74
Экологиялық химия саласында экотоксиканттар деп қоршаған орта жағдайларына
тұрақты және улы болатын, организмде қауіпті деңгейдегі концентрацияда жинақтала
алатын заттарды айтады.
Табиғи ортада анықталуға жататын химиялық заттар
Анықталатын заттар
Ауа
Атмосфералық
тұнбалар
Су
Топырақ
Биота
O
2
,SO
2
,CO,CO
2
,NO, NO
2
фреондар,
көмірсутектер
+
Аниондар,
катиондар
*
+
+
Бензапирен
+
+
+
+
+
Ауыр металдар
+
+
+
+
+
Хлороорганикалық
қосылыстар
+
+
+
+
+
*
Сульфаттар, хлоридтер, нитриттер, нитраттар, фосфаттар, аммоний, кальций, магний,
калий, натрий.
Металдар Жер атмосферасына техникалық прогресс деңгейіне тәуелсіз, үнемі келіп
түсуде. Бір қызығы, өсімдік қабатынан металдардың эмиссиясы тас көмірді жағу
нәтижесінде атмосфераға келіп түсетін металдар мөлшеріне теңеседі екен. Мысалы,
орманның бір текше километрінен атмосфераға жыл бойына 9 кг мырыш пен 5 кг
қорғасын келіп түседі. Жер бетінен атмосфераға келетін металдардың шамамен мынадай
мөлшері (тонна/жыл) кестеде келтірілген.
кадмий
никель
мыс
қорғасын
мырыш
200
1600
1600
2500
9400
Ксенобиотиктердің – шаруашылық-іс-әрекеттің өнімдері, тағамдық қоспалар және
дәрілік құралдардың организмге артық мөлшерде келіп түсуі адам денсаулығына қатты
қауіп төндіреді, эндемиялық аурулар – қандай-да бір элементтің кейбір жағрапиялық
аймақтың топырағында, су қоймасында аномалды мөлшеріне байланысты ауруларды:
клеткалардың бұзылуына әкеліп, ісік процестері мен тұқым қуалаушылық ауруларды
тудыратын мутацияның пайда болуына себепкер болады.
Жоғарыда келтірілген тізімнен ең улы және кең таралған экотоксиканттар қатарына
1972 жылы өткен қоршаған ортаны қорғау туралы БҰҰ конференциясында баяндалған
металдар мен хлороорганикалық қосылыстарды жатқызуға болады.
Жапон елінің Минамата қаласында металдармен уланудың белгілі жағдайы жүрді.
1952 жылдан бастап осы қалада хлорлы винил және ацетальдегид өндіре бастады, ал 1953
жылдан бастан қала тұрғындарында менингит ауруына ұқсас: сөйлеу және есту
қабілетінің бұзылуы, ерін мен бұлшық еттерінің жансыздануы, координацияның өзгеруі
сияқты ауру белгілері пайда бола бастады. 1956 жылдан бастап бұл ауру эпидемиялық
сипат ала бастады. Ауырған 116 адамның 46-ы қайтыс болды. Зерттеулер көрсеткендей,
Минамата бұғазындағы балықпен мысықты тамақтандыру арқылы тағамдық уланудың
салдарынан осы аурудың пайда болу себебі анықталынды. 1957 жылы осы аймақта
балықты аулауға тиым салынды. Тек 1960 жылы ғана химиялық өнеркәсіптің ағынды
суларының құрамында метилртуть бар екені анықталынды. Алайда бұғаз суына улы
қалдықтардың төгіндісін тастау 1968 жылға дейін созылды.
75
Аналогты жағдай 1965 жылы Ниигата қаласында болды. 1975 жылы Жапонияда
зардап шеккендердің саны 798 адамға жетті. Өнеркәсіпке қатысты сот 5 жылға - 1968
жылдан 1973 жылға – созылды, зардап шеккендерге төлем ақының сомасы АҚШ 800
миллионов долларды құрады.
Қазіргі таңда атмосфераның және әлемдік мұхитты ластаушы қауіпті заттар тізіміне
20 металл кіреді. Оның ішінде үшеу – сынап, қорғасын және кадмий – ғаламдық
масшабтағы ластану көздеріне жатады. Осыған байланысты металл уларының қоршаған
ортадағы мөлшерін бақылау мәселесі пайда болады. Су және ауадағы металдарды анықтау
әдістерін игеру, металдардың қатысумен жүретін негізгі процесстерді білу, металмен
ластанудың негізгі көздері мен әртүрлі металдардың организмге әсерін білу қажеттілігі
туындайды.
Сынап – өте улы металл. Организмде жуықтап алғанда 13 мг сынап кездеседі.
Сынаптың организмге келіп түсудің негізгі көздері: су – 1 мкг/тәулік; ауа - 0,4 мкг/тәулік;
тамақ өнімдері – 5 мкг/тәулік; балық – 100-700 мкг/тәулік. Мысалы: жасы елуге
жақындағанда 1692 жылы Ньютон ауыр науқастанды. Ауру себебі белгісіз еді, бір жылдай
науқасы созылды. Осыдан кейін ол 33 жылдай өмір сүрді. Кейіннен зерттеушілер тобы
атақты ғалымның шашына сараптама жүргізу нәтижесі бойынша ондағы сынаптың
орташа концентрациясы нормадан 15 есе артық және 0,0075% -ға тең екенін көрсетті.
Химиялық сараптама Ньютонның 18 жыл бойына сынаппен жұмыс істеп, металмен
уланғанын негіздеді.
Металдардың токсикалық әсерін қарастырғанда оның организмге түсу формасын
ескеру қажет. Мысалы: сынаптың бір валентті хлориді (каломель Hg
2
Cl
2
) – нашар еритін
қосылыс және дәрілік құрал
ретінде пайдаланылады, ал екі валентті сынап хлориді (HgCl
2
)
– күшті у.
Алғашқы рет қоршаған ортаның металдармен ластану мәселесі 1938-40 жылдары
Швецияда себілетін тұқымдарды өңдеу үшін метилртутьхлоридті қолдана бастағанда
көтерілді. 50-60 жылдары Гана, Гваметала, Ирак, Пакистан елдерінде негізінен
ауылшаруашылығында сынаптың туындыларын қолдануға байланысты улану жағдайлары
жиі ұшырай бастады.
1972 жылы Ирак елінде гранозан – құрамында сынап бар пестицидпен өңделінген
дәнді дақылды тұтынған кейін 450 шаруа қайтыс болды.
Кадмий – организмге жат элемент. Жаңадан туылған сәбилерде жоқтың қасы, алайда
10 айдан кейін кадмий тағаммен түсе бастайды. Шамамен - 215 мкг/тәулік, адам
организмінде жуықтап алғанда 50 мг кадмий кездеседі.
Кадмий қорғаныш гальваникалық бөліктерде, бояғыштар мен электрлік техникада
пайдаланылады. Негізінен улану ауа мен суды өндірістік ластану нәтижесінде болады.
Кадмийдің жеткілікті жоғарғы мөлшері темекі түтінінде: 20 тал темекі құрамында 15-18
мкг кадмий бар. Сондай-ақ, кадмийдің біраз мөлшері устрица және басқа теңіз
өнімдерінде кездеседі. Оларды шектен тыс жеу сүйектің ауруы - «итай-итай» ауруына
әкеледі. Асқазан-ішек тракт арқылы түскен кадмий нашар сініріледі, алайда ол өкпе
арқылы организмге жеңіл енеді де адсорбцияланып, асқазан жарасын және қабынуларды
тудырады. Кадмий организмнен бөлініп шығуы қиын, сондықтан хелаттаушы
антидоттарды уланғаннан кейін жарты сағат ішінде қолдану қажет. Организмде кадмийдің
бөлініп кету механизмі жоқ болғандықтан, ол бүйрек пен бауырда жинақтала береді.
Кадмиймен улану бронхит, эмфиеза, анемия, бүйрек ұстамаларын тудырады.
Кадмиймен улану жағдайы Жапонияда 1968 жылы кездесті. Тау-кен байыту
комбинаты қалдықтарын өзенге тастай берген, ал өзен суларымен күріш егістіктерін
суғарған. Осы күрішпен тамақтанған шарулардың сүйектерінің сынуы күшейген, «итай-
итай» аурумен науқастанған шарулардың 50 % - қайтыс болған, ал қалғаны мүгедек болып
қалған.
Қорғасын – улы металл. Адам организмінде шамамен 120 мг кездеседі. Күн сайын
организмге тағаммен бірге 200-300 мкг қорғасын келіп түседі. Организмде қорғасынның
76
екі «депосы» тіршілік етеді: жұмсақ тканьдерде (жартылай кету уақыты жуықтап алғанда
– 20 күн) және сүйектерде (жартылай кету уақыты 20 жыл).
Қорғасынмен улану «плюмбизм» - анемияны тудырады, себебі гем синтезіне
жауапты ми сүйегінің ферменттерін ингибирлейді. Осыдан басқа, қорғасынмен
интоксикация нейрондарды зақымдай отырып, әсіресе жас балаларда энцефалопатияны
тудырады.
Зиянды қалдықтардың негізгісі қорғасын және т.б. ауыр металдар бөлінетін ірі
өндіріс алыптарының бірі - Қазақстандағы экологиялық қауіптілігі жоғары аймақтардың
бірі Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы «Южполиметалл» ӨК АҚ.
Қорғасын суда, топырақта және тірі организмдерде жиналып, қоректік тізбек арқылы
тасымалдана отырып адам ағзасына жиналады.
Қызылорда облысы, Шиелі ауданында жасөспірім балалардың 16-ы бір бүйрекпен
туылған, бұл мәлімет ауруханаға ауру белгілерімен келіп түскен науқастар бойынша ғана
анықталынып отыр.
Ауыр металдардың токсикалық улы эффектісі адам организмдегі ксенобиотиктер
биодеградациясына жауапты Р-450 цитохром синтезінің бұзылумен байланысты. Осы
жүйенің бұзылуы тканьдер мен органдарда экотоксиканттардың жинақталуына алып
келеді. Алайда цитохром Р-450 ксенобиотиктердің метаболизмінен басқа эндогенді
активті заттар-гормондар, катехоламиндер, Д тобынын дәрумендері, холестерин және т.б.
синтезіне қатысады. Сондықтан, олардың синтезінің бұзылуы немесе белсенділігінің
төмендеуі метаболизмнің өзгеруіне әкеледі.
Сондықтан қоршаған ортада ауыр металдардың таралу мөлшерін анықтап, олардың
адам организміне әсерін бақылау күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып
табылады.
Достарыңызбен бөлісу: