63
болғандықтан, гүлдің саны мен түрін көбейту өсуіне қолайлы орта жағдайын қарастыру.
Шетелдік гүлдерді Қазақстан аумағында кеңінен тарату, әсем табиғатымыздың көркіне
көрік қосу біздің алдағы басты мақсатымыз болып табылады. Спатифиллум гүлін төрт
түрлі топыраққа Талғардың құнарлы топырағына, Шаңырақтың сор топырағына,
Әмбебап яғни Универсал топыраққа және барлығын араластырып Аралас топырақ түрін
қалыптыстырып, қазан айының 5 күні отырғызылды. Егілген күннен бастап
Спатифиллум гүлін зерттеу жұмыстары жүргізілді. Спатифиллум гүлін қалемшелеп
көбейту арқылы оны біз төрт түрлі аймақтың топырағына отырғызғаннан соң, өсу
барысын 3 күн сайын өлшеп кестеге түсіріп отырдық. Еккен күніміз қазанның 5 күні
әмбебап топырақтағы спатифиллум 24 см,құнарлы топырақтағы 20 cм, сор топырақтағы
спатифиллум 5,5 см, аралас топырақтағы спатифиллум 11 см болған, сол айдың 9 күні
өлшегенде әмбебап топыраққа отырғызылған Спатифиллум 24,5 cм ге құнарлы
топырақтағы 20,2 см-ге, ал сор топырақтағы 5,9 см-ге, аралас топырақтагы спатифиллум
11 см-ге өсті. Ал қазанның 18 күнгі өлшенген спатифиллум әмбебап топырақта 25,8 см-
ге, құнарлы топырақта 20,8 см-ге, сор топырақта 6,5см-ге, аралас топырақта 12,3 см
жоғарылаған. Шет елден әкелінген бөлме өсімдіктерін Қазақстанның әр аймақтарынан
алынған тапырақ жүйесіне Спатифиллум гүлін егумен қатар, гүлдің биологиялық
ерекшеліктерін анықтай алдық. Спатифиллум гүлі топырақ түрлерінің ішінде Талғардың
құнарлы топырағына бейімделуімен бірге өсу қарқыны да басқа Универсал, Аралас,
Шаңырақтың сор топырақтарына қарағанда біршама жоғарылау екен. Ылғалдылықты
жақсы көретін бұл гүл, жарыққа қарағанда қара көлеңкені ұнатады екен (диаграмма-1).
Біздің тұжырымымыз бойынша Спатифиллум гүлі бақылау жүргізген уақыт
аралығында өз ерекшелігін көрсете алды. Өйткені Спатифиллум әр топырақта әртүрлі
өскенімен, аса қатты топырақ талғамайтын мәңгі жасыл көпжылдық өсімдік. Таңдалған
топырақтардың ішінде біз спатифиллум гүлін Талғардың құнарлы топырағында, әмбебап
топыраққа қарағанда жақсы өсетіне көз жеткізіп отырмыз.
Достарыңызбен бөлісу: