкемен  түнді  қалай  тыныш  өткізе  аласыз?  Ашығу  барысында,  адамдар 
қоздырғыштардан бас тартқан мезеттен бастап, терең ұйқтап, толық дем алады. Ағзаңыз 
тазалана бастаған кезде, босаңсуға қабілетіңіз артып, терең де тыныш ұйқыдан ләззат ала 
бастағаныңызды өзіңіз де байқайсыз. 
 
100. Біз бәсекелестік жайлаған есалаң әлемде өмір сүреміз 
 
Адамдар неге ішімдікке, темекіге, ашты шәйға, қоздырғыштарға үйір? 
Іс  әрекетіңізді  жиі  алмастыру  да,  денсаулықты  жақсы  сақтаудың  кепілі.  Жұмыс  күні 
барысында,  іс  әрекетімізді  жиі  алмастырып  отыруға  тиіспіз.  Біз  бәсекелестік  жайлаған 
есалаң  әлемде  өмір  сүреміз.  Біздің  өркениетті  жағдайымызда  «адам  адамға  –  қасқыр» 
болғанда, біз ауыр соққыларға және зор қысымға төзуге мәжбүрміз. Адамдардың темекіге, 
ішімдікке, кофеге т.б. қоздырғыштарға үйір болуының себебі осы екеніне мен сенімдімін. 
Іскер  әлемде,  тек  қана  бәсекелестік  емес,  өзін  көрсетіп,  бекітуге  деген  қалау  да  орын 
алған. Адамдардың қажымай талмай, бір бірінен асып түсу ұмтылысы мәңгілік жалғасуда. 
Осы жалған көзқарасқа көптеген қуат шығындалады. 

 
90 
Бүгінгі  күнде  бізде  созылмалы  маскүнемдер  мен  дәрі  бәңгішілерінің  бары  таңқаларлық 
емес  пе?  Өмір  сүру  өзіңді  қуанышты,  тірі  сезіну  екенін  ұмытып  кеттік.  Байсалды  өмір 
сүру  –  біздің  қоғамда  аз  ғана  адамдардың  бақыты.  Қазіргі  өмір  –  асығу,  аптығу,  тағы 
асығу. Біз қайда асығамыз? Емханаға ма, әлде молаға ма? 
 101
. Демалуға, ұйықтауға қабілетті арттыру үшін не істеу керек?     
          
Мамыражайлыққа, демалуға, ұйықтауға қабілетті болу үшін, әр күніңде – демалуға, 
көңіл  көтеруге,  дене  шынықтыруға  және  жақсы  ұйқыға  уақыт  қалатындай  қылып 
жоспарлауыңыз керек. Егер сіз тамаққа тойып алғаннан кейін, таза ауада жаттығу немесе 
бақшаңызда  жұмыс  жасамай,  не  3  шақырым  жүріп  қайтпасаңыз  рахаттанып  ұйқтай 
алмайсыз. 
Мен  үй  жұмыстары  және  күнделікті  өз  шауаларым  денеге  көп  күш  түсіреді  деп 
ойламаймын. Таза ауада жұмыс істеу, қыдыру, жүгіру қажетті нәрселер. Сіз өз денеңізді 
табиғи  тамақпен,  таза  сумен,  таза  ауамен,  күн  шуағымен  қуантуыңыз  керек.  Әрине 
«табиғатқа қайта қайтайық» деген адамдарды келемеждеп күлу оңай, бірақта біз табиғат 
жолымен жүретін адамдар соңынан күлетін боламыз. 
           
Тамақтануда,  демалғанда,  ұйықтағанда  және  өмірдің  қарапайым  әдеттерінде 
табиғатқа  неғұрлым  жақын  болуға  тырысыңыз.  Табиғаттың  қалауы  бойынша  өмір  сүре 
бастаңыз, сіз шексіздіктің бір бөлшегісіз. Тағдырыңызды табиғаттың қолына тапсырыңыз, 
оған  сеніңіз.  Егер  сіз  қала  тұрғыны  болсаңыз,  қаланың  сыртына  немесе  теңіз  жағасына 
барып нақтылы демалыңыз, мамыражай қалыпқа түсіп, өзіңізді тәртіпке келтіріңіз. 
 
Мен  сізге  мына  ережелерді  басшылыққа  алуыңызды  нұсқаймын.  Бірінші  – 
бақытты болу, деніңіздің сау болуы тікелей өзіңізге ғана байланысты. Егер өз ағзаңызға 
қуат жинайтын уақтылы демалыс бермесеңіз, сіздің ағзаңыз сау болмайды. Екінші – сіз өз 
ағзаңызға  машинаға  қарағандай,  қамқорлықпен  мұқият  қарап  отыруыңыз  керек. 
Үшіншіден  –  жасымыз  ұлғайған  сайын,  табиғатқа  жақындағанның  үстіне  жақындай 
түсуіміз  керек.  Қоздыратын  іс  әрекеттердің  орнына,  тыныштық  пен  бейбітшілікке 
ұмтылуымыз керек. Қарапайым да таза өмір сүре, сіз  сау боласыз. 
 
102. Мамыражай (релаксация) қалыпқа қалай түсеміз? 
 
Біз  билеуге,  қозғалуға,  әр  түрлі  спортпен  шұғылдануға  тиіспіз.  Бірақта,  ешуақытта  жәй 
ғана отырып немесе жатып мамыражай қалыпқа түсіп, барлық күйбің тіршілікті ысырып 
тастап дем алудан ұялмаңыз. Бұл жағымды ғана емес, мүлтіксіз қажет нәрсе. Дәрілердің 
көмегімен  мамыражай  қалыпқа  түсудің  жолын  таптым  деп  ойламаңыз,  екеуі  бір  нәрсе 
емес. 
Мамыражай қалыпқа түсіп ұйықтау үшін радио, теледидарды өшіріп, төсекке шалқаңнан 
жатып,  қолдарыңды  денеңнің  бойымен  тимейтіндей  бос  тастап  еш  нәрсеге  алаңдамай 
жатуға кеңес беремін. Алақандарыңды төмен қаратып, қолдарыңызды төсектің үстіне бос 
тастаңыз, дем алсын. Аяқтарыңды біріне бірі тимейтіндей қылып созыңыз. 
Басыңызды  кішкене  жастықшаға  немесе  жастықсыз,  өзіңізге  қалай  ыңғайлы,  солай 
қойыңыз. Алғашында көзіңізді жұмбаңыз, тесірейіп бір нүктеге қарай бермей, арлы берлі, 
жан  жағыңызға,  төмен  жоғары  жүргізіңіз.  Осындай  қимылдан  кейін  көзіңіз  өзінен  өзі 
жұмылады. Бұндай қозғалыстың мамыражай қалыпқа енуге бөгеті жоқ. 

 
91 
 
103. Ұйқысыздықты қалай емдеуге болады? 
 
Ұйқысыздық  ашығу  арқылы  10-12  күнде  емделеді,  соңынан  тәтті  ұйқы  әрбір  түнгі 
досыңызға айналады, сіз таңертең жаңа туған бала сияқты таза періште қалыпта оянасыз. 
            
Ашығу  бағдарламасы  мен  жүгіру,  толық  демалудың,  әрбір  түнде  тәтті  де  тамаша 
ұйықтаудың  шеберлігіне  үйретеді.  Улар  сіздің  жүйкеңіз  бен  бұлшық  етіңізді  қыспаққа 
алып тұрады, ал ашығу осы қыспақты мамыражайлықпен алмастырады. 
Көзіңіздің қимылына ойыңызды ілестіріңіз. Көзіңіздің қарашығының қозғалысына 
ілескен  ойыңыз  әлсірейді,  осы  бүкіл  ағзаңыздың  біртіндеп  табиғи  әлсіреуіне  және 
байсалды  да  қуат  құйылатын  ұйқыға  алып  келеді.  Егер  де  ұйықтай  алмасаңыз,  бірдеме 
оқыңыз,  бұл  да  көмектеспесе,  сіздің  көзіңіздің  бұлшық  еттері  ауыр  жұмыстан  қажыған, 
оқу оны шаршатқандықтан, жоғарыдағы айтылған әдіспен әлсіретіңіз. 
           – 
Ұйықтай бергенде бұлшық еттерді бір қатайтып, бір босатуға бола ма? 
 – 
Бұлшық  еттеріңізді  бет  алды  ширықтыра  бармеңіз.  Қолдың,  аяқтың  қозғалысы 
немесе аунап жатуыңызбен сіз ішкі мамыражайлықты бұзасыз, белгілі бір мамыражайлық 
деңгейіне  жетіп  қалған  бұлшық  еттер  осы  ағымды  басынан  қайта  қайталауға  мәжбүр 
болады.  Ширығып  тұрған  бұлшық  еттер  өздерін  ыңғайсыз  сезініп  тұрады,  сіз 
қозғалысыңызбен  осы  ыңғайсыздықты  ұзарта  түсесіз.  Осы  еттердің  босаңсуы  10...15 
минут аралығына созылады.  Босаңсыған еттер өздерін өте жайлы сезінуі керек, егер сіз 
толық  мамыражай  қалыпқа  түссеңіз,  онда  бұрын  соңды  болмаған  жайлылық  пен 
тыныштықты  сезесіз.  Кейбір  бұлшық  етіңіз  немесе  еттеріңіз  жайсыздықта  болса,  онда 
олар ширығып тұр, сіз олардың босаңсуына мүмкіндік бермей тұрсыз. 
          – 
Қалай жатып ұйықтаған ыңғайлы? 
–       
Мамыражайлылықты жаңадан бастап жүргендер маған жиі айтады, шалқадан жатып 
ұйықтай алмаймыз деп. Бұның бәрі де сіздің миыңызға жазылуына байланысты, егер 
сіз осының пайдалылығына толық сенімді болсаңыз, онда ойдағыдай болады. «Мен оң 
қырыммен  жатсам  ғана  ұйықтай  аламын»,  «Мен  етпетімнен  жатып  ұйықтаймын», 
«Мен  бүк  түсіп  жатпасам  ұйықтай  алмаймын»,  «Мен  дөңбекшіп  жатып  барып 
ұйықтаймын», «Мен күндіз біраз көз шырымымды алсам, түнде ұйықтай алмаймын», 
«Мен  таңғы  беске  шейін  ғана  ұйықтаймын,  сағат  жетіге  дейін  көзім  бақырайып 
жатады,  түске  таман  қайта  маужырай  бастаймын»  –  міне  адамдардың  шағатын 
мұңдары осы. 
Бірақ  мен  сенімдімін,  егер  адам  күніне  15  минут  уақытын  мамыражайлыққа  үйренуге 
бөлсе,  онда  ол  қайтсе де  табысқа  жетеді,  ол  ашығу  бағдарламасын  басшылыққа  ала 
отырып мамыражайлыққа әдеттеніп алады. 
  
104
.  Ресейдің  даңқты  спортшысы  болған,     қоян-қолтық  шайқастан  (рукопашный 
бой)  ,  ережесіз  айқастан  (бой  без  правила)  ,  панкратионнан  (гректердің  ережесіз 
шайқасы) және соғыс самбосынан, осы аталып өткен шайқастардың төртеуінен де  
халықаралық  дәрежедегі  спорт  шебері,  бокстан  Ресей  Федерациясының  спорт 
шебері, Ресей әскери әуе – десант күштерінің бұрынғы офицері    Қасабаев Саяуыш 
Өндірханұлының толғауы 

 
92 
Құран  Кәримнің  ішіндегі  аяттардың  математикалық  заңдылықтарын  тауып  оқып, 
таөқалуым.  Спорттың  адамға  қандай  пайдасы  бар?  Қиымылдамау  –  тат  басу  дегенді 
қалай  түсінуге  болады?  Жаяу  серуендеудің  адам  ағзасына  тигізер  пайдасы  бар  ма? 
Арқаны, омыртқаны түзетуге бола ма? 
 
"Дене жаттығуларымен қалыпты және өз уқытында шұғылданып отырған адам ауруды 
құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді".        Ибн – Сина 
 
 "
Мен жігіт, он бес – отыз арасында, 
Бұл жаста көп: бересі – аласым да.. 
Жалыны бойға симай сырттан көрініп, 
Күн сайын тұрады артып қайрат күшім". Сұлтанмахмұт Торайғыров 
        
Адам өмірінде дене қимылының алатын орны ерекше екенін жұрттың бәрі біледі, ал 
осы  қимыл  спортшыларда  ең  басты  орында.  Осы  жаттығудың  және  салауатты  өмір 
сүрудің  нәтижесінде  талай-талай  асуларды  бағындырған  Ресейге  танымал,  Қазақстанға 
енді  ғана  өзін  танытып  келе  жатқан  Қасабаев  Саяуыш  Өндірханұлымен  кездесіп, 
салауатты өмір сүру мен дене жаттығулары жайында өзінің көзқарасын айтып беруді және 
өзінің өмірбаянына қысқаша шолу жасай кетуін өтіндім. 
         
Саяуыш сұңғақ  бойлы, шымыр денелі, қайратты қара шашы аққұба өңіне жарасып 
тұрған  аса  келбетті  жігіт.  Күлімдеген  қой  көздерінен  парасаттылық  пен  тектіліктің 
ұшқыны жалындап тұрғандай. Бүкіл дене болмысынан өлшеусіз қуат, сарқылмас қайрат, 
мұқалмас  жігер,  сыңғырлаған  денсаулық,  жалындаған  жастық  оты  лапылдап  тұрғанын 
сезесіз.  Қимылы  шалт,  сөзі  салмақты,  әр  сөзін  байыптап  ойланып  барып  айтады. 
Жүрісінен,  киім  киісінен-ақ:  «а,  мына  жігіт  кезінде  әскери  адам  болған  ғой  деп  бірден 
ойлайсыз». 
Сұрақ: – Саяуыш бауырым, өзің арнайы діни оқу орнын бітірмесең де, өз бетіңше 
рухани  кітаптарды  көп  ізденіп  оқитыныңды  білемін.  Ана  күні  бір  сөзіңде  интернеттен 
керемет бір қызық дерек таптым деп едің, ол не дерек? 
         
Жауап:  –  Әсет  аға,  осы  жақында  интернеттен  өте  қызық  та,  Жаратушы  түсірген 
қасиетті Құран Кәримнің ішіндегі аяттардың математикалық заңдылықтарын тауып оқып 
жағамды ұстадым! 
         – 
Осының қысқаша мазмұнын оқырмандарымыздың да біле жүргені жөн болар деген 
байламға  келдім.  Доктор  Тарик  Аль  Суаиди  қасиетті  Құран  аяттарынан  бір  нәрсенің, 
екінші  нәрсемен  математикалық  тең  екенін  байқапты.  Ең  таңқаларлығы  Құранда  «ер 
адам»  деген  сөз  24  рет  қайталанса,  «әйел»  деген  сөз  де  24  рет  қайталаныпты,  немесе 
24=24.  Осыған  таңырқаған  ол  аяттарды  ары  қарай  талдаса  осындай  заңдылық  Құран 
аяттарының  бәрінде  де  тұнып  тұр  екен.  Енді  араб  тілінде  жазылған  аяттардағы  тең 
сөздердің кейбіреуіне шолу жасап қарап көрелік: 

 
93 
         
Дүние (фәни әлемнің бір атауы) деген сөз 115 қайталанса, Ақирет (бақи әлемнің бір 
атауы) 115 рет қайталанған. 
Өмір 145 рет қайталанса,   Өлім 145 рет қайталанған. 
Пайда 50 рет болса, Зиян 50 рет қайталанған. 
Адамдар 50 рет, Елшілер 50 қабат. 
Ібіліс 11 қабат қайталанса, Ібілістен қорған іздеңдер деген сөз 11 рет айтылған. 
Қарғыс деген сөз 75 рет, ал Алғыс деген сөз 75 рет қайталанады. 
Шығын 73 қабат кездессе, Кіріс 73 қабат кездеседі. 
Адамды азғырушылар деген сөз 17, Өлген адамдар деген сөз тіркесі 17. 
Мұсылман 41, Кәпір 41. 
Алтын 8, Жеңіл өмір 8. 
Сиқырлы 60, Адасқандар 60. 
Зекет 32, Береке 32. 
Пікір 49, Үндемеу 49. 
Тіл 25, Уағыз 25. 
Жайбарақаттық 8, Қауіптену 8. 
Ашық сөйлеу 18, Жариялау 18. 
Ауыртпалық 114, Шыдамдылық 114. 
Мұхаммед 4, Шариғат (Мұхаммед ілімін оқу) 4. 
Ер адам 24, Әйел адам 24. 
Тағы бір таңқаларлығы – төмендегі сөздер мұншама қабат қайталанады. 
Ай деген сөз 12, Күн (тәулік) деген сөз 365 қабат қайталанады. 
Теңіз 32, Жер 13 қабат қайталанады. 
Теңіз+Жер = 32+13 = 45 
Теңіз  = 32/45*% 100 = 71.11111111 

 
94 
Жер = 13/45* 100 = 28.88888889% 
Теңіз+Жер = 100.00% 
 
Қазіргі ғылым жетістігі жақында ғана жер шарының 71.111 пайызын су, ал қалған 28.889 
пайызын құрлық құрайтынын дәлелдесе осының бәрін пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) 
кім  білдірді?  Жауап  біреу-ақ: Құдіретті  АЛЛА. Осыны  қасиетті  Құран  Кәрим  бізге 
хабарлайды. 
 – 
Саяуыш  бауырым,  енді  оқырмандарға  өзіңді  қысқаша  таныстыра  кетсең,  және  осы 
денешынықтырудың адам ағзасына әсері, ерекшелігі неде? 
–       
Жәрәйді Әсет аға, айтқаныңыз болсын, білгенімді айтайын. 
Мен,  Саяуыш  Өндірханұлы  Қасабаев  1975  жылы  24  желтоқсан  айында   бұрынғы 
Семей облысы, Ұржар ауданы, Науалы ауылында дүниеге келдім. 
         
1983....1991 жылдары Науалыдағы №2 орта мектепте оқыдым. 1984 жылдан бастап 
самбо  күресімен  шұғылданып  14  жасымда  спорт  шеберлігіне   кандидат  нормасын 
орындадым. 
  
1991...1994  жылдар  аралығында  Алматы  қаласындағы  Кеңес  Одағының  батыры 
Бауыржан  Момышұлы  атындағы  әскери  мектепте  оқыдым.   Осы  мектеп   қабырғасында 
оқып жүргенде қазақша күрестен Алматы қаласының жеңімпазы (чемпион) болдым. 
1994....1999  жылдар  аралығында  Ресей  Федерациясының  Рязань  қаласындағы 
армия генаралы Маргелов атындағы әскери әуе – десант академиясын ойдағыдай бітіріп, 
әскери әуе – десантының  офицер атағын алып шықтым. Осы  оқу орнында спорттың түр-
түрлерімен шұғылдандым. 
1994 жылы әкери училищенің ішіндегі самбо және жекпе-жек айқас (рукопашный 
бой)  бойынша  жеңімпаз  болып,  әскери  әуе  –  десанттарының  құрама  командасына  мүше 
болдым. 
1995  жылы  көкек  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы  бойынша  жекпе-
жек  айқастан  (рукопашный  бой)  әскери  әуе  десант  күштерінің  жеңімпазы  (чемпион) 
атағын жеңіп алып спорт шебері нормасын орындадым. 
1995  жылы  мамыр  айында  Ресей  Федерациясының  барлық  әскери  күштерінің 
арасындағы жарысында жекпе-жек айқастан күміс жүлдегері болдым. 
1995  жылы  маусым  айында  Санкт-Петербург  қаласында  халықаралық  жарыста 
панкратион (ережесіз айқас) бойынша күміс жүлдегер атандым. 
1995  жылы  қараша  айында  бүкіл  Ресейлік  турнирде  Омск    қаласында  жекпе-жек 
айқастан алтын медальға ие болып, Ресей Федерациясының жеңімпазы (чемпион) атағын 
жеңіп алдым. 

 
95 
1996 жылы наурыз айында Рязань қаласында Ресей Федерациясы бойынша жекпе-
жек айқастан әскери әуе десант күштерінің жеңімпазы болып алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1996  жылы  мамыр  айында  Иркутск  қаласында  Ресей  Федерациясының  барлық 
әскери күштері арасында жекпе-жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1996 жылы маусым айында Вильнюс қаласында халықаралық жарыста панкратион 
күресі бойынша алтын жүлдеге ие болдым. 
1996  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде  жекпе-жек 
айқаста  алтын  жүлдеге  ие  болып,  Ресейдің  «техникасы  ең  үздік  спортшы»  атағымен 
марапатталдым. 
1997  жылы  көкек  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы  бойынша  жекпе-
жек айқастан әскери әуе десант күштерінің арасында алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1997  жылы  мамыр  айында  Краснодар  қаласында  Ресей  Федерациясының  барлық 
әскери күштер арасында жекпе-жек айқаста алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1997  жылы  қыркүйек  айында  Рязань  қаласында  облыстық  жарыста  бокстан 
жеңімпаз атандым. 
1997  жылы  қазақша  күрестен  Семей  облысының  «түйе  палуаны»  атағын  жеңіп 
алғанмын. 
1997  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде  жекпе-жек 
айқастан  алтын  жүлдеге  ие  болып,  Ресей  бойынша  «техникасы  ең  үздік  спортшы» 
атағымен марапатталдым. 
1998 жылы ақпан айында Рязань қаласында бокстан облыстық  жеңімпаз атандым. 
1998  жылы  маусым  айында  Рязань  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде  бокстан 
алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1998  жылы  көкек  айында  Рязань  қаласында  Ресей  Федерациясы  бойынша  жекпе-
жек айқастан әскери әуә – десант күштерінің арасында алтын жүлдені жеңіп алдым. 
1998 жылы мамыр айында Москва қаласында, жекпе-жек айқастан бүкіл Ресейлік 
барлық әскери күштері арасында алтын жүлдеге ие болдым. 
1998 жылы шілде айында Москва қаласында  Бүкіл Ресейлік жарыста «орыс жекпе-
жегінен» түйе палуандықтан (абсолют) күміс жүлдегер атандым, осы финалдық шайқасты 
осы жылдың желтоқсан айында Ресейдің орталық телеарнасы (РТР) барлық ТМД елдеріне 
көрсетті. 
1998 жылы қыркүйек айында Рязань  қаласында самбо күресі бойынша облыстық 
жеңімпаз атандым. 

 
96 
1998  жылы  қараша  айында  Омск  қаласында  бүкіл  Ресейлік  турнирде  жекпе-жек 
айқаста  алтын  жүлдені  жеңіп  алып  Ресей   бойынша  үшінші  қабат  «техникасы  ең  үздік 
спортшы» атағымен марапатталдым. 
1998  жылы  желтоқсан  айында  Рязань  қаласында  өткен  халықаралық  жарыста 
жекпе-жек  айқастың  жеңімпазы  болып,  алтын  жүлдені  жеңіп  алдым.  Осы  жарыста  «ең 
шапшаң спортшы» атағымен марапатталдым. 
1999  жылы  Маусым  айында  «ережесіз  шайқаста»  (бой  без  правил)  Санкт-
Петербург қаласында өткен жарыста жеңімпаз атағына ие болдым. 
2001 жылы Москва қаласында «ережесіз шайқастардың» тұрақты түрде жеңімпазы 
атағын жеңіп алып отырдым. 
2003  жылы  Рязань  қаласында  өткен  «ережесіз  шайқастардың»  турнирінде 
жеңімпаздардың – жеңімпазы атағын жеңіп алдым (абсолют). 
2003  жылы  Бүкіл  Ресейлік  Харламов  атындағы  соғыс  самбосынын  жеңімпаз 
атандым. 
2004 жылы Иванов қаласында өткен бүкіл Ресейлік спорттық айқастардың барлық 
түрлерінен:  (кедергіден  өту,  пышақ  лақтыру,  мылтық  ату,  қояма-қолтық  шайқас)  – 
(универсальный бой) жеңімпаз атағын жеңіп алдым. 
2004  жылы  наурыз  айында  Москва  облысы,  Чехов  қаласында  (Олимпиский 
комплексте)  өткен  айқастардың  барлық  түрлерінен:  (кедергіден  өту,  пышақ  лақтыру, 
мылтық ату, қояма-қолтық шайқас) – (универсальный бой)   Европа чемпионатында күміс 
жүлдегер атандым. 
1995 жылдан  жекпе-жек айқастан Ресей құрама командасының мүшесімін. 
2005  жылы  18...20  наурыз  аралығында  Астана  қаласында,  Қазақстан 
Республикасының  соғыс  самбодан  (боевое  самбо)  өткен  ашық  чемпионатында  жеңімпаз 
атанып,  алтын  жүлдені  жеңіп  алдым  және  соғыс  самбосынан  Қазақстан  спорт  шебері 
дәрежесіне ие болдым. 
2005  жылы  май  айында  Алматы  қаласында  Қазақстан  Республикасының  ережесіз 
жекпе-жек шайқасынан алтын жүлдегер болдым. 
2006 жылы наурыз айында Семей қаласында Қазақстан Республикасының ережесіз 
жекпе-жек шайқасынан жеңімпаз атанып, алтын жүлдеге ие болдым. 
2006  жылы  2  қыркүйек  пен  5  қазан  айларының  аралығында  Қырғызстандағы 
Бішкек қаласында өткен Азия біріншілігінде соғыс самбосынан жеңімпаз атанып, алтын 
медаль  мен  кубокты  жеңіп  алып,  соғыс  самбосынан  –  халықаралық   дәрежедегі  спорт 
шебері атағын алдым. 

 
97 
2006  жылы  29  қазан  мен  3  қараша  айларының  аралығында  Ташкент  қаласында 
өткен әлемдік біріншілікте: соғыс самбосынан 3 орын алып, қола жүлдегер атаным. 
Жекпе-жек  айқастың  төрт  түрінен  халықаралық  дәрежедегі  спорт  шеберімін 
(панкратион,  соғыс  самбосы,  ережесіз  және  қояма-қолтық  шайқас)  ,  бокстан,  соғыс 
самбосынан Ресей Федерациясының спорт шеберімін. 
Менің  осы  спортпен  шұғылданғаныма  биыл  тура  20  жыл  болды,  спортқа  10 
жасымда  келдім.  Алғаш  спорт  табалдырығын  өзіміздің  ауылда  аттадым,  ал  алғашқы 
ұстазым қазақша күрес пен самбодан спорт шебері Қазбеков Дәулет ағай болды, мен ол 
ұстазыма  әруақытта  қарыздармын  деп  есептеймін.  Кейін  Мәскеу  қаласында  өзім  күресе 
жүріп жаттықтырушылық жұмыспен де айналыстым. Мен тәрбиелеген жігіттер қазір әлем 
деңгейінен  көрінуде.  Шәкіртім  Сергей  Харитонов  ережесіз  айқастан  әлемнің  үш  дүркін 
жеңімпазы (чемпионы) , қазір бокстан олимпиадаға дайындық жасауда. 
Сондай-ақ шәкірттерім Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі де Ресейде Рязань 
қаласындағы  армия  генаралы  Мергалов  атындағы  әскери  –  әуе  десант  академиясының 
түлектері. Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі да жекпе-жек, қояма-қолтық айқастан 
халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. Михаил Миненков Ресейдің халық қаһарманы 
т.б.  жігіттер  менің  мектебімнен  және  дайындығымнан  өтті.  Жанат  Сыздықов  қазір 
Елбасымыздың  күзет  бөлімінде,  ал  Қуаныш  Қошаеев  Республикамыздың  бас  барлау 
басқармасында қызмет істейді. 
Осы жаттықтырушылық жұмыс барысында адам физиологиясын терең білу қажет 
болды, сондықтан осы дене шынықтыру саласын жаттықтырушы ретінде басқа қырынан 
зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен және соғыс тәжірибеммен аз да болса  
бөлісейін деп, осыдан екі жыл бұрын Ресей қарулы күштері қатарынан өз еркіммен босап 
Қазақстаныма қайтып келдім. Егер осының біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма аз да 
болса  пайдам  тиді  деп  білемін.  Мен  айтар  едім,  бір  елдің  жеңімпазы  болған   адамға  
кезінде  құрмет  көрсетілуі  керек  деп.  Осы  реттен  алғанда  елінің,  халқының,  ұлтының 
намысын  қорғап,  туын  желбіретіп,  ән  ұранын  шырқатқан  спортшылар  барынша 
бағаланатын, айрықша ардақталатын адам болуы керек. 
Бірінші  жаттықтырушым  Қазбеков  Дәулет  Қасенұлы,  әлі  күнге  дейін  өзім  туған  ауылда 
балаларды жаттықтырады. 
Ресейдегі жаттықтырушыларым: 
1.                         
Васильев  Генадий  Арсентьевич  –  Ресейдің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, жекпе-жек айқастан спорт шебері, тайквандодан 3-ші 
дан. 
2.                         
Логовский  Павел  Мистиславич  –  Ресейдің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, самбодан спорт шебері, қояма-қолтық айқасты бірінші 
енгізуші,  полковник,     Ресей  әуе  десант  әскерінің  спорт  жетекшісі,    
жекпе-жек шайқас ассосациясының президенті. 

 
98 
3.                         
Большаков  Николай  Иванович:  СССР-дің  еңбегі  сіңген 
жаттықтырушысы, еңбегі сіңген спорт шебері. 
4.                         
Игнатов  Герман  Викторович  –  жаттықтырушы,  бокстан  спорт 
шебері. 
Ресей  қарулы  күштерінің  бірнеше  ордендері  және  медальдарымен 
марапатталғанмын. 
Әсет  аға,  бірінші  сұрағыңызға  жауап  бердім,  енді  екінші  сұрағыңызға  жауап 
берейін. 
Алғаш  спорт  табалдырығын  өзіміздің  ауылда  аттадым,  ал  алғашқы  ұстазым 
қазақша күрес пен самбодан спорт шебері Қазбеков Дәулет ағай болды, мен ол ұстазыма 
әруақытта  қарыздармын  деп  есептеймін.  Кейін  Мәскеу  қаласында  өзім  күресе  жүріп 
жаттықтырушылық  жұмыспен  де  айналыстым.  Мен  тәрбиелеген  жігіттер  қазір  әлем 
деңгейінен  көрінуде.  Шәкіртім  Сергей  Харитонов  ережесіз  айқастан  әлемнің  үш  дүркін 
жеңімпазы (чемпионы) , қазір бокстан олимпиадаға дайындық жасауда. 
Сондай-ақ, шәкірттерім Жанат Сыздықов, Қуаныш Қошаев екеуі де Ресейде Рязань 
қаласындағы  армия  генаралы  Мергалов  атындағы  әскери-әуе  десант  академиясының 
түлектері. Жекпе-жек, қояма-қолтық айқастан халықаралық жарыстардың жеңімпаздары. 
Михаил  Миненков  Ресейдің  халық  қаһарманы  т.б.  жігіттер  менің  мектебімнен  және 
дайындығымнан өтті. Жанат Сыздықов қазір Елбасымыздың күзет бөлімінде, ал Қуаныш 
Қошаев Республикамыздың Бас Барлау басқармасында қызмет істейді. 
 
Осы жаттықтырушылық жұмыс барысында адам физиологиясын терең білу қажет 
болды,  сондықтан  осы  денешынықтыру  саласын  жаттықтырушы  ретінде  басқа  қырынан 
зерттеуіме тура келді. Енді осы алған біліміммен аз да болса сізбен бөлісейін, егер осының 
біреулерге септігі тиіп жатса, халқыма  пайдам тиді деп білемін. Сіз тыңдаушы болыңыз, 
мен айтушы болайын. 
"Ауру-сырқаудан сау дене дұрыс рухтың жемісі болып табылады".      Б.Шоу 
 
 
Сұрақ: – Қимылдамасақ не болады? 
Жауап:  –  Қимылдамау  –  тат  басу,  ал  таттану  дегеніміз  күш  қуатыңның  кемуі. 
Басқаша  айтқанда,  қимыл  өмір,  қимылдамау  –  өлім.  Егер  біз  бұлшық  еттерімізді 
пайдаланбасақ,  онда  біз  осыдан  айырыламыз.  Бұлшық  еттерімізді  күшті  және  жас 
қалпында сақтағымыз келсе, біз оларды үнемі пайдалануымыз керек. 
         
Сұрақ: – Тынымсыздықты қалай түсінесің? 
Жауап:  –  Тынымсыздық  өмірдің  және  көтеріңкі  көңіл  күйді  сақтаудың  заңы.  Әр 
мүшенің  күші  мен  жетілуі,  қалай  пайдаланғаныңызға  байланысты.  Біз  денемізді 
жаттықтырған  кезімізде,  оны  күшті  қылып  жаңартып  өмір  сүргіштігін  арттырамыз.  Біз 

 
99 
бұлшық  еттерімізді  пайдаланбай  ерінгенімізде,  құлдырап  барып  өлеміз.  Күнделікті 
жаттығу,  біздің  қан  айналысымызды  тездетеді,  ал  еріншектердің  қаны  еркін  айнала 
алмайды, сондықтан онда денсаулықты сақтауға қажетті өзгерістер жүре алмайды. 
Үзбей  дене  шынықтыру  жасамаған  адамның  өмір  сүргіштігі  әлсіз.  Керісінше 
тынымсыз қозғалыс, теріміздегі 96 миллион тесіктер арқылы денеміздегі тері бездерінің 
еркін  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Тері  ағзамыздағы  қалдықтарды  ең  көп 
шығаратын мүше. Егер теріңізге майлы бояу жағып қойса, адам өмір сүре алмайды. 
            
Дене  жаттығулары  термен  бірге  ағзадан  улы  заттарды  шығарады.  Тері  табиғи 
тазалағыш. Егер біз күнделікті жаттығудан бас тартсақ, онда терінің тесіктері атқаратын 
жұмыстар,  басқа  мүшелерге  ауыр  салмақ  болып  ауады.  Шапшаң  жасалатын  дене 
жаттығулары қан қысымы мен жүрек соғысын да реттейді, антикогулянт болады, яғни қан 
тамырларын  тромбоз  деп  аталатын  бекітілуден  сақтайды,  тромбоз  жиі-жиі  жүректің 
қысылуына ұрындырады. 
              
Әрбір  тірі  жан  иесі,  мейлі  адам  не  хайуан  өздерінің  бұлшық  еттерінің  қимылы 
арқылы ағзасын қалдықтардан тазалайды. 
            
Егер  де  сіздің  бұлшық  еттеріңіз  қимылсыз  болса,  нәтижесі  келеңсіздікке  алып 
келеді.  Бұлшық  еттер  босап,  күші  мен  серіппелілігінен  айрылып  қоқысқа  толу  қаупі 
төнеді.  Сізде  шығарылуға  тиіс  қоқыс  шоғырлана  береді,  өзін  өзі  улануға  ұшырайсыз. 
Қимылдың жоқтығы – аурулардың ең кең тараған себептерінің бірі. 
           
Ашығу мен табиғи мәзір – ұзақ ғұмыр, денсаулық пен жастық ымдастықтың тамаша 
одақтасы. Денеге қимылдап салмақ салу, тамақты молырақ ішуге сеп болады, себебі осы 
тамақ жаттығу жасағанда ысырап еткен қуатыңыздың орнын толтырады. 
"Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі".    Т.Карлейль 
 
 
Сұрақ: –  Саяуыш, өзің ашығасың ба? 
 
Жауап:  –  Иә,  мен  30  тәуліктен  жылына  екі  қабат  ашығып  отырамын.  Бұл  кезде   сұйық 
қара шәйға лимон ғана қосып ішемін, күніне үш қабат, 0, 5 литрдан. Түс кезінде  250 гр, 
кешке  250  гр  күнделікті  айран  ішемін.   Сондай-ақ  күнднлікті  200  гр  тауық  сорпасын 
ішемін.  Осы  аралықта  15-17  кг  салмақ  жоғалтамын,  және   жарысқа  тыңғылықты 
дайындаламын. Осы ереже мені жеңістен-жеңіске жетелейді, осылай 12 жыл бойы үздіксіз 
ашығудамын.  Қазір  осылай  ашығуды  өмірімнің  басты  мақсаты  қылып  алдым.  Осы 
ашығудан кейін денеме өлшеусіз күш пен, қуат құйылады
           
Сұрақ: – Саяуыш, жаяу серуендеудің пайдасы бар ма? 
Жауап:  –  Әрине,  барлық  дене  жаттығулары  пайдалы,  бірақта  жаяу  серуендеу  – 
бәріне  ортақ.  Ол  сізді  жалықтырмау  керек.  Аяғыңызды  нық,  аршындап  баспаңыз,  ең 
дұрысы  еркін  бос  жүріңіз.  Кеудеңізді  шалқақ,  басыңызды  жоғары,  еңкіштенбей  табиғи 
қалыпта адымдаңыз. 

 
100 
          
Өз алдыңызға жақсы желаяқ болмасам да, қажымайтын жүрдек болам деген мақсат 
қойыңыз,  жылдың  қай  мезгілі  болмасын,  күнделікті  жаяу  серуендеуді  әдетке 
айландырыңыз. Егерде сізді қоршаған орта қызықтырмаса, өз жан дүниеңізге қараңыз. Сіз 
серуендеген уақытта күнделікті күйбеңнен азатсыз, егер қаласаңыз сіз ақынжандылық пен 
философияға  жақынсыз.  Әркім  өзі  біледі,  бірақ  мен  үшін  жаяу  серуендеу  де  жақсы 
жаттығу.  Бірақ  нәтижесі  біреу  –  бұлшық  еттердің  жақсы  жұмысы,  қанның  жылдам 
айналуы, осыларға қосымша жарасымдылық пен бақытты екеніңді сезіну. 
"Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі сергек әрі жайдарман көңіл күй".  Х.Бостерм 
 
Сұрақ: – Адамдардың аяғы неге ісіп кетеді? 
Жауап: – Жаттығумен шұғылданбаған адамдардың аяқтарын ісік жиі басып кетеді, 
себебі  қан  айналымының  нашарлығынан  жасаушылар  қалдықтарды  уақтылы  шығара 
алмайды. Жаттығудан бас тартқандарға ақталу жоқ. Адам тәндік жетілген бе, жоқ па дене 
жаттығуы бәріне бірдей әдет болып қалыптасуы керек. Бұл аурудың, мезгілсіз қартаюдың 
алдын алады және ағзаның шыдамдылығы мен қарсыласуын арттырады. 
Сұрақ: – Дене жаттығуларының қандай пайдасы бар? 
Жауап:  –  Дене  жаттығулары  байсалды  қалыпты  және  тұнық  ақылды  сақтауға 
жәрдемдеседі.  Таза  ауадағы  күнделікті  8  шақырымға  серуендеу  барлық  келеңсіздіктерді 
басады. Жаттығу еркіңді шыңдап, көтеріңкі көңіл күй әкеледі. Ашығу бағдарламасы мен 
дене жаттығуларының көмегімен өзіңізді керемет жақсы сезінетін боласыз. 
Әрине,  ең  жақсы  жаттығулар  бүкіл  дененің  бұлшық  еттерін  дамытатын. 
Арқаңыздың,  беліңіздің,  кеудеңіздің,  ішіңіздің  еттерін  мықты  да  серіппелі  болатындай 
дамытыңыз. Осы арқылы өкпеңіздің, бауырыңыздың, жүрегіңіздің, асқазаныңыздың және 
бүйрегіңіздің неғұрлым жақсы жұмыс істеуіне көмектесесіз. 
          
Кеуде  сүйегіңізді  кеңейте,  өкпеңіздің  еркін  қозғалуына  мүмкіншілік  жасайсыз. 
Серіппелі  диафрагма  жүрек  насосының  жұмысын  тіптен  жандандырады.  Іш  еттері 
қатайғанда  асқазанның  жұмысы  жақсарады.  Бұлтылдаған  бұлшық  еттер  уақыт  тезіне 
төтеп бере алатын қуат жинап, ішкі мүшелердің саулығын арттырады. 
          
Сұрақ: – Ағзадан улар қай уақытта көп шығады? 
Жауап: – Неғұрлым көп ашықсаңыз, соғұрлым улы заттар мол мөлшерде ағзадан 
шығарылады.  Сіздің  ағзаңыз  тұрақты  түрде  тазаланған  сайын,  бұлшық  еттеріңіз  қуат 
жинай береді, ашығып болғаннан кейін еріншектіктің орнына тынымсыздыққа деген зор 
құлшыныс  пайда  болады.  Егер  ашығу  барысында  жаттығумен  шұғылданғыңыз  келмесе 
шұғылданбай-ақ қойыңыз. Ашығу сізге демалыс береді, қимылдағыңыз келмесе, онда дем 
алыңыз. Сіздің ағзаңыз бүкіл қуатын, өмірлік күшін ішкі тазалауға шығындап жатыр. 7-10 
тәуліктік ашығуда серуендегіңіз келсе, серуендеңіз, бірақ өзіңізді қинап зорламаңыз. 

 
101 
Өмір  үшін  тамақ  қандай  қажет  болса,  денсаулық  үшін  еңбек  те  соншалық  керек,  ал 
дырдумен күн кешу түбінде адамға ауру болып жабысады... Еңбек өмірдің шырағына май 
құяды, ал қиял оны тұтандырады.        Дж. Беллерс 
 
Сұрақ: – Бұлшық еттер неліктен босайды? 
Жауап: – Сіздің бұлшық еттеріңіз мықты болғанда, омыртқаңызды күш түсірмей, 
қиналмай-ақ  ұстап  тұрады.  Жердің  тартылысымен  күресуден  бұлшық  еттеріңіз  босады. 
Мүмкін,  мезгілсіз  қартаюыңыз  немесе  артық  салмағыңыз,  денеңізді  не  еркін,  не  бос 
қалыпта ұстай алмауыңызға кінәлі шығар. 
Сұрақ: – Омыртқа неге ауырады? 
Жауап:  –  Арқаңызды  тіктеймін,  шалқаямын  деп  талпынған  кезде,  омыртқаңыз 
аурды ма? Егер осылай болса, тездеп қолға алу керек. Ең алдымен босаған бұлшық еттерді 
қатайту керек. 
          
Айнаға  өзіңізге  қараңыз!  Еңкіш  тартқан  жоқсыз  ба?  Жотаңыз  бүкірейіп  бара  ма? 
Арқаңыздың  ауратын  себебін  түсіндіңіз  бе?  Егер  арқаңыз  бұлшық  еттің  босағанынан, 
омыртқаның  қисықтығынан  ауырса,  тіпті  асқынып  кетсе  де  қыңқ  етпеңіз,  жағдайды 
жөндеп  алуға  болады.  Арқаның  ауруы  –  екі  аяқпен  жүру  артықшылығына  ие  болғанға 
немқұрайлы  қарағаныңыз  үшін  берілген  жаза.  Түзу  тұру  мен  жүру  адам  үшін  табиғи 
қалып. 
          
Адамның  омыртқасындағы  табиғи  иін,  жердің  тартылыс  заңына  қарсы  тұратын 
қабілетке ие, бұлшық етке арқаны түзу ұстауға мүмкіндік береді. Осы бұлшық еттер күшті 
болғанша арқа түзу болады. Бұлшық еттер әлсіреген кезде, омыртқа майысып, ауру пайда 
болады. 
         
Егер сіз дұрыс тамақтансаңыз, өз ағзаңызға қамқорлықпен қарасаңыз, сымбатты болу 
мәселе  емес.  Ағза  ең  қажетті  керектісінен  айырылғанда,  омыртқа  қисая  бастайды.  Егер 
теріс әдеттерге әдеттеніп алсаңыз, онда түзету шараларына, арнайы жаттығулар жасауға 
және омыртқаны бақылауға үнемі бақылауға кірісу керек. 
 
"Түзу  жүрсең,  түңілген  жаның  да  еңсесін  көтерер,  сары  уайымды  ойыңа  алмасаң, 
санамен де сарғаймассың".  В.В.Вересаев 
 
Сұрақ: Қалай дұрыс отыру, жүру керек? 
Жауап: – Сіз отырған кезде басыңыз көтеріңкі, кеудеңіз шалқақ, қарныңыз тартулы, 
омыртқаңыз түзу болуы керек. Қолыңызды бүгіңіз немесе тізенің үстіне қойыңыз. Жүрген 
кезде,  адымыңызды  кеуденің  ортасымен  шамалаңыз.  Бұл  адымыңызды  алшақ,  серіппелі 
қылады.  Бірқалыпты  серіппелі  қадам  өзіндік  қуат  тудырып  отырады.  Әдеттерді  не 
қалыптастырамыз, не жоғалтамыз, омыртқаны тік ұстап әдеттену, сымбатты да қайратты 
денені қалыптастырады. 

 
102 
          
Сұрақ: – Отырғанда қалай отыру керек? 
Жауап: – Отырған кезде, аяқты бірінің үстіне бірін еш уақытта қоймаңыз. Тізенің 
астында,  бұлшық  еттерге  қан  апаратын  екі  үлкен  қан  тамырлары  бар.  Сіз  аяғыңызды 
айқастырып  қойған  кезіңізде,  қан  айналымын  қолма  қол  бұзасыз.  Қан  мен  қорек 
айналысының  жетіспеуі,  қанның  ұюына  әкеп  соғады.  Аяғын  айқастырып  отыруға 
әдеттенген  жас  адамдардың  аяғына  қараңызшы.  Сіз  тамырлар  мен  тамыршықтарының 
қалай бұзылғанын көресіз. Аяқтың бұлшық еттері қоректі толық алмағанда, аяқ әлсіз, қан 
айналымы нашар болады. 
"Сырын мен білетін бірден – бір сұлулық – денсаулық".        Г. Гейне 
 
Белгілі жүрек емдеу дәрігерінен  сұрағанда: «Қай уақытта жүрек жиі қысады? ». Ол жауап 
берді: «Адам аяғын айқастырып дем алып отырғанда», – деп. Ең дұрысы аяғыңды жерге 
қойып отыру. 
         
Сұрақ: – Омыртқаның қисықтығын түзеуге бола ма? 
Жауап: – Омыртқаның қандай болмасын қисаюы, кеуденің ауруына және иықтың 
салдырап шаршауына әкеледі. Мойның, белің аурады. Ең бір қарапайым да пайдалы әдет 
– 
түзу тұру, түзу отыру, түзу жүру және аяқты айқастырып отырмау. Осыған ешқандайда 
қуат  шығындап  қажеті  жоқ,  бірақта  адам  тұрғанда,  жүргенде,  түзу  отырғанда,  омыртқа 
өзінен  өзі  түзеледі  және  өмірлік  маңызы  бар  барлық  мүшелер  қалпына  келіп,  қызметін 
мінсіз  атқара  береді.  Сіз  омыртқаңыздың  түзулігін  қадағалап,  күнделікті  әдетке 
айландыруға тиіссіз. 
Қайрат етер мезгілде
 
Жүк көтерер нардай бол. 
 
Ақыл айтар мезгілде, 
 
Мың жасаған шалдай бол.   Бауыржан Момышұлы 
 – 
Саяуыш, сен салауатты өмір салтын ұстап осындай биік шыңдарға қол жеткіздің. 
Өз бетіңше 9 классты бітіріп Алматыдағы Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы 
атындағы  әскери  мектепке  оқуға  түстің,  әр  қазақтың  қолы  жете  алмайтын  Рязандағы 
әскери-әуе десант академиясын ойдағыдай бітірдің және 5...6 жылдай Ресейдің бас барлау 
басқармасында  (ГРУ,  главное  развед  управления)  қызмет  етіп  бірнеше  әскери  орден, 
медальдармен  марапатталдың,  тіпті  саған  Ресейдің  спорт  комитетінің  төрағасының 
орынбасары   қызметін  –  спорт  комитеттің  төрағасы   Перников  Сергей  Николаевич  және 
Ресейдің  спорттық  дайындықтың  әуе  десантының  бастығы  полковник  Логовский  Павел 
Мистиславич ұсынды. Осының бәрін тастап келуіңнің себебі не? 
– 
Аға,  мен  ауылда  туып  өскен  баламын,  шет  жерде  көп  жүріп,  көп  көргеннен  бе 
білмеймін  –  өзімде  отан  сүйгіштік,  патриоттық  сезім  мол,  сондықтан  спорттағы  және 
әскери  соғыс  тәжірибемді  еліме,  халқыма  берсем  деген  ой  соңғы  жылдар  мазалап  бой 

 
103 
бермей қойды, елді сағындым. Атам қазақ айтады ғой: «басқа жерде сұлтан болғанша, өз 
еліңде ұлтан бол», – деп. 
Ол  жақта  жаман  тұрған  жоқпын  Мәскәуде,  Рязанда  үйім  болды,  әр  жарыста 
жеңімпаз болған сайын бағалы силықтар не жеңіл автокөлікпен марапатталып отырдым. 
Бірақ  жаңа  айтып  өткен  сезімдер  отаныма  қайтуға  мәжбүр  етті,  «ит  тойған  жеріне,  ер 
туған жеріне» дегендей. Сонан соң өз еркіммен әскер қатарынан босап елге осыдан 3 жыл 
бұрын қайта оралдым. 
Сұрақ: – Саяуыш бауырым, осы спорт қиыншылықта саған көмектесті ме? 
Жауап:  –  Осы  спорт  маған  Кавказ  тауларындағы  жорықтарда,  әсіресе  арқар  асу 
өтпейтін асуларды алғанда, арнайы тапсырмаларды орындағанда қатты көмектесті. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет