Адам өмірін кезеңдерге бөлу. Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады. Адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.
№
Жас кезеңдері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
1
Жаңа туған сәби
1-10 күн
2
Нәрестелік шақ
10 күн -1 жас
3
Сәбилік шақ (ерте балалық)
1-3 жас
4
1-ші балалық шақ
4-7 жас
5
2-ші балалық шақ
8-12 жастағы ұл балалар, 8-11 жастағы қыз балалар
6
Жеткіншектік немесе жасөспірімдік шақ
13-16 жастағы ұл балалар, 12-15 жастағы қыз балалар
7
Жігіттік, бойжеткендік шақ
6-20 жастағы бойжеткендер, 7-21 жастағы жігіттер
8
Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы
21-35 жастағы әйелдер, 22-35 ерлер
9
Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы
36-55 жастағы әйелдер, 36-60 жастағы ерлер
10
Егде жас
55-74 жастағы әйелдер, 60-74 жастағы еркектер
11
Қариялар немесе кәрілік
75-90 жастағы әйелдер мен ерлер
12
Ұзақ өмір сүрушілер
90 жас және одан жоғары
Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды
Акселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жасөспірімдердің жыныстың жетілуінің өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы, яғни қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір жас мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады. Өсу мен дамудың акселерациясын анықтау үшін баланың немесе жас өспірімнің нактылы бір жас мерзімін алып, оның көрсеткіштерін баланың ата-анасының сол жастағы көрсеткіштерімен немесе сол жерде бұрын өмір сүрген балалардың оңаша көрсеткіштерімен салыстырады.
Өсумендамудыңакселерациясыныңбірнешебелгілерібар: Жаңа туған нәрестелердің ірі болуы; ерте жыныстық жетілу (қазіргі жастарда жыныстық жетілу белгілері 1,5-2 жыл ерте басталып, ерте аяқталады; Баланың сүйегі ерте қатады (сүйектің қатуының белгісі:баланың сүт тістері 1-2 жыл ерте шығып, тұрақты тістері ерте пайда болады, мандай еңбегі ерте жабылады. Қазіргі кезде нәрестенің мандай еңбегінің 9-10 айда жабылуы қалыпты жағдай деп есептеледі; жастардың бойының өсуі ерте тоқталады: қалыпты жағдайда жігіттерде 22-24 жаста, қыздарда 20-22 жаста бойының өсуі тоқталса, акселераттарда өсу 2 жылдай бұрын аяқталады (өсуі мен дамуының акселерациясы байқалатын жастарды а к с е л е р а тдеп атайды), яғни жігіттердің бойы 20-22 жаста, қыздардың бойы 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Өсу мен дамудың акселерациясының себептері туралы бірнеше болжамдар бар (генетикалық, гетерозистік, гелиогендік, урбанизациялык, әлеуметтік- экономикалық, т.б.), бірақ олардың әрқайсысы жеке алғанда өсу мен дамудың акселерациясын толық дәлелдей алмайды. Сондықтан 80-90-шы жылдары ұсынылған өсу мен дамудың акселерациясы комплексті (бірнеше) себептерге байланысты пайда болады деген тұжырымдар шындыққа көбірек үйлеседі.