Жасерекшеліктер физиологиясы


Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы



бет2/3
Дата14.10.2022
өлшемі25,67 Kb.
#43194
1   2   3
Байланысты:
1 лекция

Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы - деп сан көрсеткіштерінің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық дамуы.
Фи з и к а л ы қ д а м у д ы ң көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы, алып жатқан орыны.
Фу н к ц и я л ы қ дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минуттық көлемін өлшейді.
Адам өмірін негізінен үш кезеңге болуге болады: өсіп даму және жетілу, кемелдену, қартаю. Бұл үшеуінің айырмашылығын дене көрсеткіштерін өлшеп, организмнің даму дәрежесін анықтап және сыртқы ортамен байланысын тексеру арқылы білуге болады.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше зандылықтары бар:

  1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды;

  2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;

  3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты;

  4. Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

  5. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына теуелділігі;

  6. Өсу мен дамудың акселерациясы.

Бала организміндегі жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің өсіп дамуы да гетерохронды түрде өтеді. Баланың алғашқы жылғы өмірінде миы тез өседі: бір жылдың ішінде салмағы 2-2,5 есе артады (жаңа туған бөбекте миының салмағы 360-390 г). 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90 % шамасында болады. Мұның себебі – баланың сыртқы ортамен байланысы негізінен ми арқылы іске асады, барлық мүшелердің қызметі жүйке жүйесінің, әсіресе, орталық жүйке жүйесінің қызметіне тікелей байланысты. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста, ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі.
Осыларға байланысты бала организмінің қажеттері үнемі өзгеріп отырады. Мысалы, мидың өсуі күшейгенде организм белокты көбірек қажет етеді. Сөйлеу қабілеті дамитын кезде бала басқа адамдармен қарым-қатынасты көбірек талап етеді, қимыл-қозғалыстары дамитын кезде мазасыз болады, көп қозғалады, көмірсутегісі көп тағамды талғайды.
Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене п р о п о р ц и я с ы деп адамның басты, тұла бойы мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұла бойы мен бастары үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұла бойының ұзындығы 2:4, аяқтарының ұзындығы 1:4 болады. Мүңдай пропорция 1 жасқа дейін сақталады, ал 1 жастан кейін омыртқа сүйектерінің өсу қарқыны жіліктерінің өсу қарқынынан жылдамырақ болып, дене пропорциясы өзгере бастайды. Яғни ересек адамда аяқтарының ұзындығы жалпы бойының жартысына тең болғанда, оны сымбатты адам деуге болады. Дегенмен мұндай жақсы пропорция барлық адамда кездесе бермейді, себебі оған сыртқы ортаның түрлі жағдайлары мен организміндегі тұқым қуалау қасиеттері әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет