«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір


МҮМКІН БОЛАТЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН



Pdf көрінісі
бет159/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160
МҮМКІН БОЛАТЫН ЖЕР СІЛКІНІСІ НЕГІЗІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫН 
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
(ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-Ң СТУДЕНТТЕР ҮЙІ) 
Итжанова К.С., Абдибаттаева М.М. 
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қаласы 
 
Жер  сілкінісінің  жойқын  күші  оның  әсерінен  болатын  апаттар  көпшілікке  мәлім. 
Өйткені  Қазақстанның  450  мың  шаршы  километр  аумағында  жер  сілкіну  қаупі  бар. 
Шығыс  Қазақстан,  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,  Қызылорда,  Маңғыстау 
облыстары  мен  Алматы  қаласы  сейсмо  қауіпті  аймақта  орналасқан.  Онда  өнеркәсіптің 
негізгі  қорының  30%-ы  шоғырланып,  тұрғын  үй  қорының  35%-нан  көбі  орналасқан. 
Республика  халқының  40%-ы  тұрады.  Жер  сілкінісі  қауіпті  аумақтарда  ірі  қалалар  мен 
елді  мекендер,  гидротехникалық  ғимараттар  мен  зиянды  өндірістік  өнеркәсіп  орындары, 
жасанды  су  қоймалары,  жарылыс  қаупі  бар  және  улы  материалдар  қоймасы  орналасқан. 
Жұмыстың  мақсаты  ретінде  ҚазҰУ-ң  студенттер  үйінде  мүмкін  болатын  жер  сілкінісі 
кезіндегі  қауіпсіздікті  ұйымдастыру  белгіленген.  Жұмыс  барысы  бірнеше  міндеттер 
бойынша  жүргізілді:  үйінді  параметрлерін,  зерттеу  нысанының  сейсмикалық  аймағын,  
ғимараттың  бұзылу  дәрежесін,  жер  сілкінісі  кезіндегі  адам  шығынын  анықтау,  жер 
сілкінісін болжау әдістерін қарастыру және қауіпсіздік шаралар. 
Қойылған міндеттер бойынша төмендегідей нәтижелер алынды: 
Жер сілікінісі кезіндегі жарықшақтардың ұшу қашықтығы:    L=17/3=5,66(м); үйінді 
ұзындығы:  А
үйін
  =  2*5,66  +  50  =  61,32  (м);  үйінді  ені:  В
үйін
  =      2*5,66  +  15  =  26,32  (м); 
үйіндінің биіктігі: h = 40*17 / 100+ 0,5*17 = 15,3 (м) Ғимарат 7 балдық зонада орналасқан. 
балдың нақты көлемі төмендегідей анықталады:    Iз = I
б
 + (I
1
 – I
6
) R
з
 /R индекс = 7 + (8 – 
7)∙300/2000 = 7,15. 
Сондай-ақ 7-12 балл аралығында жер сілкінісі болған жағдайдағы адамдарды жалпы 
және қайтымсыз шығыны есептелді. Студенттер үйіндегі жалпы адам саны – 313 (100%). 
Есептеу нәтижесі 1-суретте көрсетілген. 
 
 
 
1-сурет. Жер сілкінісі кезіндегі адамдар шығыны 
 


225 
 
Жер  сілкінісін  болжау  әдістері  және  қауіпсіздік  шаралары  қарастырылған. 
Эвакуация шаралары: тұрғындарды эвакуациялық  шараларды  орындауға даярлау,
 
жаяу  
алып  шығуға  арналған  жолдар  мен  сап  түзету  жолдарын  таңдау,барлау  және  даярлау, 
азаматтық  қорғаныстың  басқару  пункттерін,  байланыс   және   хабарлау  құралдарын 
даярлау.
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет