«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


«ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМДАРЫН



Pdf көрінісі
бет117/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   160
Байланысты:
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ имени АЛЬ-ФАРАБИ AL-FARABI KAZAKH NATIONAL UNIVERSITY (1)

«ЖЫЛУ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРЫЛЫМДАРЫН 
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗАЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ» 
Каримов А.Н., Сабамбаева Г.Б., Джумагулова А.М
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 
 
Мақалада  жылу  электр  станцияларының  шығарылымдарын  тазалаудың  ең  жақсы 
қолайлы  технологияларды  пайдаланудың  өзектілігі  негізделген,  жылу  электр 
станцияларынан 
шығарылатын 
күкірт 
диоксидтерінен 
тазалаудың 
қолайлы 
технологиялары  қарастырылған.  Жылу  электр  станцияларынан  шығарылатын  күкірт 
диоксидтерінен  тазалау  мысалында    қолайлы  технологияларды  пайдалану  тиімділігін 
экологиялық-экономикалық бағалау әдістемесі ұсынылған. 
Әлеуметтік-экономикалық  өркендеу  мәселелерін  шешу  энергетиканың  дамуымен 
тығыз  байланысты  екендігі  қазіргі  кезде  айқын.  Сол  себепті,  қоршаған  ортаға 
энергетиканың  әсері  көзқарасынан  қарасақ,  онда  экономикалық  әр  түрлі  тетіктердің 
(механизмдер)  қажетті  энергетиканың  даму  деңгейімен  қамтамасыз  ету  және  сонымен 
қатар оның қоршаған ортаға әсерін реттеу қабілеттілігі үлкен маңызға ие. 
Экономиканың нарықтық тетіктері, қазбалы отындарды пайдаланумен  байланысты 
(көмір,  мазут,  газ  және  т.б.),  сонымен  бірге  қоршаған  табиғи    ортаның  басқа  да 
мәселелерін  шешумен  тығыз  байланысты  экономикалық  және  әлеуметтік  шығындарды 
нақты есепке алуға қабілетсіз болып шықты.     
Егер, жылуэнергетика кәсіпорындарында табиғатты қорғау шараларын жүргізуге ірі 
көлемде  ақша  салынымдары  жүзеге  асырылмайтын  болса  және  энергетиканың  бұдан  әрі 
дамуы  атмосфераға  күкірт  газдарының,  азот  оксидтерінің,  күлдің  және  басқада  зиянды 
заттар шығарылымдарының артуына алып келеді.  
Қоршаған  орта  сапасының  оңтайлы  болу  деңгейі  және  табиғи  ресурстарды  тиімді 
пайдалану  деңгейі,  өндіріс  орындарының  аймақтық  ұйымдастырылуын  және  әр  жерге 
орналастырылуын  тиімді  анықтаудағы  маңызды  критерий  болып  табылады.  Табиғатты 
қорғау  шараларының  экологиялық  және  әлеуметтік  критерийлерінің  тиімділігінің 
маңыздылығының  артуы  экологиялық-экономикалық  және  әлеуметтік-экономикалық 
зерттеулердің  кеңейтілуіне  жол  ашады  және  олардың  әдістемелік  құралдарын 
дайындауды, ақпаратпен қамтамасыздығын жетілдіруді қажет етеді.   
Осы әдістемелік негізінде Алматы ЖЭС-гі жылу және электр энергиясын өндірудегі 
әлеуметтік-экологиялық-экономикалық үрдістердің ерекшелігі және осы өндіріс орнының 
қоршаған  ортаға  әсері  зерттелді.    Материалдық,  финанстық  және  басқада  ресурстардың 
қатаң  шектеулілігін  ескере  отырып,  қоршаған  ортаның  қажетті  оңтайлы  сапасына  ең  аз 


167 
 
шығындармен  және  әлеуметтік,  экологиялық  және  экономикалық  өте  тиімді  жолдармен 
қол жеткізу бірден бір маңызды міндеттердің бірі болып табылды.   
Зерттеу 
барысында, 
жүргізілген 
табиғатты 
қорғау 
шараларына, 
жылу 
энергетикасының қоршаған ортаға әсеріне кешенді талдау жүргізілді, жылуэнергетикалық 
өндіріс  үрдісіндегі  қоршаған  ортаға  тигізілетін  экономикалық,  экологиялық  және 
әлеуметтік  залалдылығын  анықтауға  әрекет  етілді,  осының  негізінде  жылуэнергетика 
кәсіпорындарында  қоршаған  ортаға  тигізілетін  залалдарды  және  табиғатты  қорғау 
шараларының  әлеуметтік-экологиялық-экономикалық  тиімділігін  есептейтін  әдістемелік 
нұсқаулықтар әзірленді.  
Келтірілген әдістемелік нұсқаулықтар жылуэнергетика кәсіпорындарында табиғатты 
қорғау  шараларының  әлеуметтік-экологиялық-экономикалық  тиімділігін  есептеу  үшін 
жасалды және қазіргі кездегі экономикалық жағдайларға бейімделген.   
Атмосфераның  ластануының  ең  маңызды  көздерінің  біріне  жылу  электр 
станциялары  (ЖЭС)  және  жылу  электр  орталықтары  (ЖЭО)  жатады,    себебі  жанудың 
басты  өнімдері,  уытты  болып  табылмайтын,  көміртегі  және  сутегінен  басқа  күкірт 
диоксиді  де  шығарылады.  Заманауи  қуаттылығы  2,4  млн.  кВт    ЖЭС  және  ЖЭО 
атмосфераға  тәулігіне  щамамен    50  тонна  SО

шығарады.  Ғалымдардың  есептеуінше 
өндірістік  өнеркәсіптердің  атмосфераға  шығаратын  шығарылымдарының  ішінде  ЖЭС 
және  ЖЭО  жалпы  күкірт  ангидридінің  46  %-ын  және  көмір  шаңының  25  %-ын  бөліп 
шығарады.    Күкірт диоксиді — тітіркендіргіштік уытты әсерге ие, түссіз жанбайтын газ. 

2
 және СО

шығарылымдары жануарлар және өсімдіктер әлеміне үлкен залал келтіреді. 
Адам  және  жануарлар  үшін  де  уытты  болып  табылады.      Күкірт  ангидриді,  көміртегі 
оксиді  адам  және  жануар  ағзасына  түскен  кезде  қандағы  гемоглобинмен  байланысқа 
түседі,  нәтижесінде  ағзада  оттегі  жетіспеушілік  туындайды,  осының  салдарынан  жүйке 
жүйесінің  әртүрлі  бұзылыстары  жүреді.  Сонымен  қатар  SО

астмаға  ұшыраған 
науқастарда фатальды аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін. 
Күкірт  диоксиді  қашықтықтарға  өте  жақсы  таралады,  яғни  ластану  орталығынан 
алыстаған  сайын  оның  концентрациясы  пропорциональды  төмендейтіндігі  байқалды. 
Атмосфераға  түскеннен  кейін  ол  күкірт  ангидридіне  трансформацияланады,  олда 
ластағыш және уытты газ болып табылады.     
Сонымен,  ЖЭС  және  ЖЭО  түтіндік  шығарылымдарындағы  күкірт  ангидридінің 
мөлшерін төмендету  жылу  және электр энергия өндірудегі ең қолайлы технологияларды 
ендіру ең өзекті міндеттердің бірі болып табылады.   
Қазіргі  кезде  күкірт  оксидтерінің  шығарылымдарын  төмендетуде  қолайлы 
технологиялар,  оның  ішінде  құрамында  күкірт  бар  отынды  жағатын  энергетикалық 
қондырғылар пайдаланылады: 
-  бастапқы  отында  күкірт  концентрациясын  алдын-ала  (жағудың  алдында) 
төмендету; 
-      атмосфераға  шығарылатын  түтінді  газдарды  күкірт  оксидтерінен  арнайы 
қондырғылардың көмегімен тазалау;  
- баламалы отын ретінде қалдықтардан алынатын екіншілік отынды пайдалану;  
Десульфуризация  әдісі  (бастапқы  отынды  күкіртсіздендіру)  —  жылу  энергетика 
кәсіпорындарының  шығарылымдар  көлемін  төмендетуге  бағытталған  болашағы  бар 
бағыт.  Осы  технологияны  пайдалану  кезінде  күкірт  оксидтерінің  түзілуімен  байланысты 
теріс  салдарын  жою  міндеті  толық  қанды  орындалады.  Сонымен  қатар  десульфуризация 
өнімдерін жою қажет етілмейді, ол осындай отынды жағу тиімділігін арттырады. Бірақта 
бұл  үрдіс  техникалық  жағынан  өте  күрделі  болып  келеді,  ал  осы  технологияны  ендіру 
үлкен шығындарды қажет етеді. 
Ең  кең  тараған  әдіс  –  күкірт  тұтқыш  құрылғылардың  көмегімен  күкірт 
шығарылымдарын тазарту.   
 Қазіргі  кезде  түтін  газдарынан  SО

жоюдың  сексеннен  аса  модификацияланған 
жолдары белгілі. Түтін газдарынан күкірт ангидридін жоюдың технологиялық үрдістерін 


168 
 
ұйымдастырудың осы барлық жолдары, күкірт ангидридін байланыстыруы үрдісі қандай 
фазада жүріп жатқанына байланысты құрғақ және дымқыл деп ажыратуға болады. Үлкен 
экологиялық  және  экономикалық  тиімділігінің  жоғары  болуына  байланысты  дымқыл 
тазалау әдісіне көп мән беріледі. Оларды пайдалану кезінде ең арзан материалдар (әктәс, 
әк,  су  және  т.б.)    қолданылады.  Нәтижесінде  тауарлық  өнім  алуға  мүмкіндік  туындайды 
(гипс).  Сонымен  қатар,  осы  әдістерді  пайдалану  күкірт    оксидтерінің  эмиссиясын  мәнді 
түрде төмендетуге мүмкіндік береді және де осы қолайлы технологияны ендіруде арзанға 
түседі.  
Бірақта, мұнымен  бірге, осы қолайлы технологиялырда бірқатар теріс жақтары бар. 
Оларға жатады: тазартуды қажет ететін ақаба сулар, құрылғылардың көлемінің үлкендігі 
және сұйықтық суару жүйесін құруды қажет етеді, қалдықтардың түзілуі, технологиялық 
үрдістердің жоғары энергосыйымдылығы.  
Күкірт  доиоксидінің  эмиссиясын  төмендетудің  үшінші  нұсқасы  –  қалдықтардан 
алынған  екіншілік  отынды  баламалы  отын  ретінде  пайдалану.  Оны  ұзақ  уақыт  сақтауға 
және салыстырмалы түрде ұзақ ара қашықтықтарға тасымалдауға болады, сонымен қатар 
оны жағу кезінде қоршаған ортаға түсірілетін кері әсер мәнді түрде төмендейді. 
Қалдықтардан  алынған  екіншілік  отынды  пайдаланудың  сипаттамасы  бойынша 
көзқарастан алып қарағандағы артықшылығы оның жоғары жылу түзгіш қасиеті, күл және 
көміртегі  мөлшерінің  төмен  болуы.  Сонымен  қатар,  утилизацияға  ұшырамайтын 
қалдықтардың  санының  азаюы  және  олардың  қоршаған  ортадағы  орналасқан  көлемінің 
төмендеуі жүреді.   
Қалдықтардан  алынған  екіншілік  отынды  пайдаланудың  кемшіліктеріне  олардың 
құрамының  гетерогенді  болуынан  туындайтын  қолайсыздықтарды,  жану  үрдісіне  толық 
мониторинг  жүргізу  қажеттігімен  байланысты,  қалдықтарды  жағуға  қатысты  әртүрлі 
мемлекеттердің  талаптарын  орындауда  пайда  болатын  қиындықтарды  және  қайта 
жабдықтауды 
жүргізуді 
жатқызуға 
болады. 
Жылу 
электр 
станцияларының 
шығарылымдарын  тазалау  технологияларының  тиімділігін  экологиялық-экономикалық 
бағалауын  жүргізу  мақсатындағы  талдау  үшін,  біз,  сараптамалық  бағалау  әдісін 
пайдаландық.  
Күкірттен  тазалаудағы  қолайлы  технологиялардың  ең  кең  таралған  үшеуін  бөліп 
қарастыруға  болады  және  оларды  үш  топтық  көрсеткіштер  бойынша  бағалау  қажет    - 
экологиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік.  Сонымен  бірге  әрбір  топта  бірнеше  өте 
маңызды факторларды бөліп қарауға болады.  
• 1-ші технология – алдын-ала десульфуризация;  
•  2-ші  технология   — сілтілі  жер қосылыстардың  көмегімен  SO

абсорбциясы  (SO
2
 
төмендеуі 60 есе);  
• 3-ші технология  — отынды қалдықтардан алып пайдалану.  
Сараптамалық  бағалау  әдісін  пайдалану  нәтижесінде,  біз,  экологиялық-
экономикалық  тиімділігі  көзқарасынан  ең  қол  жетімді  технология,  ол  сілтілі  жер 
қосылыстардың көмегімен SO

абсорбциялау технологиясы екендігін анықтадық.  
Мәнді  экологиялық тиімділігінен басқа ең қолайлы технологияны пайдалану, басқа 
сырт  ұйымдарға,  технологиялық  үрдісте  пайдаланылған  гипсты  айналымға  шығарып 
қосымша экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді. 
Сілтілі  жер  қосылыстардың  көмегімен  SO

абсорбциялау  технологиясы  болып 
табылатын  ең  қолайлы  технологияны  ендіру  бойынша  инновациялық  экологиялық 
жобалардың  коммерциялық  тиімділігін  сандық  бағалау  үшін,  біз  «Инвестициялық 
жобалардың тиімділігін бағалау бойынша әдістемелік нұсқаулық» пайдаландық.   
Сонымен,  ең  қолайлы  технологияларды  инновациялық  экологиялық  жобаларға 
жылдам  ендіру  үшін  ең  дұрысы  кәсіпорынның  өз  қаржыларын  пайдалануы  және 
жеңілдетілген пайызбен отандық және шет елдік банктерден мақсатты кредит алуы қажет, 
сонымен қатар мемлекеттік емес және жергілікті экологиялық қорларға жүгінуге болдаы. 
Сонымен  бірге,  жылу  электр  станцияларының  орналасуы  және  дамуының  байланыса 


169 
 
отырып  қоршаған  ортаға  әсер  етуін  тереңірек  зерттеп  анықтау  және  әсер  ететін 
факторлардың  жиынтығын,  қабылданған  шешімдердің  экологиялық  негізделуін  ескеру  
қажет.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет