САРЫЕСІК АТЫРАУ ҚҰМДЫ АЛҚАБЫНЫҢ ЛАНДШАФТЫЛЫҚ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУЫ
Жакеева М., Сабамбаева Г.Б.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Аңдатпа
Мақалада Сарыесік Атырау құмды алабының ландшафтылық ағымдағы жағдайы,
экологиялық мәселесі қарастырылған. Сонымен қатар, Сарыесік Атырау аймағының
экологиялық
мәселесін
шешуде
Елбасының
ұсынған
«Жасыл
экономика»
бағдарламасының мәні мен маңызы қарастырылған.
Аннотация
В данной статье рассмотрено современное состояние ландшафтов песчаных
массивов Сарыесик Атырау,и их экологические . Также рассмотрена роль и значение
программы Президента Республики Казахстан «Зеленая экономика» для решения
экологической проблемы пустыни Сарыесик Атырау.
Annotation
In this article are mentioned current state of landscapes of sandy massifs Saryesik Atyrau,
environmental problems and in general information on this desert. The role and value of the
program of the President of the Republic of Kazakhstan «Green economy» is also considered for
the solution of an environmental problem of the desert Saryesik Atyrau.
Қазіргі кездегі экологиялық мәселелердің бірі – шөлді аймақтардың құмды
алаптарының жағдайы болып табылады. Сондай жерлердің бірі – Сарыесік Атырау шөлді
аймағы.
Сарыесік Атырау – Қазақстанның Алматы облысының құмды шөлі болып табылады.
Бұл құмды шөл Балқаш көлінің оң жағасында Балқаш-Алакөл шұңқырында орналасақан.
Іле өзені және тағы басқа Жоңғар Алатау бөктерінен ағатын өзендер қиып өтеді.
Сарыесік Атырау – ылғалдылық мөлшері жылына 120-140 мм.-ден аспайтын, ең
жаңбырлы деген жылдары ылғалдылық мөлшері әрі кеткенде 250 мм.-ге дейін ғана
жететін шөлді өлке. Жауын-шашынның сирек болуы кейде ондаған жылдарға созылып,
керісінше күннің ыстықтығы жерді қуырып жібереді. Онсыз да мардымсыз қылтиып
тұрған шөп атаулының ғұмыры тым қысқа – мал аузына іліккені құт, қалғаны күнге күйіп,
86
құрт түсіп тоз-тоз болады. Осыншалықты тозған жер барынша жараланғыш, қара жерді
осып тұрып екі рет жүріп өткен ауыр көліктің ізіне шөп өскенін көру үшін 5-10 жыл
күтуге тура келеді [1, 147 б].
Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластануы (Балқаш
мыс зауыты) және т.б. тұрақты жағдайға айналған. Сондай-ақ, Балқаш-Алакөл
аймақтарындағы өзгерістер Сарыесік-Атырау құмды алабының ландшафытыларының
геоэкологиялық жағдайына кері ықпал етіп отыр.
Осыдан көретініміз, ғылым мен техниканың дамуы және табиғи ресурстар қорының,
әсіресе биологиялық түрлілігі, шексіздемеуі адамдардың құмды алаптарды игеруіне себеп
болды. Ғылыми зерттеулер шөл және шөлейт аймақтарда мұнай, газ, бағалы металлдар
сияқты табиғи ресурстар қоры бар екенін көрсетті. Ал оларға деген сұраныс өсуде. Сол
себепті, ауыр техникалармен, өндірістік инструменттермен жабдықтала отырып, шөлді
аймақтардың экологиялық жағдайын бұзудамыз.
Мысалы, жолдар мен магистральдарды салу, қазбалы шикізаттарды өндіру, және
құрылыс материалдарын ашық әдіспен өндіру шөлді аймақтарда экологиялық мәселені
тудырады.
Шөлді аймақтардың ластануы өндіру кезіннен бастап, өңдеу, тасымалдау және
сақтау кезінде де байқалады. Шөлді аймақтардың құмды алаптарының ластануы дегеніміз
– шөлді аймақтың экологиялық жүйесіне тән емес компоненттердантропогендік әдіспен
енгізу жолдары.
Сондай-ақ Сарыесік Атырау құмды жерінің тағы бір экологиялық мәселесі –
өсімдіктер және жануарлар түрлерінің антропогендік әсер етуінен азаюы, жоғалуы.
Себебі, Сарыесік Атырау шөлді аймағында Қызыл Кітапқа енгізілген кейбір өсімдіктер
мен жануарлар түрі мекен етеді [2, 125 б].
Сонымен, жалпы негізі құмды алқаптар ландшафтары маңызды экологиялық мәселе
болып саналады, дәлірек айтсақ, оның күрделі құнарсыз шөлге айналуы. Бұл процесс
негізінен антропогендік факторлар әсерінен уақыт өткен сайын күшейіп келеді.
Қарастырылып отырған Сарыесік Атырау аймағында да байқалады, мысалы шөлдегі
бұталарды, сексеуілді кесу (әсіресе маңындағы ауылды аймақтар отынға қолданады), егін
шаруашылығына жарамсыз жерлерді жырту, ұзақ уақытқа мал жаю (әсіресе маңындағы
ауылды аймақтар), суландырудың әдістерін дұрыс қолданбау және сорлану және т.б. [3,
354 б].
Жалпы шаруашылыққа қолайлы аймақтардың шөлге айналу экологиялық мәселесі
тек Қазақстанда ғана емес, жалпы ғаламдық экологиялық мәселелердің бірі болып
саналады. Себебі, аймақтардың шөлге айналуы экологиялық және экономикалық
мағынада да елеулі теріс әсерде байқалады. Біріншіден, ол құмды алаптар ландшафтар
экожүйесінің бұзылуы, екіншіден, ол ауыл шаруашылығына экономикалық тұрғыдан да
зиян келтіреді. Үшіншіден, көптеген өсімдіктер мен жануарлар әлемі өздерінің үйреншікті
тұратын ортасынан айырылады.
Сондықтан, Елбасымыздың ұсынған «Жасыл экономика» бағдарламасы Сарыесік
Атырау құмды массивтері сияқты шөлді аймақтардың экологиялық мәселелерін шешуге
түрткі болары сөзсіз.
Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» стратегиясында: «Біз экологиялыққа баса
назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен
агроөнеркәсіптік кешеннің алдына – экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық
ойыншы болу міндетін қоямын» - деді [4].
Яғни, «Жасыл экономика» - мемлекеттің табиғатының экологиялық жағдайын
жақсартуға бағытталған жоба болып табылады. Немесе, табиғатқа пайда әкелетін және
көмек көрсететін экологиялық жүйе түріндегі жаңа технологиялар кешені болып
саналады.
Қалай болса да, «Жасыл экономика» - табиғи ресуртарды тиімді қолдану арқылы,
қоғамның аман-саулығын сақтауға бағытталған, сонымен қатар, өнімдерді қайта өндірістік
87
айналымға қайтаруды қамтамасыз ететін экономика болып табылады [5].
Сонымен қатар, Сарыесік Атырау құмды алабының ландшафтарының қауіптері
құмдардың ұшуы және тұзды шаңнын тасымалдауны болып табылады.
Сондай-ақ, бұл жерде құмды сулар деңгейінің азаюынан және аймақтың шөлге
айналуынан қарабарақ және жыңғылбас өсімдіктері құрып кетуде. Ал ақ сортаңдар
дефляциялық процесстерді күшейтеді. Мысалы, ұлу қабыршығынан құралған құмдар
өсімдіктердің ұласып өсуіне кедергі келтіреді, құмды жерлер сексеуіл алқаптарында
қалыптасады және т.б.
Жалпы Сарыесік Атырау құмды массивтерінің ландшафттарының жіктелуі күрделі
болып саналады. Егер класстарды таулы және жазық деп бөлетін болсақ, Сарыесік Атырау
жазық классқа жатады.
Сонымен, Сарыесік Атырау құмды алабы ланшафтыларының ландшафтылық
экологиялық жадайының бұзылуына себеп болған факторлар:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді
пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктср мен оны меңгерудің
ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Сарыесік Атырау аймағының экожүйесіндегі тіршілік
атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген
қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды.
Сарыесік Атырау өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялык апаттар нышаны
жыл өткен сайын көл суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге
жақын. Топырақтың тұздануы қарқындап келеді
Соңғы он жылда шабындық жердің деградациялық жағдайға ұшырауы 10% -ға
төмендеген. Бірақ, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік – Атырау және т.б. құмды
алаптардың деградацияға ұшырауы апаттық жағдай туғызуда.
Жалпы, құмдарға көлемі 0,05-2 мм болатын минералды бөлшектердің борпылдақ
жинағы жатады. Егер құмды жерлерді дұрыс қолданбаса, онда олар жел эрозиясына тез
ұшырайды және қозғалмалы құмдарға айналады. Сондықтан, әуелі құмды массивтерде
жел эрозиясынан қорғау керек, ал бос қозғалмалы құмдарды ауыл шаруашылығына
пайдалы жерлерге айналдыру керек, яғни, фитомелиорация жұмыстарын жүргізу қажет.
Құмды массивтер жаңа аумақтарды жаулап алып, құнарлы жерлерін жарамсыз
жерлерге айналдыра алатын қаупі бар. Ал құмды аумақтар – шаңды жел мен ыстық
желдің пайда болу көзі болып табылады.
Сонымен, Сарыесік Атырау құмды алаптар ландшафтылығын тиімді қолдану
энергетикалық базаның дұрыс дамуына байланысты. Себебі, сонымен қатар, энергия әр
түрлі пайдалы қазбалар өндіру үшін және оларды өңдеу үшін қажет.
Әсіресе, шөлді аймақтарда қолайлы қолдану үшін электр жабдықтарының жаңа
үлгілерін жасап отыру қажет. Сарыесік Атырау шөлінің экологиялық жағдайын талдауда
көп назар күн және жел энергиясын кеңінен қолдануға бөлінеді. Ғалымдар күн
энергиясының 10%-ға дейін жылу және 14%-ға дейін электр энергиясына фото- және
термоэлементтер арқылы айналуын дәлелдеген болатын.
Мұндай күн және жел энергиясын қолдану құмды массивтер аймақтарындағы
кішкене ауылдарға шаруашылық және тұрмыстық қажеттіліктерінде қолдану үшін
маңызды. Күн энергиясын суықты, су буын және қайнауын, жарықтандыру және басқа да
мақсаттар үшін кеңінен қолдануға болады.
Сонымен, осындай күн және жел энергиясын халық шаруашылығы қолдану – ең
жақын арада шөлді массивтер ландшафтылық экологиясы үшін ең маңызды
тапсырмалардың бірі.
|