Жолдың негіз қабаттарының құрылымы Құм – түйіршіктерінің Битум – жер қойнауында
ірілігі 5 мм-ге дейін болатын қатты, тұтқыр, сұйық және
бейорганикалық сусымалы пластикалық күйде жататын
материал. көмірсутектік шикізат.
Қиыршықтас - желдің күшінен бұзылып опырылған негізгі тау жыныстарының көлемі 10-100 мм қиыршық үшкір тастарынан кұралған жаңадан пайда болған шөгінділер.
қиыршықтастың физикалық қасиеті Жол құрылыс машиналары - автомобиль жолдарын салуға, оны күтіп ұстауға және жөндеуге арналған машиналар.
Жол салудағы технологиялар Қиыршықтасты төсеуге арналған құрылғы Бетонды төсеуге арналған құрылғы Жолдың бетін түзулеуге арналған құрылғы Зерттеу әдістері Алысқа бармай-ақ өзіміздің Гвардейский қалашығымызды алатын болсақ, қалашығымызда тротуарлар дұрыс жасалмаған. Тіпті жаяу жүргіншілерге де көлік жүретін жолдармен жүруге тура келеді. Ал бұл өте қауіпті.Мәселен, өзіміздің ескі қалашығымыздағы банкке апаратын жол өте нашар. Жаңбыр жауатын болса, ол жолмен адам жүрмейді. Жол сапасының нашар болуынан, көлік апаттары да көп орын алады. Ал көлік апаттарынан, адам жарақаттанып, тіпті өліп кетуі де мүмкін.
Сауалнама Тұрғылықты жер халықтарынан сауалнама алдым. Сауалнама алу үшін 3 сұрақ құрастырдым. Сауалнамаға 23 адам қатысты.
1.Сіз еліміздің жол сапасына көңіліңіз толады ма? диаграмма - 1 Бірінші сұрақтың нәтижесін қорытындыласақ, 1-диаграммадан көріп тұрғандай көпшілігі жол сапасына көңілдерінің толмайтындығы көрініп тұр.
2.Сапасыз болу себебі неде? диаграмма - 2 Екінші сұрақтың нәтижесін қорытындыласақ, 2-диаграммадан көріп тұрғандай көпшілігі қаражаттың дұрыс жұмсалмауын қолдап отыр. 3.Жол апаттарының болуы жол сапасына байланысты деп ойлайсыз ба? диаграмма -3 Үшінші сұрақтың нәтижесін қорытындыласақ, 3-диаграммадан көріп тұрғандай көпшілігі жол сапасының жол апаттарың себепшісі болып отыр деп ойлайды.
Елімізде сапалы жолдар да, сапасыз жолдар да бар. Қазақстанда бір километр жол салуға 3,7 миллион АҚШ доллары кетеді. Ал АҚШ-та — 2,4 миллион доллар, Испанияда — 1,64 миллион доллар, Қытайда — 1,16 миллион доллар жұмсалады. Солай бола тұра, Қазақстанда жол сапасы басқа елдерге қарағанда нашар.