Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Төреғожина Ж.Р., Ақберлиев А.Б. "Каспий теңізі аумағындағы ағымдағы
экологиялық жағдайды талдау" Нефть и газ 2012, №5(71), 109 б.
2. Экология және мұнай-газ кешені. М.Д.Диаров, Алматы қ., 2003 ж.
3. Надиров Н.К. Высоковязкие нефти и природные битумы. Т.5. Характеристика
месторождений. С 95-97.
СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОН ЖЕРЛЕРІНІҢ
АУЫР МЕТАЛДАРМЕН ТЕХНОГЕНДІ ЛАСТАНУЫ
Қырғызбаева А.А., Шәріпов К.О.
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті
Идешова А.А., Бейсенбек Е.Б., Батырбаева А.А.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университеті
(Алматы қ.)
174
Семей ядролық сынақ полигоны ерекше статусқа ие, себебі оның
территорияларында ауада, жер бетінде, жер астында жарылыстарды жүргізу нәтижесінде
полигон территориясын аймақтық ластануына алып келді. Территорияның көпшіліг малға
жайылым ретінде пайдаланылады. Берілген территориялардың экологиялық ахуалы
тыңғылықты сараптаманы қажет етеді. Қазіргі таңда сыртқы ортаның табиғи
компоненттеріне шағылысудың иондану әсерін зерттеу мәселесінің өзектілігі және осы
территорияларды игеру кезеңінде радиациялық фактордың атқаратын рөлі күмән
тудырмайды. Радионуклидтер негізінен топырақтан өсімдіктерге тамыр жүйесі арқылы
миграцияланады. Атап айтсақ, бұлар суда еритін радионуклидтер: стронций-90, йод-131,
барий-140, цезий-137, церий-144. Жануарлар организміне осы нуклеидтер су мен өсімдік
тектес тағам арқылы, ал адам организміне өсімдіктер және ет-сүт өнімдерімен, жұтылатын
ауа мен ауыз сумен келіп түседі. Радионуклидтердің миграциясы мынадай: су-топырақ –
өсімдік – жануар – адам биологиялық тізбегі бойынша айқын байқалады [1-3].
Зерттеу нысандарына Семей ядролық сынақ полигонына жақын орналасқан Шығыс
Қазақстан облысының Абралы ауданының топырағы және сынақ жүргізілген аудандар:
Дегелен тау массив, Сынақ алаңы мен Атом көлі маңайының топырағы, сондай-ақ, сол
жердің өсімдіктері жатады. Дегелен тауларында 1991 жылға дейін СЯСП «Дегелен»
сынақ ауданы орналасты. Барлығы 1961 жылдан 1989 жылға дейін Дегелен тауларында
215 жер асты ядролық жарылыстар жүргізілді. Сынақ алаңы – бұл полигонның ең бірінші
сынақ жүргізген ауданы, атмосфералық (жер үсті және ауада) ядролық сынақтарды 1949
жылдан 1962 жылға дейін жүргізілді. Атом көлі қуаттылығы 140 кт болатын
экскавациялық термоядролық жарылыстан кейін пайда болған, нәтижесінде Шаған және
Ащысу өзендерінің сулы артерияларының тоғысатын жерінде тереңдігі 100 метр және
диаметрі 400 метр болатын қазандық түзілген.
Осы территорияларда 47 нүкте зерттелінген, әрқайсысынан топырақ пен өсімдік
жамылғысынан 4-5 үлгі алынып отырды. Барлығы 225 топырақ үлгісі мен 200 өсімдік
жамылғысының үлгісі зерттелінді. Топырақ пен өсімдіктердің микроэлементті құрамы
ДФС-8 спектографта эмиссиялық сандық анализ әдісімен анықталынды. Анализ алдында
өсімдіктерді өртеп, күлге айналдырды. Құрғақ заттан шығымның өлшем бірлігі - мг/кг.
Алынған топырақ пен өсімдіктер үлгілерінің микроэлементтік және органикалық
(гумус) құрамы зерттелінді. Осы мәліметтер әлемің әртүрлі регионындағы топырақтардың
және өсімдіктердің микроэлементтік құрамымен салыстырылды.
Кесте 1. Әр түрлі аймақ топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшері, мг/кг [4]
Регион
Сu
Zn
Мn
Со
Топырақтағы кларк
20
50
850
8
Шығыс Қазақстанның орта жолағы
18,5
38,2
626,6
7,5
Қазақстан тұтас алғанда
18,9
39,5
450,0
7,1
Алтай өңірі
18,0
32,0
890,0
13,5
Батыс Сібірдің шығысы
33,8
72,3
720,0
Құрғақ, шөлейт жерлер топырағы
24,4
53,0
700,0
6,9
Семей полигонының ескі аумағы
14,3
20,8
768,0
6,4
Әдеби мәліметтермен салыстырып қарағанда, Семей регионының топырағы мыс,
мырыш, кобальттың төменгі рауалы мөлшерімен және басқа региондарға қарағанда
марганецтің жоғары рауалы мөлшерімен сипатталады (кесте 1).
175
Зерттеулер бойынша (кесте 2) мыс, мырыш және марганецтің шамасының жоғары
екенін көрсетті. Басқа региондардың топырағымен салыстырғанда Абралы ауданының
топырағында мыс, мырыш және марганецтің мөлшері төмен. Дегелен таулы массивінде
басқа региондардың топырағымен салыстырғанда 10 есе артық және ШРК мәнінен 8,5 есе
асады, ал мырыш және марганецтің мөлшері айтарлықтай өзгермейді. Атом көлі және
Сынақ алаңында марганецтің мәні жоғары және басқа региондардың топырағымен
салыстырғанда аналогты көрсеткіштер 2,5-5,5 есе ерекшеленеді. Осындағы мырыштың
мәні салыстыру бойынша – 1,5 есе артық. Атом көлі және Сынақ алаңының топырағында
мыстың мөлшері салыстырмалы түрде сәйкесінше 1,7-1,8 және 2-2,6 есе артық болды.
Абралы ауданының топырағымен салыстырғанда Сынақ алаңының және Дегеленнің
топырақтарының жарылыс эпицентрінде қорғасынның мөлшерінің артық мәнде болуы
осы аудандарда ядролық сынақтардың жүргізілуімен түсіндіріледі.
Кесте 2. Семей полигонының территориясынындағы топырық құрамындағы ауыр
металдар мөлшері, мг/кг
Регион
Cu
Zn
Мn
Рb
Абралы ауданы
12±2
12,7±2,5
890±170
24±4,6
Дегелен таулы массиві
170±34
55±11
1100±200
27,4±5,4
Сынақ алаңы
48,4±9,6
60±12
2500±500
39,1±7,8
Атом көлі
34±7
61±12
2200±440
12,8±2,5
Шекті рауалы
концентрация
20
50
850
8
176
Жалпы алғанда, СЯСП өсімдіктерінде әлемдегі мәліметтермен салыстырғанда
скандий, хром, молибден, ванадий мөлшері артық екені анықталынды (кесте 3).
Кесте 3. СЯСП өсімдіктеріндегі микроэлементтердің әлемдік мәліметтермен
салыстырғандағы орташа көрсеткіші мг/кг
Микроэлемент
СЯСП бойнша орташа көрсеткіштері, мг/кг
Әлемдік
мәліметтер
мг/кг,
Абралы ауданы
Дегелен
таулы
массиві
Сынақ алаңы
Мыс
11,9±2,3
3,35±0,067
5,2±1,0
до 4
Күміс
0,02±0,003
0,03±0,006
0,07±0,01
0,03-0,5
Барий
16,4±32,8
48,34±9,6
84,5±16,0
1-198
Мырыш
5,6±1,1
20,0±3,9
2,2±0,4
26,5
Алюминий
399±79
118±23
114±22,8
200
Галий
0,35±0,7
0,4±0,08
0,16±0,03
0,02-5,5
Скандий
0,5±0,1
0,5±0,1
0,5±0,1
0,07-0,1
Кремний
1,0±0,2
1,0±0,2
1,0±0,2
0,3-1,2
Қорғасын
3,9±0,79
5,17±1,02
7,38±1,4
2-6
Титан
42,5±8,5
50,28±10,0
71,9±14,3
0,15-80
Ванадий
4,7±0,9
0,72±0,14
2,09±0,4
до 2
Хром
4,7±0,9
4,8±0,9
4,9±0,9
0,02-0,2
Молибден
0,18±0,03
8,4±1,6
2,14±0,4
до 1
Марганец
24,5±5,0
59,7+11
56,3+11,2
17-334
Темір
150±3
120+24
104±20
18-1000
Никель
0,12±0,02
0,78±0,15
0,77±0,15
0,1-1,7
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, Семей полигонының әртүрлі аудандарынан
алынған өсімдіктердегі микроэлементтердің құрамының ерекшеленеді. Абралы
ауданының өсімдіктері мыс, алюминий, темір көп кездеседі. Дегелен өсімдіктерінде
көбінесе молибден, марганец, мырыш, никель ұшырасады. Сынақ алаңы қорғасынның
артық көрсеткішімен сипатталынады, бұл сынақталынған бомба типімен байланысты
болуы мүмкін. Абралы ауданында топырақ типі осы маңайға жақын орналасқан
өсімдіктерде микроэлементтердің таралуына әсер етпеген. Дегеленнің айырмашылығы:
микроэлементтердің өсімдіктерде таралуына осы территория топырағының типінің елеулі
177
әсер бергенімен сипат алған. Керісінше, Атом көлінің топырағын зерттеу кезінде топырық
типі мен топырақ рН-ң элементтердің: Pb, Cu, Zn, Mo, Be, Ba, Ni, Cr, V, Y, Yb, Mn, Ga, Nb
көрсеткішіне айтарлықтай әсері айқындалды. Дисперсті анализ көрсеткендей, Абралы
ауданының өсімдіктерінде қалыпты радиоактивті фон жағдайында топырақ типінің
радионуклидтер мөлшеріне әсер етпеген. Топырақ типінің радионуклидтер мөлшеріне
әсерін зерттеу бойынша дисперсті анализ нәтижесінде топырақ типінің Дегелен
өсімдіктерінде Zn, Pb, Ba, Cu, Ni, V, Y, Na, Fe, Al, Ag, Ca металдарының көрсеткішіне
айтарлықтай әсер еткені анықталынды.
Достарыңызбен бөлісу: |